Акимат » Көркейту және ТКШ 2015 жылдың 1 қазанына

Көркейту және ТКШ 2015 жылдың 1 қазанына

Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторы:
Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторымен келесі жұмыстар атқарылды: 
3 тоқсанда секторға заңды және жеке тұлғалардан орындау үшін 405 құжат түсті. Барлық өтініштерге белгіленген уақытта жауаптар берілді. 
Тұрғын үй беруге қатысты, қала әкімдігінің 19 қаулысы дайындалып, рәсімделді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді жалға алудың 45 келісім-шарты жасалды. Қала әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының 14 жиналысы өткізілді. 
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шегінде тұрғызылған, тұрғын үйді тарату бойынша тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде Докучаев көшесіндегі № 35б тұрғын үйіне 58 жолдама берілді. 
Өткен жылға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қою бойынша 1471 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үйге мұқтаждар есебіне 749 отбасы қойылды.   
Шілде айында секторда қала әкімі  аппараты, «НИТ» АҚ, әділет басқармасы, миграциялық полициясы бөлімінің өкілдерімен мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үй алу үшін есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалар жөнінде семинар-жиналыс өткізілді. 
Сектор мамандары С.Ю.Валл және Ж. Шәйкеновалармен Семей қаласының ХҚКО тамыз айында мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үй алу үшін есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалар жөнінде 2 семинар өткізілді. 
Есепке алуға, тұрғын үй беруге, жалға алу келісім-шартын жасасуға және т.б. қатысты, жеке мәселелерімен 3016 азамат қабылданған. 
Иесіз үйлер мен пәтерлерді анықтау және уәкілетті органда есепке қою бойынша сектормен үздіксіз жұмыстар атқарылуда, 1 тоқсанда 9 жылжымайтын мүлік есепке қойылды, 59 объект бойынша жұмыс жүргізіліп, есептен алдынған. Иесіз объектілер орналасқан орынға 112 рет шығу жұмыстары ұйымдастырылған. 
Сектор мамандарымен сотқа мүлікті иесіз, коммуналдық меншікке түскен деп тану бойынша 12 өтініш беріліп, олардың барлығы қанағаттандырылған. Сот процестерінде жауапкер ретінде 65 рет қатысқан. 
Жалға алушылардың жалға алу келісім-шартының талаптарын сақтауын, жалға алу бойынша қарыздарын төлеуді және т.б,. бақылауға алу мақсатында, сектор мамандары Энергетик кентіндегі № 5, 13 «А» жалдық үйлеріне 6 рет шығып мониторинг жүргізген. 
2015 жылғы тамыз-қыркүйек айларында сектор меңгерушісі Н. Жамболатова тұрғын үй заңдылықтарына қатысты мәселелер бойынша өткізілген телекөрсетілімдерге қатысты: «Город и горожане», «Көкейтесті». «Қазақстан Семей», ТВК-6.
Иесіз тұрғын үй есебіне барлығы 126 жылжымайтын мүлік тіркелді, оның 94 объектісі алынды (азаматтық қатынастар, жалға алу келісім-шарттары негізінде мұрагерлердің анықталуына байланысты, сот шешімі негізінде).
Бүгінгі күнге 32 объект есепте тұр. Оның ішінде 3 оюъект бойынша мүлік иесіз деп танылып, қаланың коммуналдық меншігіне түскендігі туралы сотқа талап арыз берілген.
Сонымен қатар сектормен тұрғын үйлерде, көппәтерлі жатақханаларда заңсыз тұрған азаматтарды шығару жұмыстары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес, ҚР АК 242-бабы негізінде пәтер иесі жоқ, тіркелмеген пәтерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үйлер есебінде жоқ 45 жатақхана және пәтерлер бойынша оларды келешекте қаланың коммуналдық меншігіне өткізу үшін олардың иелерін анықтау жұмыстары жүргізілді.
 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы:
Келер 2015-2016 жылдардағы жылу мерзіміне дайындалу мақсатында қала әкімінің өкімімен штаб құрылған. Штаб жұмысының шегінде жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз ету нысандарын, денсаулық сақтау, білім беру ынсандарын жылу мерзіміне дайындау бойынша жалпы қалалық іс-шаралар ұйымдастырылған. 
Келер жылу беру мерзімі қарсаңында жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  
       Күнделікті ПИК, ЖПИК, ЖК және басқа да тұрғын үйлерді басқару органдарымен бірлесіп жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз ету және су қайтару мәселелері жөнінде заңды тұлғаларға және тұрғындар арасында өтініштері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Жылу мерзіміне дайындық бойынша жүсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты кесте жасалған. Тұрғын үйлердің аулаларының санитарлық жағдайына және ҚТҚ шығарылуына бақылау жүргізіледі. 
«Семей Водоканал» МКК теңгерімінде  455,32 км су құбыры желісі, 261,48 км – кәріздік желі, - 52 жоғарылатқыш сорғы станциясы, 21 дана – кәріздік сорғы станциясы және тазарту имараттары бар. 
«Семей Водоканал» МКК күрделі жөндеу жұмыстары жоспары және қыс мерзіміне дайындық бойынша әзірленген іс-шараларға сәйкес келесі жұмыс түрлері орындалды:   
Ержанов көшесінде ұзындығы 140 пм Д-65 мм болатын суқұбыры, Байтұрсынов көшесінде 35 пм Д--50-89 мм суқұбыры, Нагорная –Би Боранбай көшесінде 20 пм болатын  Д-350 мм суқұбыры, Әуэзов көшесінде 50 пм болатын 77-Д-89 мм суқұбыры, Театральная көшесінде 6 пм болатын 21А-Д-150 мм суқұбыры,  Аймаутов көшесінде 150 пм болатын  149 -Д-63 мм суқұбыры ауыстырылды.  
Знаменка ауылында қысымды бастоған жөнделді, Жарқын ауылында суқұбыры тоғанындағы 4 м болатын Д-150 мм құбыр ауыстырлды, Абралы ауылында 6 пм болатын Д-150 мм суқұбыры ауыстырылды, Шоқаман ауылында 6 пм болатын Д-219 мм құбыр желісі ауыстырылды. 
Свобода аралындағы суаққыда  - ААБ 3Х95-60 пм. к ТП – 1 кәбіл жүргізілді.  
Су құбыры құдықтарына 13 бетонды тақтайша, 16 қақпағымен люк орнатылды.  
Кәріздік құдықтарға 5 бетонды тақтайша, 30 қақпағымен люк орнатылды.  
15 бірлік су тарту сорғы станциясы, 7 бірлік суды тасымалдау сорғы станциясы жөнделді.  
Кәріздік сорғы станциясындағы №1 дюкерде Д-400 мм болатын ысырмаға ауыстыру жүргізілді.  
№ 44 жоғарылату сорғы станциясында 40 пм болатын Д-63 мм жылу желісі ауыстырылды.    
 
Көркейту секторы:
Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 237,42 шақырым жолды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді, ол 16 лотқа бөлінген, ол 180 қалалық көшелерді құрайды.
Жасалған шарттарға сәйкес, қаланың көшелерін, саябақтар мен скверлерді күтіп ұстау, басты мердігер кәсіпорын «Семей» көгалдандыру және көркейту бойынша МКК жүргізеді, бұл кәсіпорынның қарамағында үш жол ұйымы субмердігерлер бар:  «Гордорстрой» ЖШС, «Озон-93» ӨК және «Баймаганбет» ЖШС.
Сонымен қатар, қашықтығы - 199,0 шақырым болатын, жергілікті маңызды жолдарды ұстау бар. Бұл жолдарды ұстауға басты мердігер кәсіпорын «Семей» көгалдандыру және көрейту бойынша МКК-мен шарт жасалған, субмердігері «Озон -93» ӨК. Шүлбі кентінің автожолдарына және кенттің ішкі жолдарына күтім жүргізіледі. Бұл жұмыстарды атқаруға арналған «Семей» көгалдандыру және көрейту бойынша МКК-мен шарт жасалған. 
Семей қаласы бюджетінен бөлінген 62 млн. теңге көлеміндегі қаржы шегінде  8 көшенің жүргін бөлігі учаскелерін орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді: Боранбай би көшесі (Докучаев көшесінен Спартак көшесіне дейін), Фрунзе көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Найманбаев көшесіне дейін), Терешков көшесі (айналма жолдан Буденов көшесіне дейін), Дулатов көшесі (т/ж өткелінен Елемесов көшесіне дейін), Гагарин көшесі (Итерноциональная көшесінен Козбагаров көшесіне дейін), Ш.Уалиханов көшесі (Шәкәрім даңғылынан Б.Момышұлы көшесіне дейін), Гагарин көшесі (Шәкәрім даңғылынан Герцен көшесіне дейін), М.Әуезов даңғылы. 
Сонымен қатар облыстық бюджеттен 219 млн. теңге көлемінде ақшалай қаржы бөлінген, осымен ұзындығы 12 км болатын қаланың 17 көшесінің жүргін бөлігін орташа жөндеу жұмыстарымен қамтуға болады. 
Қазіргі уақытта келесі көшелердің жүргін бөлігі учаскелерін орташа жөндеу бойынша жұмыстар орындалды: Чехов, Марсеков, Социалистическая, Щорса, Буренков, Аюченко, Дулатов, Шәйжүнісов, Рубусина. Садовая көшесіндегі жол учаскелеріндегі жұмыстар аяқталуда. Жолдардың қалған учаскелеріндегі жұмыстар 2015 жылғы қазан айының аяғына дейін орындалатын болады.  
Көшелердің эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында, сонымен қатар келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында жол жиегіндегі апатты және діні құрғап кеткен ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде. . 
Ертіс өзенінің оң жағалауы бөлігіндегі Жағалауын ағымды жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, онда жаяужол жабынын ауыстыру, кіші сәулет формаларын және қоршаулар орнату жұмыстары орындалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 
 
Көлік секторы:
Көлік секторымен жолаушыларды тасымалдау саласында келесі жұмыстар атқарылды: 
Қоғамдық көлікте жол жүру құнын көтеру мәселесі бойынша қалалық тасымалдаушылардың өтініші бойынша, ұсынылған есептемелер жұмыс тобының отырысында қарастыра отырып, тексерілуде.  
Есеп мерзіміне ақырғы аялдамаларда қоғамдық көліктерінің жұмыс кестесін тексеру бойынша өткізілетін мониторинг шегінде  іс-шаралар өткізілді. Ақырғы аялдамаларда тұрған тексерушілердің есепті шұғыл тапсыруы үшін жұмыс тобы құрылған. 
Мұнай өнімдерінің құнына және қорына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қаланың барлық жанар-жағармай құю станцияларында ЖЖМ құны «ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ белгілеген құннан жоғары емес. Инфляциялық процесстер және хаттамалық тапысрма бойынша «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ақпараттар жолданып отырады. Облыс басқармасына айына бір рет жеңілдікпен бензин беруге келісім-шарт жасасуға дайын ЖЖМ операторларының тізімі жолданып, шарттың орындалуына бақылау жүргізіледі.
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасына ай сайын есеп бере отырып, көлікке сыртқы жарнама орналастыру бойынша рұқсат берумен айналысады. 
 
 
ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
 
 

Көркейту және ТКШ 2007 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2008 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2009 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2010 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2011 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2012 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2013 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2014 жыл

Өңдеу күні: 11-04-2016