Акимат » Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары

Кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. 

Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;

• үкіметтік емес мекемелер ;

• коммер циялық мекемелер кіреді .

Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :

• бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау ;

• қаржылық қолдау ;

• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;

• материал ды -техни калық жағынан қолдау.

Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.

Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер

Қазақстан Респуликасының Индустрия және Даму  Министрлігі - индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, экспортты ілгерілету салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық дамыту Басқармалар құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімдерікіреді.

Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:

 «KAZNEX INVEST»экспорттау және дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-  экономиканың басым секторына шет ел инвестициясын тарту және қазақстандық шикізат емес экспорттын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау жолымен ұлттық экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін Ұлттық даиыту институты болып табылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ- қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;  

«Қазақстанның инвестициялық қоры»- жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету;

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ- қаржылық қолдау көрсетеді;

Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар– қалыптасу және даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау;

Индустриялық аймақтар- Коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiндежәне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығына арналмаған жер индустриялық аймақ болып табылады.

Технологиялық парк -Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру ұйымы құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын, бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) болып табылады.

Акционерлiк инвестициялық қорлар-Қызметiнiң айрықша түрi "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңындабелгіленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам акционерлiк инвестициялық қор болып табылады.

Технологияларды коммерцияландыру орталығы-Жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн практикалық қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыруды) жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi технологияларды коммерцияландыру орталығы болып табылады.

Конструкторлық бюро-Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда жәрдемдесу үшiн құрылған, материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.

Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары-Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестермен бiрлесiп iске асыратын жобаларды iске асыруға жәрдем көрсету мақсатында технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты құрады.

Өңдеу күні: 20-10-2017