Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Каратэ Шинкиокушинкай бойынша «Армандар фестивалі» атты халықаралық турнирі
Каратэ Шинкиокушинкай бойынша «Армандар фестивалі» атты халықаралық турнирі
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
27-06-2018 17:01
Каратэ  Шинкиокушинкай бойынша «Армандар фестивалі» атты халықаралық турнирі
2018 жылдың 23-24 маусымында Токио қаласында (Жапония) Каратэ Шинкиокушинкай бойынша «Армандар фестивалі» халықаралық турнирі өтті. Осы турнирде әлемнің 30 елінен келген 3200 –ге жуық спортшы өнер көрсетті. 
Шығыс Қазақстан облысынан турнирге «Шығыс Қазақстан облысының каратэ Шинкиокушинкай федерациясынан» Тоқсанбаев Жанболат Еділұлы және жаттықтырушы Искаков Айбол Серікболұлының басшылығымен 20 спортшы қатысты.
Турнир өте жоғары деңгейде өтіп, спортшылар өздерінің жақсы дайындығын көрсете білді. Спортшылар Нұрбосынов Айдын және Шотабаев Дархан жақсы нәтиже көрсетіп, екі күміс медальды жеңіп алды. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі