Акимат » Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2017 жылғы 1 қазанға іске асырылуы туралы ақпарат

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2017 жылғы 1 қазанға іске асырылуы туралы ақпарат

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2017 жылдың III тоқсанына іске асырылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2015-2019 жылдар арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгені құрайтын жобалардың толық  жобалық қуаттылық шығуы кезеінде 772 астам жұмыс орнын құрумен 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

2015-2016 жылдар аралығында қала бойынша екі инвестициялық жоба жүзеге асырылды: «Семей асбестцемент бұйымдар зауыты» ЖШС «Автоклавты газбетон өндірісі» және «Фирма «Азия» ЖШС «Электр желілері бағандарын өндіруді ұйымдастыру» , 36 жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 100,8 тонна эмаль сымдары қуаттылығымен, 4 жұмыс орнын құрумен «Казэлектромаш» ЖШС «Эмаль сымдарды өндіретін жабдықтар паркін жаңарту» инвестициялық жобасын іске қосу жоспарлануда.

Бизнестің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі, қаржы ресурстарына қол жетімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Білім беру жүйесінде ҚР 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады.

2017 жылы білім беру саласын дамытуды қаржыландыру көлемі
12,8 млрд. теңгені құрады, 2016 жылы – 12,2 млрд. теңге, 2015 жылы – 9,2 млрд. теңге, үш жыл ішінде қаржыландыру көлемі  27 % пайызға артты.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Қаласында 48 балабақша (оның ішінде 16 мемлекеттік, 32 жеке меншік), 43 мектеп жанындағы шағын-орталықтар қызмет етеді.

Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдар белсене дамуда, соңғы 3 жылда 22 ұйым ашылды, ал 2016 жылы – 7 ұйым.

Ағымдағы жылы №13 ОББМ 50 орынға толық күн болумен 2 шағын-орталық тобы ашылды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен 10275 бала (73%) қамтылды, 3 жастан 6 жасқа дейін -  8023 бала, бұл 96% құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте – 11509 бала тұр: 1 жастан 3 жасқа дейін   – 10477 бала, 3 жастан 6 жас аралығында – 1032 бала.

Қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы 500 орынға келесі жеке меншік бала-бақшаларда орналастырылды: «Нарута» - 85 орын; «Асыл Жібек» - 25 орын, «Балдырған» - 75 орын, «Балбала» - 30 орын, «Айназ»- 25 орын, «Аленушка» - 15 орын, «Айым» - 100 орын,  «Ай Іскер» -25 орын, «Сәтті» – 29 орын, «Нұрдәулет» - 6 орын, «Акбулак» - 15 орын, «Балажан» - 70 орын.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша  640  орынға 2 балабақша салыну жоспарланған: Қарағайлы кентінде -320 орынға, Ұшақтар кентінде -320 орынға. Сонымен қатар 735 орынға 6 жеке меншік балабақшалардың ашылуы жоспарлануда: Юность көш., 70 мекенжайдағы «Ертан -1» балабақшасы– 240 орын, Спартак көш., 24 А  мекенжайдағы «Baby Care»  балабақшасы– 275 орын, Акмолинская көш., 23 «Г» мекенжайдағы «Panda child» шағын орталығы - 60 орын, Березовский кентіндегі «Әміржан» шағын орталығы – 50 орын, Бөгенбай батыр көшесі 98 мекенжайдағы «Гульназ»  шағын орталығы – 50 орын, Гоголь көшесі 86 мекенжайдағы «Нурай»  шағын орталығы – 60 орын.

Жалпы орта білім беру

2017 жылғы 1 қазанына қала мектептері желісі 43463 бала санымен 66 білім беру ұйымын құрайды.

Мектеп немесе сәйкес үлгідегі мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуы үшін жағдайлар туғызу мақсатында 1102 оқушы үшін тасымал ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін білім беру мекемелеріне 75 858,0 мың тенгеге 10 автокөлік сатып алынды.

Болжам бойынша орта есеппен оқулықтармен қамтылу 2017- 2018 оқу жылы 99% құрайды.

Облыстық мәслихат сессиясыың шешімімен «Дарынды мектеп» кешенді жоспары бекітілді: «№ 40 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ «Шығыс Ұландары» кадет сыныптары,«№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ«Зияткер»  иженерлік сыныбы, «№ 23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ спорт сыныптары, № 1 «Арман ясли-бақшасында «Ой ойнакабинеті, «Семей қаласының № 37 гимназиясы» КММ  К. Битибаеваның зертханасы ашылды.

«Ұлт жоспары: институционалдық бес реформаны іске асыру бойынша 100 қадамның» 79 қадамын іске асыру аясында үштілділікті дамыту бойынша 2015-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірленді. Бағдарлама бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің 80% курстардан өтті. Қазіргі уақытта политехникалық цикл мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту басталды.

Тілдерді тереңдетіп оқыту үшін Cambridge University Press баспасының ағылшын тілі оқулығы, Оразбаев редакиясының қазақ тілі оқулығы, Хамраева редакциясының орыс тілі оқулығы сатып алынды.

Білім беру ұйымдары мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша шаралар қабылдайды, ыстық тамақ 58 қала мектебінде ұйымдастырылған, ыстық тамақпен қамту 100 % өсті. Әлеуметтік қорғалмаған санатқа жатқызылған барлық балалар (5841 бала) ыстық тамақпен қамтылған.

Кадрлық қамтамасыз ету

Қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінде 4422 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 3979 (90%) жоғары білімді, 441 (10%) - орта білімді.
3-деңгейлі курстарды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде 742  педагог оқыды.

2017-2018 оқу жылы 92 жас маман жұмысқа қабылданды, оның ішінде 83 – қала мектептеріне және 9 – ауыл мектептеріне. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша екі педагогке ауылда баспана алуға жалпы сомасы 6,8 млн. теңгеге несие бөлініп және 5 маманға республикалық бюджет есебінен 794 150 теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

ҚР білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 1 сыныптарда сабақ беретін 445 мұғалім (97%) біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Қосымша білім беру

Қала аумағында 11 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, онда 514 үйірме және секция бар.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар контингенті, қала мектептерінің үйірмелері мен секцияларындағы қамтылу оқушылардың жалпы санынан алғанда 33 528 адамды немесе 81,4 % құрайды.

2017 жылы жазғы демалысқа қала бюджетінен 15  млн. теңге бөлінді, оның ішінде тегін жолдамаларға – 10,5 млн. тенге.

«Жаз-2017» Қалалық бағдарлама құрылып, берілген бағдарлама бойынша  іс шаралар жасалды, қала сыртындағы лагерлерде балаларды қабылдау бойынша қалалық комиссия құрылды.

Семей қаласында 3 қала сыртындағы лагерлер қызмет етеді: 300 орынды тіл жүйесі бағытындағы «Түрксібке 50 жас», 80 орынды шығармашылық бағытында «Жас қанат», 120 орынды спорттық-туристік бағытындағы «Радуга». 3 лагердегі жаз кезіндегі қамтылуы 2000 бала мен жасөспірімдерді құрайды.

Күндізгі мектеп жанындағы 62 лагерьде балалар спорттық, ойын-сауық іс шаралармен бос уақытын ұйымдастырды.

Балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында «EXPO-2017» Халықаралық көрмесіне жалпы білім беру мекемелерінен 3031оқушы барды, соның ішінде әлеуметтік қорғалмаған санатқа жатқызылған 2606 бала, дарында оқушылар – 425, ұстаздар саны – 2300.

30 мектепте «Мәңгілік ел» кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттер балалар үшін патриотизм орталығы болып табылады.

Білім беруді ақпаратттандыру - «е –learning» электронды оқытуы

Интернет желісіне қол жетімділігі бар мектептер үлесі 100 %, оның ішінде 81,5% - кең жолақты қол жетімділігімен.

Жалпы орта білім беретін 66 ұйымның 51 (70%) интерактивті жабдықтары бар, интерактивті тақтаның жалпы саны 117 бірлік.

 1475  педагог (36,6%) ақпараттандыру және білім сапасын бағалау Орталығы базасында біліктілікті арттырудың курстық дайындығынан өтті. 2016 жылдан бастап барлық білім беру мекемелері «Білім Медия» цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеп бастады, онда барлық пәндер бойынша интерактивті білім беру материалдары бар. Сондай-ақ 2016 жылдан бастап 30 мектеп «Kyndelik.kz» пилоттық жобасымен жұмыс бастаса,қаланың 35 мектебі «е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша жұмысты  жалғастыруда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қаладағы тілдерді дамытуға байланысты іс-шаралар Қазақстан Республикасының   «Тіл туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына»сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың  ІII  тоқсанында  34 іс – шара өткізілді. Олардың  ішінде: 3 фестиваль,  8 конкурс, 9 дөңгелек үстел, 6 олимпиада,  2 айлық және  6 ономастикалық жұмыс тобының   отырысы өтті.

Үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  «Тіл- парасат» жүргізушілер  конкурсы, өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуден «Тіл-халық жанын танудың  кілті» олимпиадасы, О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Алаш туы астында» атты ақындар мүшәйрасы, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»» тілдер фестивалі, өзге ұлт жастары арасында «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» байқауы, «Тілдер шеруі» айлығы, «Тіл шебері» байқауы, «Полиглот» олимпиадасы өткізілді.

2017 жылғы 25 қаңтар- 25 ақпан аралығында ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерін реттеу мақсатында «Есімің мен тегің- сенің ұлттық келбетің» айлығы ұйымдастырылды. Айлық Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орайластырып өткізілді. Шара барысында АХАЖ бөлімі мамандарының қатысуымен  жалпы білім беру мектептерінде  дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, аталған Жарлықты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру және жарнама мазмұнының дұрыс болуын қадағалау мақсатында облыстық «Қате жарнамаға жол жоқ!» айлығы өткізілді. Айлық аясында қоғамдық ұйымдардың, белсенді жастардың қатысуымен рейдтер ұйымдастырылып, 160 нысан тексерілді. Көрнекі ақпараттардағы олқылықтарды жою бойынша бөлім мамандары тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, қалада 2013 жылдан бастап қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс жасайды. 2016-2017 жылғы оқу жылының III тоқсанда орталықтың тыңдаушылар саны: мемлекеттік тілде -236, орыс тілінде-60, ағылшын тілінде-81 адам. Достық үйі жанындағы 18 этно-мәдени орталықтың төртеуінде (орыс, неміс, еврей, татар) ұлттық тілдерін  оқыту мақсатында жексенбілік мектептер ұйымдастырылған.

Қала әкімінің аппараты мен дербес бөлімдердегі құжат айналымының мониторингіне сәйкес, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлес салмағы   99,9 % құрайды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет негізгі әлеуметтік маңызы бар сырқаттардан науқастану және өлім-жітімді төмендетуге бағдарланған.

2017 жылдың 9 айы ішінде туберкулезден сырқаттану 6% төмендегені байқалады. Туберкулезден өлім-жітім 26 % (2017 жылдың 9 айында 100 мың халыққа шаққанда - 2,6; 2016 жылдың 9 айында - 3,5) төмендегені байқалады.

2017 жылдың 9 айы ішінде ана өлім-жітім -21,8 промилль, 2016 года -0.

Нәрестелік өлім-жітім 2017 жылдың 9 айы ішінде 58 % (2017 жылдың 9 айында - 5,2 промилль, 2016 жылдың 9 айында - 8,9 промилль) төмендеді.

Онкологиялық сырқаттардан өлім-жітім 2017 жылдың 9 айы ішінде 10 % (2017 жылдың 9 айында - 92,9; 2016 жылдың 9 айында - 102,5) төмендеді.

Онкологиялық науқастарды анықтау бойынша ұлттық скринингтеу бағдарламасын енгізу сырқаттануды 5% төмендетуге мүмкіндік берді.   

Кардиохирургия бөлімшесін ашу қан айналымы жүйесінің сырқаттарын тұрақтандыруға мүмкіндік берді (2017 жылдың 9 айында 100 мың халыққа шаққанда – 165,1).

2017 жылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жақсарту және медициналық жабдықтармен жарақтау бойынша ШҚО әкімі Д. Ахметовтің теңдессіз бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Облыс әкімімен дәрігерлер мен орта медициналық жұмысшыларды оқытуға 44 196,4 мың. теңгеден астам бөлінді.  

Мамандардың біліктіліктерін арттыру мақсатында, басымды бағыттар бойынша оқыту жүргізілуде: ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық және травматологиялық қызметтер.

Мемлекеттік медициналық университет базасында 2017 жылы: І деңгейге 313 маман оқытылды. Одан әрі қала медициналық ұйымдарының мамандарын орындарда вертикалды оқытумен шетелдік клиникалардағы халықаралық стандарттарға сәйкес ІІІ деңгей оқуына 23 маман жолданады (Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Өңірлік онкологиялық диспансер, Перинаталдық орталық).

Осы бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражатынан 2 075 467,7 мың. теңге сомасына Өңірлік онкологиялық диспансерді және Семей қ. Перинаталдық орталығын медициналық жабдықтармен жарақтау жоспарланған – 419 бірлік медициналық жабдық.

2017 жылдың тамызынан бастап Семей қ. Консультативтік-диагностикалық орталығы мен Жедел медициналық жәрдем ауруханасында денсаулық сақтау медициналық ақпараттандыру жүйесін (МАЖ) енгізу бойынша пилотты жоспарды жүзеге асыру басталды. Әкімшілік баспасөз орталығында БАҚ және телевизиялық арналардың қатысуымен бірқатар брифинг, дөңгелек үстел және семинар өткізіліп, онда журналисттердің қойған барлық сұрақтарына жауаптар берілді.   

2017 жылдың 25 маусымынан халыққа паллиативтік жәрдем көрсету үшін «Семей қаласының Хосписі» КМҚК қызметін бастады.

"Ұлт жоспарын 100 нақты қадам" жоспарын  іске асыру шеңберінде  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бойынша Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді бойынша, мемлекеттік саясат жүргізіледі.

2017 жылдың ақпан - қыркүйек айларында жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлермен, нотариустермен, медиаторлармен, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарын енгізуге бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ІІ кезең жүргізіліп жатыр.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы спикерлердің тізімі қала бойынша бекітілді, (20 спикерлер). Спикерлердің халықпен 50-ден астам кездесу өткен 6 мыңнан астам адам қамтыған.

Осы жоспар-кестеге сәйкес кәсіпорын қызметкерлерінің арасында кездесулер өткізілді. 4 ірі кәсіпорындарда 224 адам қамтитын кездесулер  өткізілді (ЖШС "Қаражыра" – 60 адам, "ФИК Алел" АҚ – 11 адам, "СемАз" ЖШС – 120 адам, ЖШС "Казахцемент" - 33 адам).

Баспасөз әкімшілік орталығында бірқатар брифингтер, "дөңгелек үстелдер" мен семинарлар, БАҚ және теледидар арналарын қатысуымен өткізілді, оларға журналистермен барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

"Медиа-жоспарына сәйкес түсіндіру роликтер теледидарларда, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар дисплейде көрсетілім ұйымдастырылған: адамдар  анағұрлым көп баратын 15 орындарында 30 дисплей тәулігіне 50 рет қайталау, (ХҚО, жоғары оқу орындарында, орта оқу мекемелерде, теміржол және автобекеттерде, базарларда, сауда үйлерінде), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық стендтер орналастырылған.

"Қазақстан-Семей" және "ТВК-6" телеарналарында бейне-роликтер, "Радио 7-де"  аудио-роликтер, "Семей таңы", "Вести Семей", "Спектр" газеттерінде мақалалар, қала әкім ресми веб-сайтында ақпараттар орналастырылған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша фойеде, холлдарда, стационарлар мен қала емханалардың күту орындарында да бейнероликтер көрсету жүргізіледі, ақпараттық стендтер орналастырылып, ақпараттық – материалдар таратылды.

Әрбір медициналық ұйымның сайтында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша айдары құрылған.

2017 жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында ақпараттық түсіндірме нүктелік жұмысының ІІІ кезеңі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық пен белгісіз мәртебесі бар халықтар арасында өткізіледі (белсенді емес халық, бейресми жұмыссыздар, қалған азаматтар санаттағы).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу бойынша жұмыс жүргізу жалғасуда және тұрақты бақылауда.

         Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы жасалды және 2017 жылдан бастап іске асуда.

Бағдарламаның басты бағытты индикаторлары еңбек өнімділігінің өсімі, ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі, өндірілген тауарлардың экспорт көлемінің өсуі, импорттық тауарлардың көлемінің төмендеуі.

Бағдарламаның міндеттері ауыл шаруашылығы кооперацияларын ұйымдастыру, отандық өнімді экспорттау және ішкі сауданы толтыру, қаржылай мемлекеттік қолдауды пайдалану, жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өндірісін техникамен қамтамассыз етуді жоғарлату, сауда-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту болып айқындалды.

Қала АӨК саласында 8 айда осы бағдарлама бойынша төмендегідей көрсеткіштерге жетті:

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы физикалық көлем индексі 102,6 пайызды құрады. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 22 100,6 млн. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың көлемінен 2 863,9 млн. теңгеге артық.

 Осы кезеңде қаладағы тамақ өндірісі кәсіпорындары 19 921,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді. 24 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Коопертивтің құрамында 727  адам бар. Қызметтің негізгі бағыттары: мал шаруашылығын дамыту (бордақылау, мал сою, мал басын көбейту, мал жаю, асылтұқымды селекция жұмыстары).

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығынын мемлекет субсидия түрінде қайтаруда. Мал шаруашылығында өнімнің сапасымен өнімділігін арттыруда 9 айда 428,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында 81,3 млн. теңге субсидия төленді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  28 маусымдағы №728 қаулысымен 2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілді.

Ауылдық аймақтарды дамыту бойынша бағыттарының бірі жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылық қолдау болып табылады.

Жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде Семей  қаласы бойынша келесі ауылдар таңдалды:

-         орташа даму әлеуетті: Новобаженова а., Знаменка а., Қайнар а.

-         жоғары даму әлеуетті: Приречное а.

1.  Приречное ауылы жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Приречное ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ауылда 1437 адам тұрады. «Приречное ауылдық округінің Приречное а. белсенді даму алаңын жайластыру» жобасы бойынша жалпы сомасы 1 818,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.

2.  Новобаженова ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Новобаженова ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1878 адам тұрады. «Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 4 623,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.

3.  Знаменка ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Знаменка ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1415 адам тұрады. «Знаменка а. Е. Альжанова көшесі бойынша белсенді даму алаңын жайластыру» жобасы бойынша жалпы сомасы 2 186,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.

4.  Қайнар ауылы орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетті, Қараөлең ауылдық округінің орталығы және тірке ауылды елді мекен болып табылады. Ауылда 1564 адам тұрады. «Қайнар а. мәдениет үйі» КМҚК татырды ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 6 701,0 мың теңгеге қаражат бөлінді. «Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша жалпы сомасы 4 359,0 мың теңгеге қаражат бөлінді.

 «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Бірыңғай бағдарламаның іске асуынан бастап Семей қаласы бойынша жалпы сомасы 4 406,3 млн. теңгеге 51 жоба бойынша қолдау көрсетілді, оның ішінде 3931,7 млн. теңгеге 43 жоба субсидияланды және 61,2 млн. теңгеге 6 кепілдік берілді және жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу бойынша жалпы сомасы 413,2 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылуда.

Жобалардың іске асу барысында 2017 жылдан бастап кәсіпорындарда 85 аса жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жобалар экономиканың әртүрлі салаларында іске асуда: өңдеуші өнеркәсібінде – 7, көлік және қоймалау саласында – 11, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде – 9, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 12, білім саласында – 2, көтерме және бөлшек саудада – 7, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 1.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатысуға тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен (КҚКО) 2017 жылдың басынан бастап 1914 аса кеңестік қызметтер көрсетілді.

Қаржылық емес қолдау Біріңғай бағдарламасының төртінші бағыты аясында «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-кеңесші-2», «Жаңа бизнесті ашуға қолдау», «ШОБ топ-менеджментін оқыту» АҚ базасында «Назарбаев Университеті», «Іскерлік байланыстар», «Жас кәсіпкер мектебі», «Аға сеньорлар» жобалары бойынша оқу өткізіледі. Барлығы оқудан 1558 адам өтті, оның ішінде 2017 жылдың басынан бастап 164 адам.

Жаңа потенциальдық жоба және бизнес – идеялары бар кәсіпкерлерді  тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында 48 ақпараттық материал орналастырылып, қалалық телеарналардан 16 сюжет көрсетілді.

2017 жылдың басынан бастап дербес бөлім басшылары, мемлекеттік бақылаушы органдар, қоғамдық бірлестіктер,  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің және қала кәсіпкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселесі бойынша келесідей тақырыптарға 41 кеңес (кездесулер, дөңгелек үстел) өткізілді.     

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Мемлекет Басшысы Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынорындау мақсатында, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметімен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданды.

Ағымдағы жылдың 9 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 7913 адам қамтылды. Оның ішінде, 3259 адам - жұмыссыздар санаты бойынша, 1757 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, 2897 адам - жұмыс іздеуші тұлғалар.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту)  мамандықтар және бейімділігінің еңбек нарығы сұранысы бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1826 адам қарастырылған. Олардан техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 404 адам; қысқа мерзімді курстарға 1422 адам, оның ішінде  бірінші транш бойынша 450 адам, олардан 100 адам – арнайы жобалар бойынша; екінші транш бойынша 972 адам.

Ағымдағы жылдың 9 айында техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 403 адам жіберілді, жылдық жоспар 404 адам.

Қысқа мерзімді курстарға 1353 адам жолданды. Олардан, бірінші транш бойынша - 500 адам, жылдық жоспар 450 адам, оның ішінде 74 адам арнайы жобаларға (жылдық жоспар 70 адам), екінші транш – 853 адам, жылдық жоспар            972 адам.

Бағдарламаның екінші бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) ағымдағы жылдың 9 айында Жұмыспен қамту орталығына шағыннесиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 147 адам, олардан 45 - іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге және 102 – өз ісін ашуға, оның ішінде 57 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 90 - қаладан.

Өтініш берген 147 адамның ішінен 76 адам кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан өтіп сертификат алып алғандар, олардан 47 адам - «Бастау – Советник» бағдарламасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы, «Даму» Қоры арқылы 15 адам  кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан өтті, 14 адам бұрындары оқуды аяқтап сертификаттар алғандар.  Қалған 71 адам бойынша  «Даму» Қоры арқылы  оқудан өту үшін кесте құрылуда.

2017 жылы Семей қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын несиелік қаражаттар беру жоспарланған, бұл «Даму» КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылады. «Даму» КДҚ АҚ және екінші деңгейдегі банктер: «Халық банкі», «Сбербанк», «АТФ Банк» және «НұрБанк» арасында келісімшарт бекітілді. Осы уақытта несиелендірудің ішкі тетіктері реттелуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 6157 қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу көрсетілді, оның ішінде 4892 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 334 адам, жастар тәжірибесіне 545 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты, қоғамдық жұмыстарға 386 адам жұмысқа орналасты. Саны 16 адамды құрайтын, 5 этникалық қазақ отбасыларын қоныс аударуға 1,3 млн. теңге сомасында субсидия төленді.

Бекітілген кестеге сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, «Өрлеу» жобасының кеңесшілерімен, ауыл шаруашылығының мамандарымен бірлесе, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын, «Өрлеу» жобасын және арнайы әлеуметтік қөмегінің жаңа үлгісін түсіндіру бойынша ауылдық округтерге бару іске асырылып жатыр.

 
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
 
 

2016 жылға мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат
 
 
2015 жылға мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат
Өңдеу күні: 16-10-2017