Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы дін туралы 2015 жылдың 1 қаңтарына

2014 жылы  бойынша қалада діни ахуал тұрақты. Қандайда бір шиеленістің белгісі байқалмады.

Бүгінгі күнде қалада 18-исламдық (51,4 %), 4 – православиелік (11,4 %), 2 – католиктік (5,7 %), 10 – протестанттық  (28,5%) және 1–дәстүрлі емес (2,8%) тіркелген діни бірлестік бар. Барлығында тіркелгендік туралы құжаттары бар.

Барлық діни бірлестіктермен қарым-қатынас орнатылған. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері діни мекемелерінде болады.

2012 жылғы 25 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеу жүргізілді. Аталған жұмыс қаланың діни бірлестіктерін 30%-ға қысқартты. (50-ден 35-ке дейін).

 

Қайта тіркеу қорытындысы туралы ақпарат

Діни бірлестіктер

2012 жылдың 25 қазанына дейін

2012 жылдың 25 қазанынан кейін

1

Ислам

19

18

2

Православиелік

4

4

3

Католиктік

1

2

4

Протестанттық

25

10

5

Дәстүрлі емес

1

1

Барлығы:

50

35

 

Діни мекемелердің орналасуы бойынша ақпарат

Діни бірлестіктер

Қалада

Қаладан тыс

1.                  

Ислам

9

9

2.                  

Православиелік

2

2

3.                  

Католиктік

2

-

4.                  

Протестанттық

8

2

5.                  

Дәстүрлі емес

1

-

               Барлығы:

22

13

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысына сәйкес қалада анықталды:

9 діни әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды таратуға арналған стационарлық ғимарат:

1) «Арғымақ» сауда үйі;

2) «Жаңа Көктем» сауда үйі;

3) «Талғау» (№14 бутигі)сауда үйі;

4) «Талғау» ( «Muslima» бутигі )сауда үйі;

5) «Тамаша» сауда үйі;

6) «Дом книги «Шакарим» сауда үйі»;

7) «Книгиня» дүкені;

8) «Шақыру» дүкені;

9) «Посохин» ЖШС.

 

6 діни мекемелерден тыс жерде діни құлшылықты жасауға арналған ғимарат:

1)  «Станция Семей»-намазхана;

2) «Талғау»СҮ - намазхана;

3) Шугаева көшесі №27/4 – намазхана;

4) Павлова көшесі №85а,  мешіт ғимараты;

5) «Жансая»СҮ - намазхана;

6) Народная көшесі – Святителя Николая атындағы часовня.

 

Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Р. Исабаеваның бекітуімен 2014 жылдың қаңтар айында діни экстремизм мен терроризмге қарсы халықты ақпараттандыру жөнінде ақпаратық-насихаттық топ (бұдан әрі - АНТ) құрамы бекітілді. Қазіргі таңда топта 21 адам жұмыс істейді оның құрамына облыстық дін істер басқармасының ұсынымдарына сәйкес ҚМДБ Семей өңірі бойынша өкіл имамы М.Қ. Алтыбай, «Воскресенск» Соборының настоятелі Ф.Г. Проскурин, облыстық кәсіподақтар ұйымы төрағасының орынбасары С.С. Ахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.А. Доғалақов, қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің төрайымы Ж.Ж. Жыбраева, ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру колледждері қауымдастығының төрағасы О.И. Сартаев, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы қоғамдық қабылдау бөлімшесінің бастығы Д.Д. Жұмаділов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы М. Баймағұлов, «Фатима» мұсылман әйелдері лигасының төрайымы Г.Ә. Жұматаевалар кірді.

Түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда «мақсатты топтарға» айрықша көңіл бөлінеді. Олар: жастар, студенттер, әскерилер, ауыл тұрғындары және еңбек ұжымдары. Жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары қаланың 4 жоғары оқу орны (Шәкәрім атындағы СМУ, СММУ, ҚазИГЗУ, ҚИУ) мен 13 колледжінде (Геология және барлау колледжі, Евразия техникалық-гуманитарлық колледжі, «Қайнар» колледжі, Құқық және бизнесс колледжі, Олимпиядалық резервті аймақтық спорт колледжі, «Семей» көпсалалы колледжі, Бизнес колледжі, «Семей» колледжі, экономика және туризм колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Қалматаев атындағы медицина колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, «Семей» медицина колледжі, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжі), әскерилер алдында (№31767, 28738, 36803, 54770 әскери бөлім, әскери полиция гарнизоны, әскери госпиталь), орталық кітапхана оқырмандары мен мешіттер жамағаты үшін өткізілді. Ү.ж. 17-18 мамыр күндері АНТ мүшелері Абралы өңіріндегі 5 ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп қайтты.

Жалпы қалада 2013 жылы ақпаратық-насихат топ мүшелерімен жиыны 116 іс- шара өткізіліп, үгіт жұмыстарымен 14 мың 340 адам қамтылды. 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 29 мың 712 адамды қамтыған 158 іс-шара өткізілді.

Тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі «Қауырт желі» қызметінің жұмыс істеуі жөнінде ақпарат беру мақсатында 2013 жылғы қараша айында жергілікті БАҚ-да бірыңғай республикалық «Қауырт желі 114» атты ақпараттық хабарламалар таратылды.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған материалдарөңірлік «Қазақстан - Семей», «ТВК-6» телеарналарында, «Семей таңы», «Вести Семей», «Ертіс өңірі», «Спектр», «Шығыс шұғыласы», «Ислам нұры» газеттерінде кеңінен орналастырылады.

Жыл басынан бері 10 рет «Семей таңы» газетінің дін мәселелеріне арналған қазақ тілінде «Ғылымхал» айдары, сондай-ақ, 10 рет «Вести Семей» газетінің дін мәселелеріне арналған орыс тілінде «Общества и вера» айдары жарық көрді.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап «ТВК-6» арнасында 12 рет дін мәселелеріне арналған «Жұмадағы жүздесу» атты телебағдарлама көрсетілді. «Қазақстан - Семей» арнасында көрсетілетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге арналған «Ойталқы» бағдарламасында да дін мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріледі.

«Радикализм – біздің жол емес», «Радикализм – не наш путь» атты фильм мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 рет «Қазақстан – Семей» телеарнасында көрсетілді.

Жалпы, жыл басынан бері қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық және насихаттық сипаттағы жергілікті электронды және баспа БАҚ-да 194 материал (оның ішінде 86 – баспа басылымдары, 27 – сюжет, 26 – телебағдарлама, 55 – ғаламтор құралдарында) жарық көрді. Оның ішінде 153 – ақпараттық, 41 – насихаттық бағытта.

Ғаламтор ресурстары кең көлемде қолданылады. Бүгінгі таңда орталық мешіт пен проваславиялық шіркеудің жеке меншік ғаламтор сайттары бар, онда әркім өзіне қажетті ақпаратты алуына болады. Одан басқа, Семей қаласы әкімінің ресми сайты, сонымен қатар Altaynews.kz, Zakon.kz, Bnews.kz, Inform.kz сайттарында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар орналастырылады. 

Өңдеу күні: 22-04-2015