Акимат » Семей қаласындағы "Жұмыспен қамту 2020" Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы 2016 жылғы 1 қаңтарына

Семей қаласындағы "Жұмыспен қамту 2020" Бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы 2016 жылғы 1 қаңтарына

2015 жылы  Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ (Орталық) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету бойынша белгілі жұмыстарды атқарды.
Бағдарлама қатысушыларының құрамына 2454 адам қосылды, олардың қатарында 1836 адам - өз бетінше жұмыспен айналысатындар, 618 адам - жұмыссыздар, 40 адам - аз қамтылғандар және 47 адам - мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар (мүгедектер), 959 адам - 29 жасқа дейінгі жастар, 1042 адам - әйелдер. 
Бағдарламаның бірінші бағыты (инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) аясында ағымдағы жылы 10 жұмыс орындарын құрумен, оның қатарында Орталық арқылы 7 адамды жұмысқа орналастырумен немесе жоспардың 100% орындаумен, 17,857 млн. теңге сомасын игерумен 3 жобаларды жүзеге асыру іске асырылды. 
Бағдарламаның екінші бағыты (Кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және тірек ауылданын кешенді дамыту) аясында 2015 жылы 105 жұмыс орындарын құрумен 63 қарыз алушыларға жылдық жоспардағы 159,5 млн. теңге сомасында шағын несие берілді. 
Қатысушылардың жобалары сүтті ірі қара мал және қымыз өндіру үшін жылқы сатып алу арқылы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін бағытталған. Кәсіпкерлік негіздеріне 64 адам оқытылып, оларға сертификаттар берілді.
Шағын несие алғандар Өскемен қаласында өткізілген, өздері өндірген өнімдерді сату- жәрмеңкесіне белсенді қатысты. (қыркүйек – қараша айларында). Жәрмеңкеде тамақ өнімдерінің әртүрлі ассортименті: қымыз, ет, сүт, және сүт өнімдері және бондарьлық қолөнер өнімдері (фитобөшкесі және қымызға арналған бөшкелер) ұсынылды.
Алынған несиелік қаражаттарды қайтару мақсатында, демалыс күндері Бағдарлама қатысушылары қала базарларында және «Северный» логистикалық сату орталығында өнімдерін (ет, сүт, сүт өнімдері) сатуда.
Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші құрамдас бөлігі (Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) аясында кәсіптік оқытуға жолданған еңбек нарығында қажетті мамандықтар (ауыл шаруашылығының тракторшы- машинисі, аспаз, ағаш өндеу станокшысы, электрмеханигі, орманшы, технолог, техник-механик және т.б) бойынша 2011-2014 жылдардан оқығандар қатарындағы 232 адам оқуларын аяқтады. 
Кәсіптік қайта даярлауға жолданған жылдық жоспардағы  21 қатысушы, жұмыс берушілердің өтінімдерімен: «құрылыс жұмыстарын өңдеуші», «күш желісі және электр жабдығы бойынша электр жөндеуші», «ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандықтары бойынша оқуларын аяқтады.  
Орталықпен 2015 жылы 2895 қатысушыларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шаралары көрсетілді. Соның қатарындағы, 2395 қатысушылар тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 342 адам орналасты, жылдық жоспарда 185 адам болған. Жастар тәжірибесіне 196 адам қатысты, жылдық жоспарда 164 адам болған. 
Бағдарламаның үшінші бағытының екінші құрамдас бөлігі (аймақтық ұтқырлықты арттыру) аясында Риддер қаласына қоныстануға 8 отбасы өтініш берген. Қоныстануға өтініш бергендердің тізімі Риддер қаласының Жұмыспен қамту орталығына және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына берілді.
Орталықпен мынадай материалдар дайындалды:
- Әкімдік қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қалалық комиссиясын құруға. Бекітілген жұмыстар кестесіне сәйкес қалалық комиссияның 5 отырысы өткізілді;
- Қала әкімінің өкімімен шағын несиелік қаражаттарды қайтару бойынша қалалық комиссиясына. Бекітілген кестегі сәйкес, комиссияның 4 отырысы өткізілді.
Бағдарламаны жүзеге асыру еңбек нарығына оңды әсер етуде, халықтың өзін-өзі дамытуды арттыруға мүмкіндік жасауда, жұмыспен қамтудың бейресмділігін төмендетуде. Осылайша, 2015 жылы 232 жаңа жұмыс орындары құрылып, өз бетінше жұмыспен айналысушылар қатарындағы 55 адам кәсіпкерлік қызметіне тартылды, жұмыссыздар саны 618 адамға азайды. 
 
 
 
Өңдеу күні: 11-04-2016