Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Қаланың аға буын өкілдерінің арасында шахматтан жарыс өтті
Қаланың аға буын өкілдерінің арасында шахматтан жарыс өтті
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
22-01-2020 10:20
Қаланың аға буын өкілдерінің арасында шахматтан жарыс өтті
Қаланың аға буын өкілдерінің арасында шахматтан жарыс өтті
 
Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұйымдастырылған Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының оқу залында қаланың аға буын өкілдерінің арасында 15 мен 17 қаңтар аралығында шахматтан жарыс өтті.
Чемпионатты бірнеше дүркін қала және облыс чемпионы, спорт және еңбек ардагері М.Ф. Лукиннің  90-жылдығына арнады. Аталған іс-шараға 63 жастан асқан ардагерлер қатысты. Жарыстың бас төрешісі жоғары ұлттық дәрежедегі төреші В. Л. Сороко болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік медальдармен марапатталды.
 
 
 
«Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ