Акимат » Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
2019 жылдың қаңтар-қараша айында несиені субсидиялау және кепілдемеге сомасы 854,7 млн. теңгеге 84 жоба, оның ішінде 43 жобаға  несие сомасы 365,6 млн.теңге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жалпы сомасы  477,6 млн. теңгеге  36 кепілдеме берілді түрінде қолдау көрсетілді.  
Қазіргі кезде жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу мақсатында жалпы соммасы 8,8 млн теңгені құрайтын 1 жоба - «Биовторполимер» ЖШС электрмен жабдықтау желісін күшейту жобасы қазіргі уақытта Семей қаласының құрылыс бөлімінде қаралып жатыр.
Бағдарлама аясында мемлекеттік грант бойынша 11,5 млн.тенгеге 5 жоба қаржыландырылды.
Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 9 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында 15 ақпараттық материал орналастырылып, қалалық телеарналардан 9 сюжет көрсетілді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерімен бірлесіп 19 кеңес және кездесулер өткізді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалының жанындағы  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалында 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында- 2975 кеңестік қызметтер көрсетілді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп осы бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
 

      Кәсіпкерлік бөлімі


2017 жылда Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

2016 жылда Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңдеу күні: 23-01-2020