Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2015 жылдың 1 қаңтарына

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 әлеуметтік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. 

2014 жылы 1209,9 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 777,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 231,4 млн. теңге, республикалық бюджеттен 200,8 млн. теңге. 

 

Жұмыспен қамту бағдарламасы

Азаматтарды жұмысссыздықтан әлеуметтік қорғау 2011 -2015 жылдарға арналған Қаланы дамыту бағдарламасын және Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру арқылы шешілуде, бұл бағдарламалар аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту; ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

2014  жылы жұмыспен қамту қызметіне 14304  адам өтініш жасады, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 3597 адам, олардың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар – 940 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 6597 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша – 3121 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына  347 адам жіберілді,  оның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 183 адам.  Жастар тәжірибесіне оқу орындарының 643 түлегі жолданды, соның ішінде  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 413 адам. Кәсіптік оқытумен 661адам қамтылды, оның ішінде  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 306 адам. 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде (Инфроқұрылымды және тұрғын үй шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) бойынша 2014 жылы 448,0 млн. теңге немесе (551,5 млн. теңге) жоспардың 81,2% игерумен 17  жобалар жүзеге асырылды, қалған қаражат уақытында түспеуі есебінен игерілмеген. 210 жұмыс орындары құрылды немесе (267 жұмыс орындары) жылдық жоспардың 78,7%.  Осы жобаларға Орталық арқылы – 137 адам жұмысқа орналасты, немесе (132 адам) жылдық жоспардың 103,8%. 

Кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикалық белсенділікті арттыру үшін өз ісін ашу және кеңейту үшін 243 жұмыс орындарын құрумен  бұл осы көрсеткіштің жылдық жоспарын 100% орындаумен  151 қарыз алушыларға 384,7 млн теңге несиелер берілді. Олардан, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры арқылы 84,7 млн.теңге және 6 несиелік серіктестіктер арқылы 300,0 млн. теңге.

Негізгі жобаларды жүзеге асыру мал шаруашылығын дамытуға бағытталған, сонымен қатар, Знаменка ауылдық округында тігін цехын ашуға; Қайнар ауылында мал бордақылау және мал сою  алаңдарын ашу; Қайнар ауылында асыл тұқымды жылқылар өсіру. Сонымен, 800 бас – ІҚМ, 1020 бас – ҰҚМ, 309 бас – жылқылар сатып алынды. Бұлақ ауылында шаруа қожалығы базасында  қымыз өндіру іске асырылады, Озерка ауылдық округында тауық өсіру.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында  Докучаева көшесіндегі жатаханаға қоныстандыру үшін  29 жасқа дейінгі жастар қатарындағы 74 Бағдарлама қатысушыларына кілттер тапсырылды.  

Аталған Бағдарламалар іс-шараларын іске асыруға есепті мерзімде жергілікті бюджеттен – 130,7 млн.теңге, республикалық бюджеттен – 111,4 млн.теңге бөлініп игерілді. 

Бағдарламалар  аясында іске асырылған шаралар халықты жұмыспен қамтудың басқа шараларымен қатар қаланың еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді. 2015 жылдың 1 қантарына тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 28,2%–ға  азайып 580 адам құрады. 

 

Әлеуметтік бағдарламалар

Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады.

Есепті мерзім ішінде атаулы әлеуметтік көмек – табысы күнкөріс деңгейінен төмен 1685 азаматы бар 469 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома – 54,7 млн. теңге. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы – 1504 балаға 18,2 млн. теңге сомасында тағайындалды. 33,6 млн. теңге мөлшерінде 1915 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді, оның ішінде күрделі жөндеу жүргізу өтемақысы 1,1 млн. теңгені құрады.

Бұл халықтың ортақ табыс мөлшерінің және жұмысқа орналасу мүмкіндігінің өсуіне байланысты қалыпты және табиғи жағдай.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2014 жылы пилоттық режимдегі «Өрлеу» жобасы бойынша белгіленген ақшалай көмек енгізу» бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама қатысушылары отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінен 60 % төмен аз қамтылған азаматтар болып табылады. 

«Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін 11,7 млн. теңге, соның ішінде 2,7 млн. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған. 

Бағдарламаны енгізуге қатысты ұйымдастыру шаралары 2014 жылдың сәуір айынан басталды. Келісімшарт негізінде әлеуметтік жұмысқа 3 кеңесші және 8 ассистент қабылданды. ШАК алуға үміткер 2810 отбасымен кеңес жүргізіліп, оның ішінде 9,0 млн. теңгеге 66 әлеуметтік келісімшарт жасалды. 

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 272,9 млн. теңге игеріліп, 16157 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ұлы Отан соғысына қатысы бар тұлғаларға, Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, көп балалы аналарға, Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілерді басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, аурулары полигонның әсерімен байланыстырылған мүгедектерге көрсетіледі. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша, жақсартылған тамақтандыруға мұқтаж туберкулез ауруымен ауыратындарға, ҰБТ және аттестат балы бойынша жақсы нәтижеге жетіскен жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 7 259,5 мың теңге игеріліп, 698 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. 

Есепті мерзімде гигиеналық құралдармен 718 мүгедек жалпы сомасы 33,4 млн. теңгеге қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 164 мүгедекке 4 ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 96 мүгедекке 12 жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. Жыл басынан 287 мүгедек мүгедектік кресло-арбамен және 60 адам есту аппараттарымен қамтамасыз етілді. «Уба», «Спутник», «Мойылды» және «Айша Бибі» санаторияларында 969 адам, соның ішінде 394 мүгедек денсаулығын түзеді. 

ПМПК (психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация) қорытындысының негізінде «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 199 мүгедек балаға 43,7 млн. теңге төленді. 

Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету болып табылады.

2014 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 147 мүгедек өтінішпен келді, оның 73-і жұмысқа орналастырылды. 26 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға, жастар тәжірибесіне 4 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам, кәсіптік оқу курстарына 24 адам жолданды. Соның ішінде 12 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары болып табылады.

Қалалық мүгедектер қоғамында тірек – қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Бұл қызметті көрсету үшін 2014 жылдан арнайы көтергіштермен жабдықталған 3 микроавтобус тартылған және де жыл басынан осы қызметті 219 адам пайдаланды, 3543 тапсырыс орындалып, осы қызметке қалалық бюджеттен 6,4 млн. теңге игерілді.

Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 2 орталықта  екі бағытта жүргізіледі: - үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1608 адамға, соның ішінде 16 адам Шүлбі кентінде көрсетіледі. 1553 алушыға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде 286 - психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 157 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1110  қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 135 қызмет алушыға, соның ішінде 80 қартқа және 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 55 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі.

Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсетіледі (орталық қарауындағы тұлғалардың денсаулықтарын бақылау, шұғыл бастапқы медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда госпитальға жатқызу, зертханалық тексеру, заттарды санитарлық өңдеу және дезинфекциялау, эпидемияларға қарсы қажетті шараларды ұйымдастыру, мүгедектікке куәландыруды ұйымдастыру, құқық қорғау органдарымен бірлесе жеке басын анықтау). Екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде Орталыққа барлығы 1246 адам жүгінді, соның ішінде: күндізгі бөлімшесіне 629 адам, түнгі бөлімшесіне 617 адам, 427 адам бейімделіп, 185 адам жұмысқа орналастырылды. 

Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 986 құжат жиынтығы ресімделді және 235 алушыға біржолғы ақшалай көмек төлеміне құжаттары ресімделді, 227 алушыға 6,2 млн. теңге өтемақы төленді.

Өңдеу күні: 18-05-2015