Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарға

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарға

2015 жылы білім саласын дамытуды қаржыландыру көлемі 9 млрд. 199 млн. 940 мың. теңгені (2014 жылы - 8 млрд. 955 млн.  065 мың теңге) құрайды. Жалпы сомасы 43 млн. 539 мың тенгеге 10 білім мекемесінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бір оқушыға шаққандағы шығыс 147,7 мың теңгені құрайды. 
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  
 
Семей қаласында 41 балабақша, 49 шағын орталықтар (2014 жылы 30 балабақша, 50 шағын орталық) жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беруге 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,6 % (10128 баланы) құрайды. 
2015  жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2879 орынға жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, 1047 орынға 11 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды. 
Мектепке дейінгі мекемелердің желісін дамыту үшін жалпы сомасы 408 млн. теңге жеке меншік инвестициялар тартылды.  
Жыл сайын балалардың тууы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орын алуға кезектіліктің өсуі байқалады, 2015 жылы бірыңғай кезектілікте 12262 бала тіркелген. 
Мектепке дейінгі білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мен  ашудың 2015-2017 жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес 2015 жылғы сәуір айында  300 баланы қамтитын 2 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылды
2015 жылдың қазан, желтоқсан айларында  жұмыс істеп тұрған төмендегі жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың кеңейту есебінен 227 орынға мемлекеттік  білім беру тапсырысы орналастырылды: "Асыл-Жібек" ЖШС шағын орталығы - 48 орын, "Нұрдәулет" балабақшасы - 69 орын,  "Ақбұлақ" ЖШС шағын орталығы -  60 орын, "Немере" балабақшасы - 25 орын, «Альтаир» - 25 орын.
2015 жылдың желтоқсанында 747 орынға  мемлекеттік  білім беру тапсырысы негізінде 9 жекеменшік мектепке дейінгі шағын орталығы ашылды. 
 
Жалпы орта білім
 
2015 жылдың 1 қыркүйегіне қаланың мектептер желісі 65 білім мекемелерімен көрсетіледі, оқушылар контингенті 39 636 баланы құрайды.
Мектептер мен тиісті тұрпаттағы мектептері жоқ тұрғылықты мекенде тұратын балалардың жалпы орта білім алуына жағдайлар туғызу мақсатында 1332 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылған. 
2015-2016 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы 75% құрайды.
2015 жылы 11 сыныпты 1724 оқушы аяқтады. ҰБТ-ға 1193 оқушы қатысты. Қала бойынша қатысу пайызы - 69,4% ( 2014 ж.- 71,5%).
Қала бойынша орташа балл  - 76 б., облыс бойынша -80,4 б., республика бойынша– 79,4 б. 
«Алтын белгі» белгісіне 30 үміткер болды, оның 10 қорғап шықты. «Алтын белгі» белгісін қорғау 33,3% құрады.
Үздік аттестатқа үміткерлер – 28, қорғағаны -11.
Білім беру жүйесі 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің № 1118 Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қала бойынша оның индикаторлары мен көрсеткіштерінің көпшілігін жүзеге асырудың оңды динамикасы байқалады, осымен қатар орта білім берудің бірқатар мәселелері шешілмей қалып отыр:
- оқушы орындарының тапшылығын ұлғайту үрдісі сақталған; 
- Степной, Юность, Бобровка кенттерінде мектептердің болмауы қаланың шеткі аймақтарындағы оқушы орнының тапшылығына әкеледі.
2016-2020 жылдарға арналған ШҚО аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес келесі кенттерде мектептерді салу қарастырылған:
Ұлттық қоры есебінен:  
Бобровка – 600 орынға 2016-2017  жылы; 
2019 жылы республикалық бюджет есебінен:
Степной –  300 орынға  2015жылы;
Юность –   1200 орынға 2015  жылы. 
Білім мекемелері тарапынан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Қаланың 56 мектебінде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, ыстық тамақтандырумен қамту  64 %-дан  100 %-ға  өсті.             Әлеуметтік қорғалмағандар санатына жататын барлық балалардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (5636 бала).  
Кадрлық қамтамасыз ету
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 3921  мұғалім жұмыс істейді, соның ішінде 3479 (88 %) жоғары білімді, 442-сі (11 %) орта арнаулы білімді. 3 деңгейлі курстарды ұйымдастыру мен өткізу кезенінде 523 мұғалім оқытылды. 
2015-2016 оқу жылының басында 111 жас маман, олардың 97-сі қала және 14-і ауыл мектептеріне.  жұмысқа орналастырылды. Жас мамандармен әртүрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі.
2015-2016 оқу жылында  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылды мекендерде педагогикалық кадрларды бекіту мақсатында  ауылдағы   6 мұғалімге 14 млн. 795 мың 159 тенге көлемінде  үй сатып алу мақсатына  несиелер бөлініп, республикалық бюджет есебінен 1 млн. 526 мың 140 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. 
 
Қосымша білім беру 
 
Қала аумағында 15 қосымша білім беретін ұйымдар қызмет атқарып, онда 558 үйірме мен секциялар жұмыс істейді.  
Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылар контингенті 15671 баланы немесе жалпы оқушылар санының 41 % құрайды. Қосымша білім беру ұйымдарымен балалардың қамтылуы жалпы білім беретін мектептерде үйірмелере мен секциялардың ашылуымен артып отыр.
Жыл сайын оқушылардың жазғы демалысы мен қамтылуын қаржыландыру ұлғайтылуда. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 13 млн. 400 мың теңге, оның ішінде тегін жолдама алуға 9 млн. 320 мың тенге бөлінді, 466 бала демалыспен қамтылды   (2014 ж.-816 ). 
Білім беруді ақпараттандыру электрондық оқыту е -learning.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына орта білім беретін ұйымдарда 1 компьютерге оқушылардың саны 13 құрайды  (облыстық көрсеткіш 16-ға тең); ғаламтор желісіне қол жетімді мектептердің үлесі – 100 %, соның ішінен кеңжолақты мүмкіндікке 81,5% ие, компьютерленген  100 %.
Оқу-тәрбие барысында жаңа технологияларды біріктіру саясатын жүзеге асыра отырып мұғалімдер интерактивті оқытуды мүмкіндігін кеңінен пайдаланады. 66 жалпы орта білім беретін мекемелердің 51-і (70%) интерактивті жабдыққа ие, интерактивті тақталардың жалпы саны - 117 бірлік.
517 мұғалім біліктілікті арттырудың курстық даярлығын тек Ақпараттандыру мен білім сапасын бағалау орталығында ғана емес көшпелі курстарда да өтті. 
е - learning электрондық оқыту жобаларына 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаланың 35 мектебі енгізілді.  Электрондық журналдар толытырылады, өз жүмыстарында сандық білім ресурстарын қолданады. 
 
Арнайы білім беру
 
Есеп беру кезеңінің қорытындысы  бойынша 222 оқушы үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылды. Үш жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім алуға коррекциялық (түзету) сыныптар ашылып, 140 оқушы жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз етілген. 
Жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Қазіргі күні қалада 370 жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылықта тұр, 16 бала отбасылардағы патронаттық тәрбиеде, 285 бала білім беру мен денсаулық қорғау жүйесінің жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленеді. 280 қамқоршыларға 19820 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 
2006-2015 жылдар аралығында  жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған 64 балаға  «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы мен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілді.
 
 
Білім бөлімі
 
 

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 04-04-2016