Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Киокушинкай каратэ-до (KWF) бойынша ІІ Әлем чемпионаты
Киокушинкай каратэ-до (KWF) бойынша ІІ Әлем чемпионаты
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
09-11-2018 11:44
Киокушинкай каратэ-до (KWF) бойынша ІІ Әлем чемпионаты
2018 жылдың 3-4 қарашасында Астана қаласында Киокушинкай каратэ-до (KWF) бойынша жасөспірімдер, юниорлар, қыздар, ерлер және әйелдер арасындағы ІІ Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 27 мемлекеттен келген 900 спортшы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 11 спортшы қорғады.  
Турнирдің қорытындысы бойынша біздің спортшылар әлем чемпионатының бір алтын және екі қола медальдарын жеңіп алды. 16-17 жас ерекшеліктері бойынша 75 кг. салмақ дәрежесінде Берікұлы Әли (Семей қаласы) қола медальды жеңіп алса, 18 жастан жоғары ерлер арасында біздің құрама команда есебіне тағы бір қола медельды Ботабаев Сержан (Семей қаласы) ұтып алды. 90 кг. салмақ дәрежесінен жоғары спортшылар арасында Яковлев Илья (Өскемен қаласы) абсолюттік чемпион атанды. 
Жеңімпаздармен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі