Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Білім саласын дамытуға 2014 жылға қаржыландыру көлемі 8 млрд. 955 млн.  065 мың теңгені құрады, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 159 млн. 969 мың теңге (өткен жылмен салыстырғанда 11 % көп) жұмылдырылды.  Жалпы сомасы 219 млн. 260 мың теңгеге 26 білім мекемесінде күрделі және ағымжағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бір оқушыға шаққандағы шығыс 191,4 мың теңгені құрайды және 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  

2014 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласында 33 балабақша, 51 шағын орталықтар жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беруге 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 87,6 % (9543 баланы) құрайды. 

2014 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1782 орынға жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, 372 орынға 4 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды. 

Мектепке дейінгі мекемелердің желісін дамыту үшін жалпы сомасы 119 млн. теңге жеке меншік инвестициялар тартылды.  

Жыл сайын балалардың тууы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орын алуға кезектіліктің өсуі байқалады, 2014 жылы ол 19 % құрады. 

Бірыңғай кезектілікте 12328 бала тіркелген. 

510 орынға 4 жеке меншік мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарланды.  

Қазіргі уақытта ШҚО құрылыс басқармасы Суық бұлақ кентінде 280 орынға балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Құрылыстың іске асуы облыстық бюджет есебінен болжаммен 2015-2016 жылға келеді. Сонымен қатар қаланың құрылыс бөлімі Ұшақтар кентіндегі 280 орындық балабақшаның құрылысына және Чехов көшесі, 123 А мекен-жайында орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратына реконструкция жасау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеудің соңғы мерзімі – 2015 жылдың 1 тоқсаны.

Мемлекеттік - жеке меншік серіктестік аясында 1290 орынға 5 балабақша құрылысы жоспарлануда: 

Энергетик кентінде  280 орынға; 

Цементшілер кентінде 140 орынға; 

Шығыс кентінде 320 орынға;

Восход кентінде 230 орынға;

Джангильдин көшесінде 320 орынға.

2014 жылдың қарашасында ШҚО Білім басқармасы тарапынан концессионерді таңдау бойынша қайта конкурс жарияланды. Өтінімдерді ұсыну мен конверттерді ашудың түпкілікті мерзімі  2014 жылдың 23 желтоқсанында болған. Конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты конкурс жүргізілмеген. Қазіргі уақытта «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ  «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау» бірлесіп жаңа механизм жобасын іске асыру әзірленуде (конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізіледі). Жобаны іске асырудың болжамды мерзімі   2015-2016 жылдар.

Жалпы орта білім

2014 жылдың 1 қыркүйегіне қаланың мектептер желісі 66 білім мекемелерімен көрсетіледі, оқушылар контингенті 42439 баланы құрайды.

Мектептер мен тиісті тұрпаттағы мектептері жоқ тұрғылықты мекенде тұратын балалардың жалпы орта білім алуына жағдайлар туғызу мақсатында 1846 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылған. 

2014 -2015 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы 73% құрайды.

2014 жылы 11 сыныпты 1925 оқушы аяқтады. ҰБТ-ға 1375 оқушы қатысты. Қала бойынша қатысу пайызы - 71,5% ( 2013 ж.- 70%), облыс бойынша – 68%. 

Қала бойынша орташа балл  - 78 б., облыс бойынша -78б., республика бойынша– 76,8 б. (2013 ж.-76 б., 2012 ж. -73 б.). 

«Алтын белгі» белгісіне 35 үміткер болды (2013 ж. -36), оның 19 қорғап шықты. «Алтын белгі» белгісін қорғау 54,3% құрады (2013 ж. – 31%).

Үздік аттестатқа үміткерлер – 18 (2013 ж. -24, олардың 7 қорғады, алғаны -17), қорғағаны - 8, үздік аттесат алатындар – 11.

Қала бойынша сертификаттың орташа баллы 61,47 балды құрады, (2013 ж.- 59,53 балл, 2012 ж. – 52,1 балл).  

Оқушылардың 80% (1099) жаратылыстану-математикалық пәндерді таңдаған.

Білім мекемелері тарапынан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Қаланың 58 мектебінде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, ыстық тамақтандырумен қамту 64%-дан  100%-ға  өсті (2013 ж.). Әлеуметтік қорғалмағандар санатына жататын барлық балалардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (5204 бала).  

Кадрлық қамтамасыз ету

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 3885 мұғалімдер жұмыс істейді, соның ішінен 3461 (89 %) жоғары білімі бар, орта арнаулы біліммен – 424 (11 %). 3 деңгейлі курстарды ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде 417 мұғалім оқытылды. 

2014-2015 оқу жылының басында 92 жас маман орналастырылды. (2012 жылы - 57, 2013 жылы - 69). Жас мамандармен әртүрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі.

2014-2015 оқу жылында  «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылды мекендерде педагогикалық кадрларды бекіту мақсатында ауылдағы 4 мұғалімге 7433,6 млн. тенге көлемінде  үй сатып алу мақсатына несиелер бөлініп, республикалық бюджет есебінен 648,2 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. 

Қосымша білім беру

Қала аумағында 15 қосымша білім беретін ұйымдар қызмет атқарып, онда 535 үйірме мен секциялар жұмыс істейді.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар контингенті 15671 баланы немесе жалпы оқушылар санының 41 % құрайды (2013 ж. – 34,8 %). Қосымша білім беру ұйымдарымен балалардың қамтылуы жалпы білім беретін мектептерде үйірмелері мен секциялардың ашылуымен артып отыр.

Жыл сайын оқушылардың жазғы демалысы мен қамтылуын қаржыландыру ұлғайтылуда. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 20 млн. теңге, оның ішінде тегін жолдама алуға 14 млн. 910 мың теңге бөлінді, 816 бала демалыспен қамтылды (2013 ж. – 648 ). 

Білім беруді ақпараттандыру электрондық оқыту е -learning

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына орта білім беретін ұйымдарда 1 компьютерге оқушылардың саны 13 құрайды  (облыстық көрсеткіш 16-ға тең); ғаламтор желісіне қол жетімді мектептердің үлесі – 82%, соның ішінен кеңжолақты мүмкіндікке 68% ие, компьютерленген 100%.

Оқу-тәрбие барысында жаңа технологияларды біріктіру саясатын жүзеге асыра отырып мұғалімдер интерактивті оқытуды мүмкіндігін кеңінен пайдаланады. 66 жалпы орта білім беретін мекемелердің 51-і (70%) интерактивті жабдыққа ие, интерактивті тақталардың жалпы саны - 117 бірлік.

517 мұғалім біліктілікті арттырудың курстық даярлығын тек Ақпараттандыру мен білім сапасын бағалау орталығында ғана емес көшпелі курстарда да өтті. 

Е-learning электрондық оқыту жобаларына 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаланың 35 мектебі енгізілді.  

Арнайы білім беру

Есеп беру кезеңінің қорытындысы  бойынша 171 оқушы үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылды. Екі жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім алуға коррекциялық (түзету) сыныптар ашылып, 140 оқушы жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз етілген. 

№ 20, № 42 жалпы білім беретін мектептерде логопунктерді ашу жоспарлануда.

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың қол жетімділігін кеңейту үшін 3 бала бақшада инклюзивті білім алуға жағдай жасалып  коррекциялық топтар жұмыс істейді (стационарлық пандустар орналастырылған).  

Жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

Қазіргі күні қалада 365 жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылықта тұр, 18 бала отбасылардағы патронаттық тәрбиеде, 368 бала білім беру мен денсаулық қорғау жүйесінің жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленеді. 290 қамқоршыларға 19820 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан мұқтаж адамдарға баспана ұсыну (2013 жылы Волгоград к-шесінде орналасқан тұрғын үйден  3 пәтер бөлінді, 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша және мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан 61 жетім балаға пәтер берілді. 

Білім беру жүйесі 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің № 1118 жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қала бойынша оның индикаторлары мен көрсеткіштерінің көпшілігін жүзеге асырудың оңды динамикасы байқалады, осымен қатар орта білім берудің бірқатар мәселелері шешілмей қалып отыр:

- оқушы орындарының тапшылығын ұлғайту үрдісі сақталған; 

- Степной, Водный, Бобровка кенттеріндегі мектептердің болмауы қаланың шеткі аймақтарындағы оқушы орынының тапшылығына әкеледі.

Оқушы орындарының тапшылық мәселесі 2013-2015 жылдарға Семей қаласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспары мен аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес шешу жоспарланып, онда республикалық бюджет есебінен мектептерді салу келесі кенттерде қарастырылған:

Степной –300 орынға  2016 жылы;

Бобровка – 600 орынға 2015 жылы; 

Юность – 1200 орынға 2015  жылы. 

Өңдеу күні: 17-04-2015