Акимат » Семей қаласының № 9 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы

Семей қаласының № 9 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы

 

2009 жылғы 19 қарашадан Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1888 Қаулысының 27 бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тіркелген халыққа тегін медициналық көмек көрсетеді. Тегін медициналық көмектің көлемдері мен түрлері бағдарламалар әкімшісі – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген шарт бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлеміне сәйкес тағайындалады.

Медициналық қызметтердің тізілімі

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығында амбулаторлық жағдайларда ересектер мен балаларға медициналық қызметтерді  бейімді мамандар - лайықты біліктілік санаттары бар дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері көрсетеді.

1. Диагностикалық зертхана:

- жалпыклиникалық зерттеулер

- биохимиялық зерттеулер

- серологиялық зерттеулер

2. Электрокардиография кабинеті

3. Ересектерге консультативтік-диагностикалық медициналық көмек төмендегі мамандықтар бойынша көрсетіледі:

- жалпы терапия

- акушерство мен гинекология

- физиотерапия.

Балаларға консультативтік-диагностикалық медициналық көмек төмендегі  мамандықтар бойынша:

- педиатрия

- физиотерапия

Ересектер мен балаларға консультативтік-диагностикалық медициналық көмек төмендегі мамандықтар бойынша:

- жалпы дәрігерлік тәжірибе

- отбасылық дәрігер.

4. Медициналық сараптама қызметі: уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау

5. Ересектерге стационаралмастырушы медициналық көмек жалпы терапия  мамандығы бойынша.

Анықтама телефоны: 56- 94-86

Мекенжайымыз: Семей қаласы, Уранхаев көшесі 20/22

Өңдеу күні: 12-05-2011