Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Туризмді дамыту бойынша жауапты мамандармен кездесу
Туризмді дамыту бойынша жауапты мамандармен кездесу
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
06-12-2019 17:45
 Туризмді дамыту бойынша жауапты мамандармен кездесу
 Туризмді дамыту бойынша жауапты мамандармен кездесу
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімінде Семей қаласына қарасты ауылдардың туризмді дамыту бойынша бекітілген жауапты мамандардың қатысуымен аймақтағы ауылдарда туризмді дамыту бойынша кездесу өтті.
Бұл жиынға  Жиенәлі, Айнабұлақ, Достық, Көкентау, Новобаженова, Озерка, Приречный ауылдық округтері мен Шаған, Шүлбі кенттерінің мамандары қатысты.  
Кездесу барысында 2019-2025 жылға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы түсіндірілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы экономиканың басым салаларының бірі болып табылады. Белгілі болғандай, отандастарымыздың 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Сондықтан ауыл туризмін дамыту және ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. 
Кездесудің қорытындысында ауылдық округтердің жауапты мамандар тарапынан ауылда туризмді дамыту және ауылға қонақтар мен туристерді тарту мақсатында бірқатар іс-шаралар ұсынылды.
 
 
 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі