Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жылға

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жылға

Семей қаласында 337 620 адам тұрады, оның  100000-ға жуығы оқушылар мен студенттер құрайды. Қалада 375 спорт ғимараты жұмыс атқарады, оның ішінде 7 хауыз залы, 4 стадион, 6 спорт кешені, 123 спорт залы, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 шаңғы базасы, 5 ату тирі, 2 үлкен мұз айдыны (Локомотив, Цементник стадиондары) 1 конькимен жүгіру стадионы, 21 футбол алаңы және 130 мамандандырылған және 70 қосымша спорт залдарыбар.

Бүгінгі күні 375 спорт ғимаратының 18 – і төлқұжаттаудан өтті.

Футбол манежінің құрылысы үшін 20 млн. (жирма миллион) теңгеге мемлекеттік сараптамасы мен бірге технико-экономикалық негіздеме құрастырылды. Қазіргі уақытта облыстық бюлджет есебінен футбол манежінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама даярлау үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына бюджеттік өтінім жіберілді.

Қазақстан Республикасының бокс федерациясымен 230 млн. теңгеге Байтұрсынов көшесінде жекпе – жек бойынша дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, ашылу рәсімі 2014 жылдың 18 қыркүйегінде өтті. 

Қайта жөндеуден өткізілетін ипподром базасында «Тұлпар» ат спорты клубы ашылды. 

Биатлон комплексі бар шаңғы базасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұрат ықшам ауданында жеке кәсіпкер Т. Сағатаев спорттық-сауықтыру лагерін ашты.

2014 жылдың 12 маусымында кәсіпкерлермен және әкімдікпен Семей қаласында жалпы құны 1 млрд. 400 мың теңгеге екі шағын – футбол алаңдарының, дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің, ауыр атлетика және теннис орталығының  құрылысы бойынша меморандум бекітілді.

Кезең ішінде дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2009 жылы спортпен айналысушылар саны тұрғындар санынан 24 465 адамды құрады, 2010 жылы 31 180 адам, 2011 жылы 40 000 адам, 2012 жылы 76325 адам, 2013 жылы 61885 адам немесе 21, 2014 жылдың 9 айында 88600 адамды немесе 26,3% -ды құрады.

Бөліммен құзыретті орган ретінде: «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру»  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Барлығы: 444 мемлекеттік қызмет көрсетілді. І жасөспірімдік разряд: 47 спортшыға,  ІІ жасөспірімдік разряд: 60 спортшыға, ІІІ жасөспірімдік разряд: 24 спортшыға, IV жасөспірімдік разряд: 5 спортшыға, ІІ разряд: 62 спортшыға, ІІІ разряд: 78 спортшыға, 11 жаттықтырушыға жаттықтырушы санаты, 157 төрешіге «Спорт төрешісі» санаттары берілді.    

Қалада спорттың 67 түрі, соның ішінде футбол, еркін күресі, бокс, шығыс жекпе – жегі, волейбол, грек – рим күресі, самбо, көркем гимнастика, ауыр атлетика, шаңғы жарысы, қазақ күресі, дзюдо, жеңіл атлетика дамыған.

Қаланың спорт өміріне белсене араласатын қала спорты ардагерлерінің Кеңесі құрылды.

Спорттың даму болашағы және проблемаларын талқылау мақсатында қала әкімімінің қала спорттық қоғамымен кездесу өткізуі жақсы дәстүрге айналған.

2014 жылдың 9 айында қалада 400 – ден астам спорттық жарыстар өткізілді. Соның ішінде кейбір жарыстар күнделікті өткізілді. Мысалға:

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған 250 адамның қатысуымен өткен «Каратэ- нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен ХVІІІ дәстүрлі жүгіріс;

3000 адамның қатысуымен Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне арналған қала көшелеріндегі 73-ші дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафета;

70 аулалық командалардың қатысуымен 2000-дай ұлдар мен қыздар, футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы, қала әкімінің жүлдесіне «Былғары доп – 2014» қалалық турнирі;

29 000 адамның қатысуымен өткен «Олимпиадалық күн» мейрамына арналған бұқаралық шаралар;

80 000 адам қатысқан,  Ертіс өзенінің жағалауында, барлық колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің спорт алаңдарында өткізілген, «Денсаулық фестивалі-2014» республикалық спорттық шаралары өткізілді;

Футболдан әуесқой футболшылар арасында Лига құрылып, 30-дан астам командалар қатысты, ол 900 адамды құрады.

«Наурыз мейрамы» құрметіне қаланың әртүрлі алаңдарында гір тасын көтеру спортынан, таэквондодан, дойбыдан және үстел теннисінен жарыстар өткізілді.

14-21 шілде аралығында Семей қаласында алғаш рет пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп, оған Қазақстанның облыстары мен қалаларынан 21 команда қатысты;

20-21 қыркүйек аралығында Қабанбай Батырдың Мемориалы, самбо күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті, әр облыстан 10 құрама командалар қатысты;

Кәсіпорындардың коммерциялық, банк салаларының, кәсіподақ және күзет мекемелерінің еңбек ұжымдарының арасында спартакиадалар өткізіліп тұрады.

Жыл сайын дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік органдар қызметкерлерін дене шынықтыру және спортқа баулу мақсатында жеті спорт түрінен мемлекеттік қызметкерлердің қалалық спартакиадасы өткізіледі.

Тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар, соның ішінде қысқы спорт түрлері бойынша «Алтын шайба», «Шаңғы шақырады», «Жаңа жыл жарысы», аула клубтарының қысқы старттары және т.б. бар.

«Қазақстан – Семей» теле арнасымен бірге «Спорт Әлемі» апталық бағдарламасы жұмысын бастады. Спорттық іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында тарату бойынша ақпараттық қолдауды «Хабар», «Қазақстан – Семей», ТВК -6, 31 арналары және «Семей таңы», «Ертіс өңірі», «Спектр», «Наше дело» газеттері көрсетеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ШҚО және оның қалаларының белгілі спортшыларының билбордтары орнатылған.

2014 жылы біздің спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Олар:

Яков Ионин – пауэрлифтингтен Азия чемпионы;

Алтайбаев А.В. - пауэрлифтингтен Азия чемпионы;

Найманбаев Закир – ағымдағы жылдың  шілде айында Бішкек қаласында өткен пауэрлифтингтен Азия чемпионы;

Кошелев Василий – Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы Патаяда өткен Азия чемпионатының алтын жүлдегері;

Вагнер Виктория - Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы Патаяда өткен Азия чемпионатының алтын жүлдегері;

Вишневская Галина 2014 жылы – биатлон бойынша спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Австралияда өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері, бірінші қысқы Олимпиада ойындарының 2,3 орын иегері, Сочи 2014 Олимпиада ойындарының қатысушысы, АҚШ – та өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы;

Ланчакова Виктория – шаңғы жарысынан спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Финдляндияда өткен шаңғы жарысынан Әлем Чемпионатының жүлдегері, Сочи 2014 Олимпиада ойындарының қатысушысы;

Ахмадиев Ердос – Қазақстан Олимпиадашылары құрама командасының ту ұстаушысы, Сочи 2014 Олимпиада ойындарының қатысушысы;

Фейдахметов Ернар – 2014 жылы Тайландтта грек – рим күресінен Тайландтта өткен Азия Чемпионатының жеңімпазы;

Тұрсынов Нұрсұлтан – грек – рим күресінен ересектер арасындағы Азия Чемпионатының жеңімпазы;

Пряхин Виктор – шатнганы жатып сығымдау түрінен Азия Чемпионы;

Қалиев Расул – еркін күрестен ересектер арасындағы Азия чемпионы;

Тұрсынов Дидар және Бектасқызы Зере – самбо күресінен Азия чемпионы;

Аманбаева Жұлдыз – Непалда таэквондодан өткен жастара арасындағы Азия Кубогының жеңімпазы;

Мұхит Тұрсынов – Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы – 2014» республикалық турнирінің жеңімпазы;

Трусбеков Саят Италияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатының жеңімпазы;

2014 жылдың 21-26 маусымы аралығында аңыз Балуан Шолақтың 150-ылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін XVIII халық спорты ойындарының қорытындысы бойынша  Семей қаласы жалпы командалық есепте жақсы нәтиже көрсетті. 

Өңдеу күні: 22-05-2015