Акимат » Көркейту және ТКШ 2015 жылдың 1 қаңтарына

Көркейту және ТКШ 2015 жылдың 1 қаңтарына

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы

2014 жылы қаланың барлық жылу көздері 2014-2015 жылдардағы жылу мерзіміне дайындалған және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр. 

Облыстық бюджеттен бөлінген 30 млн. теңгеге «Ғаббас» қазандығында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген: № 3 қазанагрегатындағы ауаны жылытқыш,  №1, №2 қазандардағы оттық торы.  

Қалалық бюджеттен бөлінген 29 млн.теңге көлеміндегі қаржыға «Орталық» қазандығында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді: № 3 қазан. Осы қазанагрегаты резервтік болып табылады.  

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен де қаржы бөлініп, осы қаржы есебінен 14 ықшамауданының жылу желілеріндегі проблемалық учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген, №8 кіші станциясынан 3-АҚ 6кВТ АЖ дейінгі кәбілдік желіні ауыстыру, 2-АҚ №3 қазанындағы оттық торына ағымды жөндеу, «35 квартал» қазандығының  №4 қазанындағы экономайзерді ауыстыру және басқа жұмыстар. 

2014 жылы әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу қуатын және ыстық суды беру 2014 жылғы 1 қазанда жүзеге асырылды, жалпы қала бойынша нақты 15 қазанда жылумен қамтамасыз ету маусымы басталған.  

«Теплокоммунэнерго» МКК өз қаржысы есебінен қазандықтарда және жылу желілерінде 57,8 млн. теңге сомаға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Инвестициялық бағдарлама бойынша кәсіпорынмен «518» ОЖП (1-АҚ) жылу желілерін, «Солнечная» қазандығында ішінара ауыстыру жұмыстары орындалды. Барлығы 5,6 км желі ауыстырылды. 

«5 интернат» қазандығын қосумен Энергетик кентін жылумен қамтамасыз ету проблемасы толығымен шешілді. Сонымен қатар, «Зооветинститут» қазандығындағы жылулық жүктемесі тапшылығына қатысты проблема шешілді, жылу көзі бұрыңғы қосылған жүктеме бойынша жұмыс істеуде.  

Жылу мерзімінде «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтары үшін 378 мың тонна көмір және 1280 тонна мазут қажет.

2014 жылы отын қорын қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Үкіметі резервінен отын сатып алуға 636 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 78 млн. теңге бөлінген.

Қала бойынша тәулігіне орташа көмір шығыны  - 2 200 тоннаны құрайды.  

2014 жылғы 20 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін 2 663 вагон немесе 183 747 тонна көмір жеткізілген.

Кәсіпорындағы көмір қоры – 30 172 тонна және мазут - 574 тонна.

Қазандықтар және 1-ЖЭО жұмысының температуралық режимі, түсірілген көмір, МКК кредиторлық және дебиторлық қарызы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.  

 

Тұрғын үй қоры

Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге 1044 үй қосылған. 878 тұрғын үй нысаны ұйымдастырылған түрде басқарылады, оның ішінде 113 ПИК, 10 ЖК, 21 ЖС және 10 басқа формадағы ұйымдар. 438 тұрғын үйдің басқару органы жоқ.  

2013-2014 жылдардағы жылу мерзімі аяқталғаннан кейін келер жылу мерзіміне тұрғын үй және пәтерлерді дұрыс дайындау қажеттілігі жөнінде жадынамалар әзірленіп, ПИК. ӨК, ЖС және басқа да үйлерді басқару органдарына жеткізілген және қала әкімінің сайтында, БАҚ жарияланған. Қаладағы 25 проблемалық тұрғын үй бойынша тұрғындармен жиналыстар өткізіліп, онда тұрғын үйлерді келер жылу мерзіміне дайындау үдірісі жөнінде түсініктеме берілген.   

Тұрғын үй қорын Жаңғырту бағдарламасы бойынша.

2014 жылы осы бағдарлама бойынша операторы «ШҚО тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС («ШҚО ТПБ» ЖШС) болып табылды. 

Тұрғын үйді жөндеу бойынша ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін пәтер иелерінен түскен өтініштерге сәйкес 3 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген: 408 квартал, 13 үйі, 15 ықшамауданы, 9 үйі, 1 ықшамауданы, 7а үйі. «ШҚО ТПБ» ЖШС мамандары пәтер иелері, басқару органдары және мердігер ұйым өкілдерімен бірлесіп апта сайын сол орынға шыға отырып, нысандардағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысына тексеру жүргізді.

Сонымен қатар, 2 механизм бойынша «СКПК» ЖШС түскен қайтарымды қаржы есебінен Иртышская, 9 тұрғын үйі бойынша жөндеу жұмыстары басталды.   

ТКШ бөлімі, тұрғын үй инспекциясы, «СКПК» ЖШС және әлеуметтік жәрдемақы бөлімінің мамандарының қатысуымен кондоминиум нысандарын жөндеу және терможаңғыртуды жүргізу мәселелерін түсіндіру үшін пәтер иелерімен жиналыстар жүргізілді.  

Өткізілген кездесулер нәтижесі бойынша 2015 жылы терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатысқысы кедетін 13 нысан тұрғын үйінің бастапқы тізімі жасалды. 

Электрмен қамтамасыз ету.

2014 жылы Шлеев, 5, 5а, 5б, 18-ші Загородняя, 3, 3а, Большой, Полковничий аралдарының электр беру желілерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Шығыс Оң Жағалау саяжай сілемі бойынша, Комсомол кентінде, Достық, Дружба, Жидебай, Ермек, Шоптығақ көшелерінде электр беру желілерін орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

Бобровка кентіндегі Созидательная көшесінің электр беру желісін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, ол берілетін электр қуатының сапасын жақсартты. Сонымен қатар Шығыс кентіндегі Сол жағалау саяжай сілемінің электрмен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін 15,0 млн. теңгеге электр беру желісін орнату бойынша ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Сумен қамтамасыз ету және су қайтару.  

«Семей Водоканал» МКК теңгерімінде 455,32 км ұзындықтағы су құбыры желісі және 261,48 км кәріздік желісі, 52 дана сорғы станциясы, 21 дана кәріздік сорғы станциясы және тазарту имараттары бар. 

«Семей Водоканал» МКК өз қаржысы есебінен жалпы сомасы 32399,5 мың теңгеге  су құбыры және кәріздік желілерін, ЖСС және КСС, өрт гидранттарын, басқа да нысандарды дайындады. Кәсіпорын 1,025 км ұзындықтағы су құбыры желісін, 0,38 км кәріздік қысымды желіні ауыстырды, 52 дана жоғарылатқыш сорғы станциясына, 21 дана кәріздік сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізді, 54 дана ұңғыма жуылды, ашық құдықтарға 345 дана қақпақтар және темірбетонды тақтайшалар орнатылды.

51 дана өрт гидранттарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.   

Кәріздік тазарту имараттарында 28 м диаметрлік радиалды ұстатқышта жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде бетонды жұмыстар және лай ұстатқышты ауыстыру. Лай және құм карталарын тазарту жұмыстары орындалды. 

Озерка, Бұлақ ауылдарының су құбыры желілері пайдалануға енгізілді.   

 

Тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторы

2015 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде 6108 отбасы тұрады, оның ішінде 2596 отбасы әлеуметтік қорғалғандар санатындағылар, оның ішінде 897 бала-жетім және ата-ана қамқорынсыз адған балалар, 2604 бюджеттік ұйым жұмысшылары, 4 апатты. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бекітілген. Ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшін жойған.   

Бағдарлама шегінде келесі негізгі бағыттар қарастырылған:   

1. Мемлекеттік тұрғын үй, оның ішінде жергілікті атқарушы органмен жалға алған тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегілер үшін тұрғын үй.

2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:

1) тұрғындардың барлық санаты үшін; 

2) жас отбасылары үшін.

3. «КИК» АҚ тұрғын үйлері. 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша  мемлекеттік жалдық тұрғын үйі қорынан пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ЖАО кезекте тұрғандарға беріледі. Тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде, «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шегінде тұрғызылған, Энергетик ықшамауданындағы үйлердегі пәтерлер таратылды. Бүгінгі күнге тұрғын үй комиссиясымен  216 пәтер таратылған, ол № 5 үйде (пәтерлер саны -144), № 13 «А»  (пәтерлер саны -72) Энергетик ықшамауданында.Оның ішінде берілді:  78 пәтер жетім балаларға, 5 пәтер ҰОСҚ, 71 пәтер бюджеттік ұйым жұмысшыларына, 55 пәтер әліеметтік қорғалғандар санатындағыларға, 7 пәтер жалпы кезектегі азаматтарға. Семей қаласының Әділет басқармасында тіркеуден өткендермен пәтерді жалға алу келісім-шарты жасалды.  

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша («Тұрғындардың барлық санаттары үшін»)  пәтерлер Энергетик кентіндегі №6 үйінен бөлінде: барлығы 56 пәтер, оның ішінде 37 пәтер бойынша ипотекалық несие рәсімделген, 3 пәтер сатылды, 16 артынан сатып алумен жалға берілді.   

«Қол жетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасының «Жас отбасы» бағыты бойынша 95 үміткерден тұратын тізім жасалған, бүгінгі күнге 72 отбасымен Энергетик кентіндегі № 7 «А» тұрғын үйіндегі пәтерлерді жалға алу келісім-шарты жасалған. 

2014 жылы Семей қаласы бойынша жалпы пайдалануға 526 пәтер берілді.      

 

Жолаушылар көлігі секторы

Есептік кезеңге қол қойылған келісім-шарттар негізінде қалалық тасмыалдаушыларға бағыттарға қызмет көрсету құқығына Куәліктер дайындалды және берілді. 

Қазан айынан бастап, үлкен автобустарда мемлекеттік мараптаттары бар көп балалы аналарға және 70 жасқа толған зейнеткерлерге жеңілдікпен жүруге рұқсат беру бойынша келісімге қол жеткізілді. 

Тасымалдауда бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, заңсыз тасымалдауды анықтау және жолын кесу мақсатында, қала әкімі орынбасары және Семей қаласының ІІД басшысының келісуімен бірлескен рейдтер жүргізу жоспары құрылған.  

Осы жоспарға сәйкес бірлескен рейдтер өткізіліп, актілер жасалған. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде № 3 және № 50 бағыттарды қамтамасыз ететін тасымалдаушылармен келісім-шарт бұзылып, осы бағыттарға жаңадан конкурс өткізілген. 

Сонымен қатар, № 39 бағытта жолаушы және жүкті үнемі қалалық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі келісім-шарттары талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін (осы бағытта лимиттен тыс 2-4 бірлікке көп автокөлік шығарғаны) 2014 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Таксомоторный парк» ЖШС келісім-шарт бұзылып, осы бағыт бойынша конкурс жарияланған. 

Шүлбі кентінде саяжай бағытын қамтамасыз ету үшін үстеме ақы бөле отырып, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілген. Жеңімпаз ретінде –К.Е. Тасжүрекев ЖК белгіленген. Мамыр айынан қазан айына дейін осы бағыт Шүлбі кенті ішінде жүруді жүзеге асырған. 

Кейбір бағыттарға ішінара өзгерістер енгізе отырып, қаланың қолданыстағы бағыттық сұлбасына түзетулер енгізіліп, ол әкімдік қаулысымен бекітілді. 

2014 жылы «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сыртқы жарнама нысандарын орнатуға рұқсат беру жөніндегі функция ТКШ бөліміне берілген. 2014 жылғы 25 шілдеден бастап ТКШ бөлімімен осындай 18 рұқсат берілген. Қаланың Салық басқармасына есептер беріледі.  

Мұнай өнімдерінің құны мен қорына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қаланың барлық жанар-жағар май құю станцияларындағы ЖЖМ құны «ШҚО кәсіпкерлік және өндірістік басқармасы» ММ белгілеген құнынан жоғары емес. Инфляция үдірістері жөніндегі штабқа осы мәселе бойынша ақпараттар жолданады.  

Облыстық басқармаға айына бір рет жеңілдікпен бензин беруге келісім-шарт жасасуға дайын операторлар тізімі жолданады және осы келісім-шарттың орындалуына бақылау жүргізіледі. 

 

Көркейту секторы

2014 жылы қала көшелеріндегі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 44 826 880 теңге бюджеттен бөлінген қаржыға Железняков көшесін (2-ші Линиядан 8-ші Линияға дейін) күрделі жөндеу жұмыстары орындалды. Осы жұмыс барысында жүргін бөліктің және жаяужолдың асфальттыбетонды жабыны ауыстырылды, аялдама қалташаларын және отырғызу алаңдарын жайластыра отырып, жаңа автобус павильондары орнатылды. Мичурин көшесінде өткелден қаладан шығып кететін учаскеге дейін (жаяу өту көпірі), жұмыс құны 993 350 400 млн. теңгені құрайды, осы жұмыстарды орындау екі жылға, яғни 2014-2015 жылдарына белгіленген. 2014 жылы жолдың төменгі қабатын және асфальттыбетонды ішінара жайластыру, су өткізгіш құбырларын салу, электр және байланыс желілерін шығару жұмыстары орындалған, жұмысты  «Семей жолдары» ЖШС орындады. 

Дальняя көшесі бойынша (теміржол өткелінен Гражданская көшесіне дейін) 2014 жылы жолды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар басталған, жұмыс құны 381 494 400 теңге, осы жұмыстардың орындалуы да 2014-2015 жылдарға белгіленген. Жол жамылғысының негізін жайластыру және бүкіл көше бойына асфальттыбетон төсеу, су өткізгіш құбырларды монтаждау, ішінара суқайтарғы науаларын, жиектастар орнату бойынша жұмыстары орындалды. Жұмыстарды «Гордорстрой» ЖШС орындауда.

2014 жылы келесі көшелер бойынша жолдарды орташа жөндеу жұмыстары да жүргізілді:   Морозов көшесі (2,8км, жұмыс құны -159 млн. теңге), Шугаев көшесі (0.231км, жұмыс құны -23 млн. теңге),  Аймаутов көшесі (1.554 км, жұмыс құны – 82 млн. теңге). Осы көшелердің жүргін бөліктерінің асфальттыбетонды жамылғысы толығымен ауыстырылды, жаяужолдар қалпына келтірілді, аялдама қалташаларын және отырғызу алаңдарын жайластыра отырып, жаңа автобус павильондары, жол белгілері орнатылып, жүргін жолдар таңбаланды.  

Қала жолдарын ағымды жөндеу 20 822 шаршы метр алаңда, жарықтарды бітеу – 15 676 м.п. жүргізілді, осы жұмыстардың құны 70 млн. теңгені құрайды. Жұмыстар аса проблемалық және жолаушы тасымалы қатынасы бар, магистральды көшелерде, саяжай сілеміне баратын жолдары бар көшелерден басталды.

2014 жылы қала жолдарын қысқы ұстауға (2014 жылғы 16 қарашадан 31 желтоқсан аралығы) 32,9 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген, қамтамасыз етілетін лоттардың жалпы саны 17, қамтамасыз етілетін қала жолдарының ұзындығы – 237,42 км, ол шамамен 180 көшені қамтиды. 

Қыс мерзімінде қала жолдарын ұстаумен, жасалған келісім-шартқа сәйкес «Семей» көркейту және көгалдандыру бойынша МКК бас мердігерлік кәсіпорынмен жүзеге асырылады. Осы кәсіпорынның субмердігерлігінде үш жол ұйымдары бар:  «Гордорстрой» ЖШС, «Озон -93» ӨК және «Баймағамбет» ЖШС. 

Жолдарды қысқы ұстау бойынша жұмыстар тізіміне жолдарды қардан тазарту, қар үйінділерінен тазарту, жолдың жүргін бөлігінен қатқақтарды шығару, жиектерден қар үйінділерін алу, бұрылыстарға, автобус аялдамаларына, қалташаларына, отырғызу алаңдарына, дөңдер мен еңістерге, жаяужолдарға инертті материалдарды себу жұмыстары кіреді. 2014 жылғы 30 желтоқсанға қала көшелерінен 16 мың метр2 қар шығарылды.  

Жергілікті маңызы бар жолдарды (2014 жылғы 16 қарашадан 31 желтоқсан аралығында) ұстауға  7447,2 мың теңге бөлінген, жол ұзындығы – 199,0 км құрайды. Жасалған келісім-шарттарға сәйкес, осы жолдарды қамтамасыз етумен бас мердігер «Семей» көркейту және көгалдандыру жөніндегі МКК айналысады, субмердігерлікте «Озон 93» ӨК бар. 

Сонымен қатар қысқы ұстауда Шүлбі кентіне дейінгі жолдар және кент ішіндегі жолдар да бар. Осы жұмыстарды орындау үшін «Семей» көркейту және көгалдандыру жөніндегі МКК келісім-шарт жасалған.

Күз уақытында жол жиегінен арам шөптерді шабу және су өткізгіш құбырларын тазарту бойынша жұмыстар орындалды. 

Жергілікті маңызы бар жолдарды қысқы ұстау бойынша жұмыстар тізіміне жолдарды тексеру және жолдардан автогрейдерлермен, роторлармен, К-700, К-701 үлгісіндегі тракторлармен қарды тазарту жұмыстары кіреді.  

Күзде қысқы ұстауға техниканы және инертті материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Мердігер кәсіпорындарда барлығы 76 бірлік арнайы техника бар, оның 22 бірлігі қар жинағыш (щетка, күрек), 11 бірлік автогрейдер, 9 бірлік құм шашқыш, 2 бірлік қар тиегіш, 14 бірлік тиегіш, 16 бірлік трактор аспалы құралдарымен, 2 бірлік бульдозер, 32 бірлік автосамосвал техникалары. Инертті материалдар қоры (құм және тұз) бар.

Тексеру нәтижесі бойынша арнайы техникалар жұмыс жағдайында тұрғандығы анықталды. 

Көше жарықтандыруларының шам нүктелерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары жыл бойына жүргізіледі, қаладағы қамтамасыз етілдетін шам нүктелерінің жалпы саны 7424 дананы құрайды, оның  7184 данасы қала көшелерінде және 240 данасы Шүлбі кентінде орналасқан.  

Көше жарықтандыруын ұстауға қала бюджетінен жыл сайын қаржы бөлінеді. 2014 жылы осы мақсат үшін шамамен 65 млн. теңге қаржы бөлінген.  

Түнгі уақыттарда көшелерді әсемдік жарықтармен әсемдеу жөніндегі жұмыстар жыл сайын жүргізіледі:  белтлайт – 1270 м.п., дюралайт – 800 м.п., әсемдік жарық элементтері – 712 дана.

2014 жылы Көшкінбаев, Восточный кентінің Усть-Каменогорская көшелерін және Силикат кентінің, Бобровка кентінің  Орталық көшелерінің көше жарықтандыруын ағымды жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.  

Сонымен қатар, 2014 жылы қаланың 10 көшесінің көше жарықтандыруын қалпына келтіруге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (Шмидта, Морозов, Шугаев, Аймаутов, Севастопольская, Московская, Уранхаев, Шәйжүнүсов, Кабельный переулок, Степной кенті,  Кабельный переулок көшесі). 

2014 жылы «Шам-С» ЖШС желілеріне қосалқы Шәйжүнісов, Беспаев, Ленин, Б. Момышұлы, Көшкінбаев көшелері бойынша көше жарықтандыруы қалпына келтірілді. 

2014 жылы қала көшелері бойынша 302 дана жаңа урналар орнатылып, ескі урналарға орындықтарға, автобус аялдамаларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңадан 10 автобус павильондары орнатылды. 

2014 жылы қаланы көгалдандыру үшін бюджеттен бөлінген қаржыға 4968 м2 алаңда гүлзарлар жайластыру, 215,564 мың. м2 алаңдағы көгалды күту, 5 мыңнан астам жас ағаш өскіндерін суару, қала көшелері бойынша ағаш өскіндерін қырқу, арам  шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.  Апатты және құрғақ дінді ағаштарды кесу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.      

Жыл сайын қала аумағын санитарлық тазарту бойынша жұмыстар орындалады. Ұйымдастырылмаған қоқысты шығару үшін бөлінген қаржыға ағымдағы жылы 4 мың метр3 астам қоқыс шығарылды.  

ШҚО елдімекендерін көркейту Ережесі талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 387 бабына сәйкес жауапқа тартылады. 2014 жылы Семей қаласының ішкі істер департаментімен 364 хаттама толтырылып, қаулымен  940 816 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Көшенің эстетикалық келбетін жақсарту, оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында, жыл сайын апатты және құрғақ дінді ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіледі.  2014 жылы осы мақсатқа 3573,0 мың теңге қаржы бөлінген, ол 140 дана ағашты, 96 ағашты жасартуды қамтиды. Жұмыс құны 2448,207 мың теңгені құрайды.      

Кіші арықтардың арнасынан су шығып, тұрғын үйлерді судың басып кетуін болдырмау мақсатында жыл сайын арықтарды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Су қайтарғы арықтардың жалпы ұзындығы 44 км құрайды.

2014 жылы осы жұмыстарды жүргізуге 10 млн. теңге бөлінген.

Су қайтарғы арықтарды ұстау бойынша жұмыстарды «Семей» көркейту және көгалдандыру бойынша МКК жүзеге асырады, күз мезгілінде арам шөптерді шабу, арықтардың құдамаларын бекіту, тазарту, су өткізгіш науаларды және құбырларды жөндеу, ауыстыру жұмыстары жүргізілді.  

Байсеитов көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі Қабанбай батыр көшесімен қиылысында, Қозбағаров көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі Найманбаев көшесінде дренажды-нөсер кәріздерін жайластыруға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.

2014 жылы 63,0 млн. теңгеге жолдарды жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге келісім-шарттар жасалды, оның ішінде:  

- Қала жолдарын қайта құруға - 29,6 млн. теңге Докучаев көшесінен Промышленная көшесіне дейінгі  Би Боранбай көшесі және Степной кентіндегі жол айрығынан Курчатов қаласына шыға беріске дейінгі учаске,

- Тәңірбергенов көшесінен Молдағалиева көшесіне дейінгі Жамбыл көшесі, 

- Жамбыл көшесінен Сорокина көшесіне дейінгі Молдағалиева көшесі,  

- Күрделі жөндеуге –19,6 млн. теңге, 7 көшені жөндеуге ЖСҚ әзірленетін болады (Пушкин, Найманбаев, РСУ-ға баратын жол,  Орманды, Қашаубаев көшелері);

- Орташа жөндеуге - 16,6 млн. теңге, қаланың 4 көшесіне ЖСҚ әзірлеу жоспарланған (Байсеитов көшесінен Интернаицональная көшесіне дейінгі Ш. Уәлиханов көшесі, Ш. Уәлиханов көшесінен Чайковский көшесіне дейінгі Уранхаев көшесі, Севастопольская көшесінен Морозов көшесіне дейінгі Чехов көшесі, Семей-Талица - 32 км автожолы).

2014 жылы Ертіс өзені жағалауын (Полковничий аралындағы металл көпірден аквасаябағына дейінгі учаске) көркейтуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге келісім-шарт жасалған. Учаске ұзындығы 2,5 км құрайды. Жобада өзен сағасы түбін лай мен қоқыстан тазарту, серуендеу жолын, демалып отыратын дүңгіршекті, демалу үшін алаңдарды, спорт тренажерларын және теннистік корттарын ұйымдастыру, кіші сәулет формаларын, балалардың ойын алаңы мен қалашығын, сыртқы жарықтандыруды орнату, қолданыстағы субұрқақтарын қалпына келтіру, сахнасымен жазғы амфитеатрды қалпына келтіру, қолданыстағы жерасты әжетханасын қалпына келтіру, жаңа әжетхана құрылысын жүргізу жұмыстары қарастырылған. Семпалатинка өзені сағасындағы су деңгейін қалыптандыру мақсатында ескі көпір ауданындағы қолданыстағы бөгет пен гидрожеліні қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген. Суға түсу орнын және қайық станциясын салу жоспарланған. 

Өңдеу күні: 21-04-2015