Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Семей қаласында бірқатар бұқаралық-спорттық шаралар өткізілді
Семей қаласында бірқатар бұқаралық-спорттық шаралар өткізілді
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
20-08-2018 16:15
Семей қаласында бірқатар бұқаралық-спорттық шаралар өткізілді
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығының негізінде Қазақстанның спорттық қоғамы тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін мерекелейді. Осы жылы 12-19 тамыз аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған бірқатар спорттық шаралар өткізілді.
Бұл күндері қаладағы орналасқан барлық спорттық ғимараттармен нысандар жұмыс істеп тұрды. Өздерінің күш – жігерлерін кәсіпқой спортшылардан басқа, қала тұрғындары да көрсете білді. Салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілік өткізілетін жарыстарды көруі үшін, барлық іс-шаралар таза ауада өткізілді.
12-13 тамыз күндері таэквон-до ИТФ бойынша балалар және жасөспірімдер арасындағы ашық қала чемпионаты өтті. 
17 тамызда № 15 жалпы білім беру орта мектебінде Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Спортта шекара жоқ» атты спорттық шаралары өткізілді.
18 тамызда Әуезов алаңында армрестлингтен және гір спортынан абсалюттік салмақ дәрежесі бойынша жарыстар өтті.
Ескі аэропорт ауданындағы мототрассада авто дауыс және мото кросстан қала чемпионаты өтті.
Тұрлыханов даңғылындағы ұйымдастырылған кіші марафон бұаралық жағынан көрінді. Марафонда жүгіруге 11 ден – 70 жасқа дейінгі аралықтағы қатысқысы келетіндер ниет білдірді. Оның ішіндегі тез келгендері бағалы сыйлықтарға ие болып, жүлделер жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлінді. 
19 тамызда орталық саябақта классикалық штанганы жатып сығымдаудан жарыс өтсе, Абай атындағы мұражайда дойбыдан қала чемпионаты өтіп, барлық ниет білдірген қала тұрғындары қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында пара пауэрлифтингтен және тоғызқұмалқтан жарыстар ұйымдастырылды. 
Ал 25 тамыз келесі сенбі күні «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері және атқарушы органдар қызметкерлері командалары арасындағы футбол бойынша жыл сайынғы дәстүрлі жарыс, спорт ардагерлерін құрметтеу рәсімі өтеді. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі