Акимат » Семей қаласында тілдердің дамуы 2014 жылға

Семей қаласында тілдердің дамуы 2014 жылға

«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында жасалған Семей қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму жоспарында 2014 жылы  мемлекеттік тілді меңгерген қала тұрғындарының үлесі 76 пайызды, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 3,1 ал өзге этнос өкілдерінің ана тілдерін үйренуінің үлесі 23 пайыз, мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың  99,8 пайызды құрауы керек. Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін қадағалау мақсатында жұргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың І тоқсанында мемлекеттік органдардан шыққан құжаттардың саны – 5985, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 5978, 99,8 пайызды құрайды. 

Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалада «Көркем тіл-көрікті жарнама» айлығы өткізілді. Айлық аясында 9 рейд ұйымдастырылып, 170-ке жуық нысан қамтылды.

4 ақпан күні Тілдерді оқыту орталығында  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге!» тақырыбында әкімдік аппараты мен дербес бөлім қызметкерлері арасында тренинг, «Тіл шебері», «Полиглот», «Сөз сандық», «Мақсұтым тіл ұстартып- өнер шашпақ», «Тіл- халық жанын танудың кілті» конкурстары Тіл фестивалі акциялар және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жастар арасында дебат ұйымдастырылды. 

Мемлекеттік қызметшілерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің кеңсе тіліне айналуына ықпал ету және сауаттылықты арттыру мақсатында «Әдемі сөйле, сауатты жаз» акциясы өткізіліп, диктант жазуға әкімдіктен 187 мемлекеттік қызметші қатысты. Нәтижесінде 99 сауатты жазылған диктант қорытындысы бойынша көрсеткіш 52% құрады. Ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерін реттеу мақсатында ұйымдастырылған «Тілімізді құрметтеп, тектілікті ту етсек» айлығы өткізілді. Тілдерді дамыту секторы мен Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, шығармашыл ұстаздарға қолдау көрсету, озық әдістер мен жаңашыл технологияларды қолдану мүмкіндігін арттыруға ықпал ету мақсатында «Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері мен салалық оқытудың маңызы» тақырыбында конференция өтті және қала әкімінің отырысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «Қаладағы деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыру барысында «ҚР Тіл туралы» Заңын жүзеге асыруда атқарған жұмысы жөніндегі» ақпараты тыңдалды.

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы тұрақты түрде қала әкімі сайтына хабарламалар беріліп отырды. БАҚ-пен тығыз жұмыс жүргізілді. Жергілікті «Қазақстан – Семей», ТВК-6 телеарналарында бөлім қызметкерлері мемлекеттік тіл тақырыбына арналған хабарларға қатысып, («Көкейкесті», «Ой түйіні», «Атқан таңға ақ тілек») қаламыздағы мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұхбат берді. 

Өңдеу күні: 22-05-2015