Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жастар саясаты 2015 жылдың 1 қаңтарына

Жергілікті атқарушы билік органдарының ішкі саясат саласындағы барлық жүргізілетін жұмыстары бірінші кезекте, ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру арқылы азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесудің жаңа нысандарын табуға бағытталады.

Басым бағыттарды анықтауда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделеді. Сондай-ақ, бұл саладығы жастармен жұмыс 2014 жылдың «Жастар саясаты туралы» іс шаралар жоспары бойынша атқарылып келеді. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 100 мыңнан астам немесе тұрғындардың жалпы санының  30%-ын құрайды. Оның ішінде 98,4 мың адам қалада, 5638 адам ауылдық жерлерде тұрады.

Жастардың басым бөлігін жоғары оқу орындары мен колледж студенттері құрайды. 2014 жылдың 1 қыркүйегіне сәйкес қаламызда 4 жоғары оқу орны (2 мемлекеттік – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті; 2 мемлекеттік емес – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Қазақстан инновациялық университеті), 30 колледж (16 мемлекеттік, 14 мемлекеттік емес) бар.

Оқу орындары ұсынған ақпараты бойынша студенттер  контингенті 29 437 адамнан тұрады (12 565 – жоғары оқу орындарында, 16 872 - колледждерде), жастардың жалпы санының 30% құрайды.

Қала аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелердің толық әрі нақты шешімін табу мақсатында, қала әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамызындағы шешімі бойынша Семей қаласы әкімі жанындағы жастар Кеңесі (ары қарай- Кеңес) құрылды.

Бұл кеңестік-маслихаттық органның қызметінде тек жастар мемлекеттік емес ұйымдары ғана емес, сонымен қатар ардагерлер кеңесінің өкілдері, республикалық және халықаралық қозғалыстардың мүшелері де белсенді түрде қатысады. Осылайша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға әр-түрлі көзқараспен қарап,әр қырынан талқылауға жағдай жасайды.   

Ағымдағы жылда Кеңес отырыстары қала әкімдігінің дебес салалық бөлім басшыларының, құқық қорғау органдарының өкілдерінің, оқу орындарының басшыларының және қалалық жастар ұйымдарының қатысуымен өтті. Бастапқы отырыс барысында жұмыспен қамтудың жаңа жолдары, Семей қаласында жастар тәжрибиесінің және бос орындар жәрменкесін ұйымдастырудың нәтижелілігі туралы, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмыстары туралы, білім беру мекемелері және кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын жүйелеу және жастарда туындаған мәселелерді бірлесіп шешу туралы мәселелер талқыланды. 

Кезекті екінші отырыста, «Жасыл ел» және СҚЖЕЖ жасақтарының жаңа еңбек маусымына дайындық жұмыстары туралы, Семей қаласы бойынша ауылдық окуругтердегі жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы сұрақтар қаралды. Үшінші кезекті отырыс барысында, жастар ұйымдарына ғимарат бөлу мәселесі және қала әкімі жанындағы Кеңес жұмысын жандандыру мәселелері қаралды.

Қалалық жастар ұйымдарын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл қаражат мөлшері жыл сайын өсуде. Жалпы қаламызда 30 жастар қоғамдық бірлестікттері тіркелген, соның ішінде 17 –сі белсенді түрде жұмыс атқаруда.

2014 жылы оларды қолдау мақсатымен 20 млн. 966 мың теңге, оның ішінде 8 млн. теңге төменде көрсетілгендей 9 әлеуметтік қызмет пен жобаларды ұйымдастыруға жұмсалған:    

1. Жастар арасындағы ішімдік пен нашақорлықтыңалдын алу, салауатты өмір салтын қалыптасыру және денсаулықты сақтау мен күшейтудің тиісті шараларын жасау бойынша әлеуметтік қызмет;

2. Қаланың ауылдық округтерінде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қызмет;

3. Жастар арасындағы Қазақстандық патриотизмді дамыту және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша әлеуметтік қызмет;

4. Жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша әлеуметтік қызмет;

5. Семей қаласы жастары арасында зияткерлік және ораторлық әлеуетті арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет;

6. Семей қаласының Жаcыл ел және студенттік құрылыс жасақтары студенттік еңбек жасақтары штабының әрекет етуі бойынша әлеуметтік қызмет;

7. Жастар театрын дамыту бойынша  әлеуметтік қызмет;

8. Жастар арасындағы еріктілер мәдениетін дамыту бойынша әлеуметттік қызмет;

9. Жастардың мемлекеттік саясатпен ақпараттану деңгейін анықтау, жергілікті атқарушы билік органдарының жұмыстары туралы ақпаратты республикалық жетекші интеренет-ресурстарда орналастыру бойынша әлеуметтік қызмет. Контент-сараптама.

Жастар саясаты бойынша мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуда: жастар арасында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді дамыту; жастардың экономикалық дамуы және еңбек, жұмыспен қамту саласында жағдай жасау; жастармен әлеуметтік және құқықтық жұмыс; жастар арасында салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайтудың тиісті дағдыларын нығайту және сақтау, экологиялық тәрбие; жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету; жас дарынды қолдау оларға жағдай туғызу; балалар және жастар ұйымдарын дамыту.

Семей қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында шығармашыл жастарды қолдап, белсендендіру мақсатымен және жастардың бос уақытын дұрыс өткізуі үшін ағымдағы жылда мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар, акциялар мен дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, жастармен кездесулер сынды 200-ден астам іс-шаралар өткізіліп, 45 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде:

Қала әкімдігі өкілдерінің, жастар ұйымдары өкілдерінің, «Жас Отан» ЖҚ және қаланың жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауы талқыланды. Бұл тараптағы іс шаралар қаланың ЖОО және колледждары, кәсіпорындары арасында жалғасуда (200 адам қамтылды)..

Қысқы спорттық «Сочи-2014» олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасын қолдау мақсатында, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытын тиімді өткізгісі келетін жастар үшін,  «Жеңіске бірге жетейік!» атты акциясы өткізілді. Акция барысында қаланың «Цементник», «Локомотив» «Орталық саябақ» мұз айдындарында және «ТИСА» шаңғы базасында көпшіліктің қатысуымен ақысыз сырғанаулар өтті. Акцияның мақсаты - «Сочи-2014» олимпиадасында Еліміздің намысын қорғайтын спортшыларға барынша қолдау көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау(350 адам қамтылды).

Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуының 25 жылдығы қарсаңында Семей қаласында Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «Біз бейбітшілік үшін» атты авто шеру өтті. Іс шараға «Жас Отан » жастар қанаты және қала жастары, Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Авто шеру Ауған соғысында опат болған жауынгерлерді еске алу және гүл шоғын қою рәсімімен аяқталды (70 адам қамтылды). 

Бұл тараптағы іс шаралардың мақсаты -  жастарды соғыста опат болған адамдардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, «Қазақстан - 2050» стратегиясындағы Мәңгілік ел идеологиясын қолдай отыра, бейбітшілікті дәріптеу.

Бұл бағытта, «Жастар «Мәңгілік Ел»  идесын қолдайды!» және «Мәңгілік Ел» идеясы – «Қазақстан -2050» Стратегиясы мақсаттарына қол жеткізудің негізі» тақырыбында дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілді (70 адам қамтылды).  

«Жастар «Мәңгілік Ел»  идесын қолдайды!»  атты дөңгелек үстел Зырян ауданы әкімшілігінің «Жастар Орталығы» КММ-мен Семей қаласы «Жастар Орталығы» КММ арасында екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қоюмен аяқталады. Жиындар барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір  мүдде, бір болашақ» жолдауының маңыздылығы, Елбасының ел алдына қойған жаңа міндеттері талқыға салынады.           

Наурыз мерекесін тойлауда қала жастары алғаш рет киіз үй тікті. «Жастар орталығы» КММ, «Қазақстан жастарын қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының «Жас Отан» ЖҚ, «Семей  қаласы студенттер альянсы» корпоративтік қоры бірлесе отырып, концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Орталық алаңда құрылған «Жастар» киіз үйінде мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар, наурыз көже ұсынылды (2500 адам қамтылды). 

Қыркүйек айының басында Республикалық «Жасыл Ел» ЖЕЖ штабы, "АСТАНА ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ, Семей қ. «Жастар Орталығы» КММ ұйымдастыруымен, облыс және қала әкімшілігінің қолдауымен «Астана «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне орай Республикалық «Жасыл  Ел» Біздің EXPO-ға үлесіміз!»  атты семинар өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін жастар арасында насихаттау, жастардың экологиялық сауаттылықтарын арттыру және олардың басқарушылық қабілеттерін арттыру болып табылады. Семинар бағдарламасында жастар ұйымдарының 80 өкіліне арнайы волонтерлік тренингтер, қатысушы жастарға теориялық тұрғыдағы қуат үнемдеуші технологияларды таныстыру ұйымдастырылды. Сондай-ақ қала әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен қала көшелері бойынша вело шеру ұйымдастырылып, «Түйемойнақ» аралында жас көшеттер отырғызу іс-шарасымен қорытындыланды (100 адам қамтылды).

30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күнін тойлау аясында «Айбары асқақ - Ата заң» атты «Арбат фестиваль» өтті (100 адам қамтылды). 

20 қыркүйек күні Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай «Арбат фестиваль» аясында «Ашық кітапхана күні» акциясы және «Жас ақындар мүшәйрасы» ұйымдастырылды (100 адам қамтылды).

Қазан айында «Қазақстан - 2050» стратегиясының бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта 2 күндік форсайт семинар өткізілді (27 адам қамтылды).

Қазан айының басында Семей қаласының «Жастар орталығы» КММ конференц залында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысының аясында «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін және жастар» атты екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды (20 адам қамтылды).

Содай-ақ, айдың басында «Сана» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдегі «Жайдарман» чемпионаты өтті (450 адам қамтылды).

«Түйемойнақ» аралында «Жастар орталығының» бастамасымен екінші жыл қатарынан «Таза орман, жылы үй» экологиялық акциясы өтті (50 адам қамтылды). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қала жастары автошеру ұйымдастырды. Мақсаты – аталмыш мемлекеттік мерекенің маңыздылығын түсіндіріп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу (200 адам қамтылды). 

Тәуелсіздік күнінде Жастар орталығы, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысы, «Жастар бастамаларын қолдау» ҚҚ және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым менің» тақырыбында II жас  ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраның басты мақсаты - жастардың отаншылдық рухын оятып, отансүйгіштік сезімін жігерлендіру, еліне, жеріне деген махаббатын арттыру, сонымен қатар, әлі таныла қоймаған жас ақындарды анықтау (240 адам қамтылды). 

Ағымдағы жылда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында,  мемлекеттік тапсырыстар аясында «Студенттік фестиваль», «Үлгілі келін», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Арбат фестивалі», КТК чемпионаты, брейн-рингтер, пікір-талас турнирлері, олимпиадалар, спорттық және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ауқымды жұмыстар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған, өйткені жастар өздерінің әлеуметтік сипаты мен қоршаған ортадағы болып жатқан жайттарды жақын қабылдауына байланысты қоғамның жағымсыз наразылық әлеуетін  жинап алғыш бөлігі болып келеді.

Жалпы алғанда, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында жүргізілетін жұмыс республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда кеңінен жарияланады. 

Қазіргі уақытта жастарды жұмыспен қамту, білікті мамандардың жетіспеушілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, құқықбұзушылық пен туберкулезбен аурудың алдын алу сияқты мәселелер алаңдаушылық туғызады. 

Атқарушы билік органдары алдында әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып жатқан Жастар ұйымдарының іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, өткізілген шараларының барысына бақылау жүргізілуде. 

Өңдеу күні: 22-04-2015