Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » "Восточный" атты-спорттық кешенінің ресми ашылуы
"Восточный" атты-спорттық кешенінің ресми ашылуы
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
19-12-2019 09:07
 "Восточный" атты-спорттық кешенінің ресми ашылуы
 
Бүгін дене шынықтыру және спорт бөлімі  туризмді дамыту секторы мен жеке кәсіпкер Ж. Т. Ахметбаевамен бірге Восточный кентінің 6-шы саяжай ауданында "Восточный" атты-спорттық кешенінің ресми ашылуын ұйымдастырды.
Бұл кешеннің мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс күнін ұйымдастыру болып табылады. Мұнда салынған бағыт бойынша нұсқаушымен бірге аттарда, шанаға жегілген иттермен серуендеуге, 
сондай-ақ төбешіктен сырғанауға және дәмді тағамдар жеуге болады.
Сонымен қатар, "ерекше" балаларға арналған иппотерапия қызметі де бар.
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі