Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 17 әлеуметтік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.
2015 жылы 1457,4 млн. теңге бөлініп, игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 849,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 253,7 млн. теңге, республикалық бюджеттен 354,5 млн. теңге. 
 
Жұмыспен қамту бағдарламасы
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, мемлекеттің әлеуметтік саясатында адам капиталын дамытуға қомақты инвестициялар жұмсалуы басымды бағыт болуы қажет.
Азаматтарды жұмысссыздықтан әлеуметтік қорғау Қаланы дамыту бағдарламасын және Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру арқылы шешілуде, бұл бағдарламалар аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту; ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2015 жылы жұмыспен қамту қызметіне 10487 адам өтініш жасады, оның ішінде жұмысқа орналасу мәселесімен - 7155 адам. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 6134 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 496 адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне оқу орындарының 381 түлегі жолданды. Кәсіптік оқытумен 441 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1164 адам жолданды. 
2015 жылы 105 жұмыс орындарын құрумен  63  қарыз алушыларға  159,5 млн. теңге сомасында шағын несие берілді. Қатысушылардың жобалары сүт бағытындағы ірі қара малын сатып алуға (463 бас) және қымыз өндіру үшін (63 бас) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға бағытталған. 
Бағдарламалар шеңберінде қабылданып отырған шаралар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен қатар қаланың еңбек нарығына оңды әсер етті. Қаланың тіркелген еңбек нарығында 01.01.2016 жылғы жағдайға тіркелген жұмыссыздар саны 580 адамды құрады (2014 жылдың деңгейінде). 
 
Әлеуметтік бағдарламалар
 
Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады.
Есепті мерзім ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – табысы күнкөріс деңгейінен төмен 1072 азаматы бар 282 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома 33,6 млн. теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 1635 балаға 21,9 млн. теңге сомасында тағайындалды. 41,2 млн. теңге мөлшерінде 1769 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша 708 алушылары бар 171 отбасыға барлығы 34,9 млн. теңге сомасында, соның ішінде республикалық бюджеттен – 19,1 млн. теңге, қалалық бюджеттен – 15,8 млн. теңге көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 302 алушылары бар 75 отбасы,  балалар жәрдемақысын алушылар қатарынан 108 азаматы бар26 отбасы жобаға тартылды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 283,1 млн. теңге игеріліп, 15768 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 
Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша,ҰБТ және аттестат балы бойынша жақсы нәтижеге жетіскен жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге есепті мерзім ішінде 7,2 млн. теңге игеріліп, 688 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Есепті мерзім ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға республикалық бюджеттен 133,8 млн. теңге игеріліп, 4974 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыстық бюджеттен 25,7 млн. теңге игеріліп, 106 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 240,0 мың. теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. 
Есепті мерзімде 710 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдарымен 610, кресло-арбалармен 275, тифлотехникалық құралдармен 131, сурдотехникалық құралдармен 86 мүгедек қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 190 мүгедекке 4 ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 96 мүгедекке 16 жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. 
«Уба», «Мойылды», «Арыс» шипажайларында 1048 адам, соның ішінде 386 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. 
Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 291 мүгедек балаға 46,3 млн. теңге төленді. 
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету болып табылады.
Есепті мерзімде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 113 мүгедек өтінішпен келді, оның 29-ы жұмысқа орналастырылды. 30 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға, жастар тәжірибесіне 8 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам, кәсіптік оқу курстарына 27 адам жолданды. Соның ішінде 2 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары болып табылады.
Қалалық мүгедектер қоғамында тірек – қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Жыл басынан осы қызметті 222 мүгедек пайдаланды, 3825 тапсырыс орындалып, осы қызметке қалалық бюджеттен 7,7 млн. теңге игерілді.
Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, күндізгі бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1458 адамға, соның ішінде 283 психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 145 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1030 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 1006 қызмет алушыға, соның ішінде 953 қартқа және 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 53 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 1200 адам жүгінді, соның ішінде: күндізгі бөлімшесіне 561 адам, түнгі бөлімшесіне 639 адам, 352 адам бейімделіп, 178 адам жұмысқа орналастырылды. 
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 1003 құжат жиынтығы ресімделді және 357 алушыға біржолғы ақшалай көмек төлеміне құжаттары ресімделді, 343 алушыға 10,7 млн. теңге өтемақы төленді.
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 

 
 
 
Өңдеу күні: 11-04-2016