Акимат » Қаланың тұрғын үй қоры 2016 жылдың 1 қаңтарана

Қаланың тұрғын үй қоры 2016 жылдың 1 қаңтарана

«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ  «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілетті мамандарымен кондоминиум объектілерін басқару аясындағы  қызметтердің жүргізілуі прокуратурада тіркеліп, тексеру актілері дайындалып, тексерілді, осы тексерудің қорытындысы бойынша басқару органдарына ұйғарымдар берілді және ұйғарымдардың орындалуы бақылауға алынғандығын хабарлайды. Барлығы 65 ұйғарым берілді, соның ішінде 23 кондоминиум объектілерін басқару сұрақтарына қатысты болса, 32 – ұйғарым үй ішіндегі инженерлік жүйелердің дұрыс жағдайда болмауына байланысты. 
Басқару органдары жоқ көп пәтерлі тұрғын үйлермен мүліктерді түгендеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қала аймағын аралау арқылы  қосымша 148 тұрғын үйдің  мекенжайы анықталды, осыған байланысты Жылжымайтын мүлік орталығынан ғимараттардың мінездемесі бойынша мәліметтер алынды. 
Бөлім кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін  техникалық зерттеу ұйымдастыру бойынша өкілеттілікті жүзеге асырады. Апатты тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасын құру үшін апатты тұрғын үй қорын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  
Төтенше  резервінен бөлінген қаражат есебінен 2014 жылғы  желтоқсан айында Ертіс өзені мен Семей ағысындағы сулардың көтерілу нәтижесінде  зардап шеккен Восточный кенті мен Полковничий аралығындағы 13 үйлерге тексеру жүргізілді.  
Бүгінгі таңда қалада 25 үйлер апатты деп саналады, соның ішінде 22 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 жекеменшік үй.
Маусым айында  2015 жылы 14 маусымда болған қатты желден зардап шеккен 66 көп пәтерлі тұрғын үйге сыртынан қарап тексерілді, осылардың ішінен 17 үйге төтенше жағдайлар қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Жыл сайын тұрғын үй инспекциясы коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және МКМ «Телокоммунэнерго» мамандарымен бірге  көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы бойынша жұмыстар бақылауға алынады. Барлық басқару органдарының басшыларына үйлердің қыс мезгіліне дайындық паспорттарының формалары және жылу беруге дейін жүргізілетін шаралардың тізімі беріледі. Инженерлік  жүйлердің техникалық жағдайы бойынша ескертулері бар және штаттан тыс жағдайлар туындаған 14 проблемалық тұрғын үйдің тізімі анықталды. Осы үйлер бойынша жасалған ескертулер бақылауға алынып, бірлесіп жиналыстар өткізілді. Барлығы 32 жиналыс өткізілді, соның ішінде коммуналдық қызметке қарыздар мәселесі бойынша да жұмыстар жүргізілді. Атқарылған  жұмыстардың нәтижесінде  тұрғын үй объектілеріне жылуды қосу уақытында жүргізілді.
Тұрғын  үй (пәтер) иелерімен өткізілетін жиналыстарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, бөлімнің басшысымен, мамандармен халықты мәселелі сұрақтар бойынша қабылду үнемі өткізіліп тұрады.  Қалалық ақпарат құралдарында тұрғын үйді басқару және энергияны үнемдеу бойынша 26 түсіндірме құжаттары жарияланды. 
2016 жылдың жоспарында жоғарыда көрсетілген   функциялардың  орындалуы ескерілді. Сонымен қатар  «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ШҚО тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және энергетика Басқармасымен, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына кондоминиум объектісін басқару аясында іріктеп тексеру жүргізу жоспары келісіліп, құрастырылды.  Тексеруге қызметтері өте төмен жағдайдағы 30 ұйымның іс-әрекеттері жататын болады. 
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Өңдеу күні: 11-04-2016