Акимат » Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2014 жылға

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2014 жылға

2014 жылдың 1 қыркүйегіне 2013 жылдың (3674 бірлік) тиісті кезеңіне 104,6% өсіммен 3837 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлға) тіркелген, соның ішінде, жұмыс істейтіні – 1641 бірлік 2013 жылдың (1605 бірлік) ұлғаю кезеңіне сәйкес 102,2%, белсенділері 1035 кәсіпорын немесе 2013 жылдың (1062 бірлік) ұлғаю кезеңіне сәйкес 97,5%.
Тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны - 30400 бірлікті  құрайды, ол 2013 жылдың ұлғаю кезеңіне сәйкес 108,3% (28079 бірлік).
Тіркелген кәсіпорындардың негізгі бөлігі тиімді қызмет саласында – сауда саласында – 33,1%, құрылыста – 12,6%, мүлікпен жасалатын операциялар – 9,2%, өңдеуіш өнеркәсіп кәсіпорындарында – 9,0%.
Статистика басқармасы және салық басқармасымен бірлесіп уақытша жұмыс істемей тұрған және жұмыссыз тұрған қала кәспорындарымен қызметін белсендіру үшін олардың қызметінің тоқтау себебін анықтау мақсатында ай сайын кәсіпорындарға барып жұмыс жүргізуде.
2014 жылғы 1 қыркүйегіне кіші және шағын бизнес субъектілерінен жергілікті бюджетке түскен салық төлемдері – 7,160 млрд. тенгені немесе барлық салық мөлшерінің төлемдерінің 49,9% құрайды (есеп квартал сайын жүргізіледі).
Ағымдағы жылдың 8 ай аясында кіші бизнес кәсіпорындарында 1790 жаңа жұмыс орындары құрылды және 2013 жылдың ұлғаю кезеңіне сәйкес 124,0% құрайды.
Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» және «Даму Өндіріс - 2» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуынан бастап жалпы сомасы 13,3 млрд. теңгеге 77 жобаға несие берілді. Субсидия сомасы 912,0 млн. теңгені құрады. 
Соның ішінде 2014 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 1320,0 млн. теңгеге 24 жоба жүзеге  асырылды. Субсидия сомасы 92,4 млн. теңгені құрады.  
«Жаңа бизнес - бастаманы қолдау» атты бірінші бағыты бойынша 2014 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 1160,0 млн. теңгеге 23 жоба жүзеге асты. Субсидия соммасы 81,2 млн. теңгені құрады.
көлікте:
«СемТрансМет» ЖШС маркасы КамАЗ жүк көліктерін сатып алды, онда 1 жұмыс орыны құрылды. 8 айда көрсетілген қызмет көлемі 54,6 млн. теңгені құрады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру барысында көрсетілген қызмет көлемін 5% ұлайту жоспарлануда.
жеңіл өнеркәсіпте:
ЖК Г. К. Мусабалина несие сомасына тігін жабдықтарын сатып алды. Нәтижесінде сыртқы киім өндіріс көлемі ұлғайды, онда 7 жаңа жұмыс орындары құрылып, қосымша - 3 бірлік жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
«Арай-East Food» ЖШС Германиядан техникалық жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде шұжық өнімдерінің шығару көлемі және ассортименті ұлғайды.
құрылыста:
қонақ үй бизнесінде қызмет көрсету мақсатында ЖК Т. С. Жакашева қазіргі үрдістердің қолдануымен қонақ үй кешенін салуды бастады, онда 40 жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында кешенді пайдалануға енгізуді жоспарлауда.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелділігін төмендету» атты үшінші бағыты бойынша 2014 жылы «Семей асбестцемент бұйымдары зауыты» ЖШС жалпы сомасы 160 млн. теңгеге «Террацо» технологиясы бойынша жаяу жол тақталары өндірісінің технологиялық желісі іске қосылды. Субсидиялау сомасы 11,2 млн. теңгені құрады.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша - «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» - қаржысыз оқыту бойынша кәсіпкерлерді оқыту келесі жобалар бойынша:
- «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Кеңесші 2» - оқуды 561 адам (кәсіпкер) өтті, соның ішінде 2014 жылдан бастап оқуды 220-дан астам кәсіпкерлер өтті, онда оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар берілді;
- Астана және Алматы қалаларында «Назарбаев Университеті» АҚ базасында шағын және орта бизнес топ-менеджментін 35 кәсіпорын басшылары өтті;
- «Іскерлік байланыс» - бес кезеннен тұратын бағыт бойынша 46 кәсіпкер өтті;
- «Жас кәсіпкер мектебі» - жас кәсіпкерлердің әулетін ашу мақсатында, пәрменді шараларды жүзеге асыру арқылы жас кәсіпкерлердің құзырының дәрежесін жоғарылату, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметіне тартуға бағытталған. Семинарға 59 адам қатысты.
"Бизнестің жол картасы 2020" Бағдарламасы аясында жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру бойынша Конкурсқа Семей қаласынан 10-нан астам жоба иелері қатысты. Барлық қатысушылардан ешкі өсіру бойынша 1 жоба «Нұғманабутажи» ЖШС мақұлданды.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры өңірлік филиалындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен (КҚКО) 5900-ден астам кеңес қызметі, соның ішінде 2014 жылдың басынан 3483кеңес қызметі көрсетілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуға арналған «Даму Өндіріс - 2» бағдарламасы жүзеге асырылу басталды. Осы бағдарлама аясында жалпы сомасы 851,4 млн. теңгеге 20 жоба жүзеге асты. Жалпы сомасы 1,234 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба екінші деңгейлі банктерде қол қою үстінде жатыр және сомасы 987,9 млн. теңгеге 9 жоба қарастырылуда.
Қаланың туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құру мақсатында «Семей қаласының 2014-2016 жылдарға арналған туризмнің жол картасы» әзірленді.
«Градо» жобалық  фирмасымен рекреациялық аймақ Полковниктер аралында  3 туристік база орналастыру жобасы әзірленуде. Бұл сызбалық жоба қала тұрғындарымен туристері демалу үшін әзірленуде. Жоба мәдени-көпшілік демалысқа, спортпен айналысуға, сауықтыру және денсаулықты қалпына келтіруге қолайлы жағдай туғызуды көздейді.
Орталықтың барлық композициясы демалушы туристердің белсенді демалыстарын өткізуге арналған мәдени-тұрмыстық және спорттық-ойын-сауық кешені болып табылады, кешеннің айналасында басқада қосымша ғимараттар мен үй-жайлар орналасады. 
Солтүстік- шығыс және оңтүстік-батыс кешен бөлігінде әртүрлі дәрежедегі келушілердін тұруына коттедждер мен  2-қабатты пентхаус орналастыру жоспарлануда. 
Солтүстік - батыс жағында жазғы кафелермен мейрамханалар орналастырылады. Оңтүстік – шығыс болігінде бос уақыт өткізу үшін амфитеатр, сауна, би алаңы, спортпен айналасу үшін және шаруашылық аймақ үшін - спорт аймағы орналастырылады.
Өңдеу күні: 22-05-2015