Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Ауылдық округтер арасында спартакиада өткізілді
Ауылдық округтер арасында спартакиада өткізілді
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
18-10-2018 15:50
Ауылдық округтер арасында спартакиада өткізілді
2018 жылдың 13-14 қазанында «Спартак» стадионында және № 17 жалпы білім беру орта мектебінде елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған ауылдық округтер арасындағы спартакиаданың ақтық жарыстары өтті. Жарыстар спорттың сегіз түрінен өтті. Олар: шағын-футбол, волейбол, жеңіл атлетика, арқан тарту, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, гір спорты. Жарыстарға барлық ауылдық округтер қатысты.
Жалпы командалық есеп бойынша келесі орындарға ие болды:
1 орын – Достық ауылдық округі;
2 орын – Новобаженово ауылдық округі;
3 орын – Ертіс ауылдық округі.
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі