Акимат » Семей қаласы бюджетінің орындалуы туралы (2015 жылдың 1 қаңтарына)

Семей қаласы бюджетінің орындалуы туралы (2015 жылдың 1 қаңтарына)

Қала бюджетінің орындалуы туралы

(2015 жылдың 1 қаңтарына)

2014 жылы Семей қаласының бюджетіне кіріс 23 143,5 млн. теңгені құрады.

Меншікті кірістер бойынша 12 552,1 млн. теңге келіп түсті, 2013 жылға 104,1% өсу қарқынымен немесе 496,6 млн. теңгеге артық. Оның ішінде қала бюджетіне 11 430,1 млн. теңге түсті, облыстық бюджетке реттемелі салықтар бойынша 1 122 млн. теңге аударылды.

Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен қаланың жылу жүйесін жаңғырту және қайта құруға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға, Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бойынша шараларды жүргізуге, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларға трансферттер түрінде 11 412,6 млн. теңге бөлінді.

Шығыс бөлігі бойынша 23 087 млн. теңге игерілген немесе 95,7%.

Қарастырылған қаражат есебінен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы төлемдері қамтамасыз етіліп, әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

Қаланың жылумен қамту жүйесін жаңғырту шеңберінде ТЭЦ-1 және РК-1 бойынша жұмыстар жалғастырылып, 6 748,1 млн. теңге жұмсалған.

Автокөлік жолдарының жөндеуіне және қызмет етуіне 805,5 млн. теңге пайдаланылған. Железнякова,  Дальняя және Мичурина көш. жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары, Аймаутова,  Шугаева, Морозова көш. жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қаланы және елді мекендерді көркейтуге, жарықтандыруға, көгалдандыруға шығыстар 441,2 млн. теңгені құрады.

2014 жылы Энергетик кентіндегі 2 арендалық тұрғын үйлер құрылысы аяқталған. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» шеңберінде Докучаева көшесіндегі  аз отбасылы жатақхана қолданысқа енгізілген, мал өсіруге 5 модуль блоктары алынған.  Энергетик кентіндегі тұрғын үйлерге «5-интернат» қазандығының қайта құру жұмыстары және Тихий переулок, 8 көшесіндегі тұрғын үйге жылу желісінің құрылысы аяқталған.

Холодный ключ кентіндегі Селевина көшесіне дейін кәріз желісінің құрылысы, Холодный ключ және Ақсай кентіндегі тұрғын үйлерді электрмен қамту бойынша жұмыстар жалғастырылған.


Білім және әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат

(2015 жылдың 1 қаңтарына)

Білім беру мекемелерінің жұмысын қамтамасыз етуге 2014 жылғы қала бюджетінде 8 865,5 млн.теңге қаражат  қарастырылған, оның ішінде  жергілікті бюджет есебінен 7 363,9 млн.теңге, республикалық бюджет трансферттері есебінен 1 501,6 млн. теңге. Жоспардың шығындары 8 615,3 млн. теңгеге орындалды, немесе 97,2 %-ға.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 766,9 млн. теңге пайдаланды,  оның есебінен мектепке дейінгі 13 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа халықтың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге сұраныстың ұлғаюына  байланысты «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 615,1 млн. теңге сомасына мемлекеттік тапсырыс орналастырылды (оның ішінде 13 – мектепке дейінгі жеке меншік мекемелерде).

Жалпы білім беру шығындарына 6 279,5 млн. теңге сомасына 70 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді.

Көпбалалы және жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылардың көмек көрсетуге жалпыға бірдей мiндеттi орта бiлiм қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 120,4 млн. теңге бағытталды.

Жетім және ата ананың қамқорысыз қалған балаларды бағып-қағуға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 69,5 млн. теңгені құрады.

Білім беру  мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға 165,5 млн. теңге бағытталды.

Қосымша білім беретін мектептен тыс 12 мекеменің қызметін қамтамасыз етуге шығындар 402,9 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік тапсырыс орналастыру аясында 3 мамандандырылған-техникалық мекемеде мамандандырылған білім беруді ұйымдастыруға 103,8 млн. теңге бағытталды.

Мектептегі олимпиадаларды, мектептен тыс шараларды және конкурстарды өткізуге бөлінген 15,3 млн.теңге қаражат бөлінді.

Мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге 59,5 млн.теңге жұмсалды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуде 120,4 млн.теңге игерілді.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға – 17 млн.теңге.

Қала бюджетінде 2014 жылға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 1 129,8 млн. теңге қарастырылған (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).

2014 жылы әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің жұмысын қамтамасыз етуге  379,8 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы, Жұмыспен қамту орталығы. 2015 жылдың 1 қаңтары жағдайына аталған мекемелер бойынша  шығындар 376,9 млн. теңге құрады.

Маңызды басымдылықтардың бірі болып халықты жұмыспен қамтуды қолдау болып табылады. Бұл мақсаттарға 2014 жылы 130,7 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 23,8 млн.теңге, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 50,5 млн.теңге, қоғамдық жұмыстарға 56,4 млн. теңге. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бойынша еңбекақыны субсидиялау, кадрларды және жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшыларды даярлауға және қайта даярлауға,  біліктілігін арттыруға 111,3 млн. теңге бағытталды.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға 7,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 54,7 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 33,7 млн.теңге шығындалды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 279,4 млн.теңге шығындалды.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 43,7 млн. теңге және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 18,2 млн теңге бағытталды.

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 2,9 млн. теңге шығындалды.

Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 43,4 млн. теңге бағытталды.

Өрлеу жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 11,7 млн. теңге шығындалды.

Өңдеу күні: 29-04-2015