Акимат » Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2015 жылдың 1 қаңтарына

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 131 855,5 млн. теңгені құрады (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 122 556,7 млн.теңге), нақты көлем индексі – 101,2%.
Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 15 640,9 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 96,2%. 
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 100 477,0 млн.теңге көлемінде өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 103,1%.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 21 023,7 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың (18 697,4 млн.теңге) сәйкес деңгейіне 112,4%. НКИ – 105,0%.
Ет өндірісі 6,9%-ға (24,1 мың тоннаға қарсы 25,8 мың тонна), сүт өндірісі 0,9%-ға (33,8 мың тоннаға қарсы 34,1 мың тонна), жұмыртқа өндірісі – 1,9 есе (7,5 млн. данаға қарсы 14,4 млн. дана) артты. 
Ірі қара малдың басы 10,6%-ға (40,3 мың басқа қарсы 44,6 мың бас), жылқы 12,4%-ға (22,0 мың басқа қарсы 24,7 мың бас), көбейді, қой мен ешкі малының басы 6,8%-ға (145,6 мың басқа 135,7 мың бас), шошқа 55,6%-ға (1,8 мың басқа қарсы 0,8 мың бас), құс 4,2%-ға (1019,6 мың басқа қарсы 977,1 мың бас) төмендеді.
2015 жылдың 1 қаңтарына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1 162 бірлікті құрады немесе өткен жыл деңгейіне 102,0% (1139 бірлік). 
Бөлшек тауарайналымының көлемі 139 049,0 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңіне салыстырғанда 112,2% (123 887,9 млн.теңге). НКИ – 104,5%. 
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға инвестиция 52 863,3 млн.теңге сомасында тартылды (НКИ-107,3%), оның ішінде жеке инвестиция 36168,9 млн.теңге, НКИ – 135,0%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 29 123,0 млн.теңге немесе өткен жыл деңгейінен 23,9%-ға жоғары (23 496,5 млн.теңге), НКИ-123,3% құрады.
107,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2013 жылғы деңгейден 1,2 есе жоғары (87,2 мың ш.м.). 
2015 жылы 1 қаңтарға жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті өткен жылғы сәйкес деңгейдегі 12 055,5 млн.теңгеге қарсы 12552,1 млн.теңгені құрады. Жеке табыс көлемінің өсу қарқыны 104,1% құрады.
1 қаңтарға жұмыссыздардың тіркелген саны 28,2%-ға төмендеді және 2013 жылғы 808 адамға қарсы 580 адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда аз қамтылған азаматтар саны 1 705 адамды құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңінен 2 адамға аз (1707 адам). 
2014 жылғы қаңтар-қарашада ірі және орта кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 89 489 теңгені құрады және 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,5% артты (2013 жылғы қаңтар-қарашада 82 490 теңге). 
Өңдеу күні: 23-04-2015