III ашық қалалық Спартакиада
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
29-11-2019 10:57
III ашық қалалық Спартакиада
III ашық қалалық Спартакиада
 
2019 жылдың 25 қарашасында дене шынықтыру және спорт бөлімінің жалпы басшылығымен Семей қаласының ЖОО және ТжКБ оқытушылары мен қызметкерлері арасында пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша III ашық қалалық Спартакиада өткізілді. 
Жарысты тікелей дайындау басты төрешілер алқасына жүктелді. Жарыстың негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау және барлығына патриоттық сезімді тәрбиелеу. Жарыс "Жас Қанат"ЖМК базасында өтті. Жарысқа 8 команда қатысты.
Кезеңдерде жүлделі орындарға ие болған қатысушылар грамоталармен, медальдармен марапатталды,жалпы есепте жеңімпаздар дипломдармен және кубоктармен, медальдармен марапатталды. Жарыс жарақатсыз достық жағдайда өтті.
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі