Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Дене шынықтыру және спорт бөлімімен дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша 2015 жылы  бірқатар жұмыстар атқарылды. Қабылданған шаралар Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың динамикалық дамуына септігін тигізеді. 
Семей қаласында бүгінгі таңда 340 620 адам тұрады, оның шамамен 100 000 мектеп оқушылары мен студенттер құрайды. Олардың қызметіне 379 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, оның ішінде 3 үлкен алаң, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар. Қала тұрғындарының қысқы демалысын қамтамасыз ету мақсатында қалада жыл сайын 4 үлкен мұз айдыны жұмыс істейді. 
Ағымдағы жылы педагогикалық колледж базасында жалпы құны 10 млн. теңгеге гимнастика, бодибилдинг және фитнеспен айналысу үшін гимнастика және жаттығу залы ашылды.
2015 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында «Жас – Жұлдыз» балалар орталығында таэквондодан жаттығу залы ашылды.
«Полковничий» аралында жалпы құны 7,5 млн. теңгеге жасанды жабындымен шағын – футбол алаңы салынды.
Старая крепость ауданында медицина университеттің қала сыртындағы лагерінде шаңғы базасы ашылып, 100 дана шаңғы сатылып алынды. 
Толстой көшесі, 6 мекен-жайында жеке кәсіпкер А. Алтайбаев жалпы құны 50 млн. теңге тұратын поуэрлифтинг залы салынды. 
Футбол манежінің құрылысы үшін 20 млн. теңгеге мемлекеттік сараптамасы мен бірге технико - экономикалық негіздеме құрастырылды. Қазіргі уақытта облыстық бюджет есебінен футбол манежінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама даярлау үшін облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасына 170 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жіберілді.
Хоккей модулінің құрылысы бойынша 609 млн. теңгеге мемлекеттік сараптамасымен жобалық сметалық құжаттамасы даярланып, бюджеттік тапсырыс облыстық құрылыс басқармасына жолданды.
Биатлон кешенімен бірге шаңғы базасының құрылысы үшін Озерка кентінің ауданында жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы мен жер теліміне АКТ даярланды және жобалық сметалық құжаттама даярлау үшін бюджеттік тапсырыс берілді.
Степной кентіндегі ипподромды жөндеуден өткізу үшін 7 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. 
Селевина көшесінде орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешенінің аумағында құны 150 млн. теңгені құрайтын 40 орындық жабық хауыздың құрылысы жоспарлануда, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. 
Республикалық кекушинкай-каратэ Федерациясы 70 млн. теңге тұратын каратэ-модуль залын салуды жоспарлауда, қазіргі таңда жер телімін бөлу сұрағын шешу қажет. 
Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен құны 100 млн. теңгені құрайтын ауыр атлетика залының құрылысы бойынша меморандум бекітіліп, жер телімі бөлінді.  
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың 2015 жылғы 5 наурыздағы № 1/154 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Дастенов көшесі, 34 «А» мекен-жайында орналасқан «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында дарынды балаларға арналған 200 орындық жатын корпусының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта оның жертөле қабаты аяқталып, бірінші қабаттың құрылысы басталды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан жалпы білім беру орта мектептерінің спорттық секцияларына төлем қайтарылатын болады. Ол балалар мен жасөспірімдер арасындағы дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың санын арттыруға және балалар мен бозбалалар арасында қылмыстың азаюына септігін тигізеді.
Бүгінгі күні 379 спорт ғимаратының 18 спорт ғимараты төлқұжаттаудан өтті.
Кәмелет жасқа толмағандар және жасөспірімдер арасында қылмысты азайту және балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, сабақтан тыс уақыттарда 800 –ден астам әр түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. 
Қазіргі уақытта 37398 оқушының ішінен спорттық секцияларға қатысатыны 25469, яғни 25,4 %.
Барлық ауыл округтерінде спорт залдар бар, оларда дене шынықтыру және спортпен 2000 балалар және ересектер үнемі шұғылданады.
2012 жылдан бері дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2012 жылы 50990  адам немесе  (15 %), 2013 жылы 61885 адамды немесе 18,3 % -ды, 2014 жылы 99600 адам немесе 29 %, 2015 жылы 99897 адам немесе 29,6  % -ды құрады. 
Қалада облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» және білім бөліміне қарасты спорттық шеберлік мектебі, 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. 
Спорт саласында 692 маман қызмет атқарады, оның 595 бірлігінде жоғары дене шынықтыру білімі, 97 бірлігінде орта арнайы дене шынықтыру білімі бар. Соның ішінде 295 жалпы білім беру орта мектептерінің мұғалімдері, 163 Жоғары оқу орындары мен колледждердің мұғалімдері, 192 бірлік спорт бойынша жаттықтырушы – мұғалімдер, 15 бірлігі балалар жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлері (директор, директордың орынбасары, әдіскерлер). 12 бірлігі кәсіптік техникалық мектептердің мұғалімдері және дене шынықтыру пәндерінің басшылары, 12 бірлік спорт клубтар аппараттарының, 10 бірлік басқа дене шынықтыру қызметкерлері.  
Қалада спорттың 65 түрі, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, жағажай волейболы, баскетбол, стритбол, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күресі, ауыр атлетика, бокс, коньки тебу спорты, шайбалы хоккей, шаңғы спорты, әскери – қолданбалы спорт түрлері, гандбол,  допты хоккей (бенди), велоспорт, полиатлон дамыған.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті орган ретінде «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Барлығы 361 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2015 жылы 1892 қалалық жарыстар өткізілсе, спортшылар 167 облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.
Жыл сайын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында жеті спорт түрі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің спартакиадасы өткізіледі. Сонымен бірге облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадаға бөліммен Семей қаласының құрама командаларын  келесі спорт түрлері бойынша қатыстыру қамтамасыз етіледі: шағын – футбол, шахмат, үстел теннисі, волейбол (ерлер), бильярд, суда жүзу. Ағымдағы жылы бағдарламаға тоғызқұмалақ және Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар енгізілді. 
Жыл сайын Семей қаласы 21 спорт түрінен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өтетін облыстық халықтық спорт ойындарына қатысады. Осы жарысқа дайындық мақсатында дене шынықтыру және спорт бөлімімен іріктеу жарыстары және оқу – жаттығу жиындары өткізіліп, командалар спорттық жабдықтармен және шеруге киетін киімдермен жабдықталады. Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін облыстық ХІХ халық спорты ойындары 2015 жылдың 12-16 маусымы аралығында Өскемен қаласында өтіп, Семей қаласының құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды. 
Ағымдағы жылы волейболды дамыту мақсатында Семей қаласының волейбол федерациясы құрылды;
- 2014 жылдан ауыл жастарының спартакиадасы жанданып, 700-ге жуық адам қатысты, қазіргі уақытта ІІ спартакиада өтуде.
- 27 жылдан кейін қалада кәсіпорындар және ұйымдардың дене шынықтыру ұжымдары арасында 5 спорт түрінен қалалық спартакиада өткізілді: шағын-футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, спартакиадаға ұйымдардан 14 команда қатысты, олардың ішінде «Силикат» АҚ, «Цемент зауыты» ЖШС, «Теплокоммунэнерго», «Водоканал», ФИК «Алел» АҚ және т. б.  
- «Спартак» стадионында ай сайын үздіксіз шағын-футболдан С. Рымбаевты, В. Дронкинді еске алуға арналған, «Наурыз» мерекесіне арналған жарыстар өткізіледі, жарысқа 20 –дан астам команда қатысады. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінде ай сайын шағын – футболдан әуесқой футболшылар лигасы өткізіледі, 20 команда, 2500 адам қатысады. Тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар, соның ішінде қысқы спорт түрлері бойынша «Алтын шайба», «Шаңғы шақырады», «Жаңа жыл жарысы», аула клубтарының қысқы старттары және т.б. бар. Қала тұрғындарының бұқаралық мұзда коньки тебуі үшін үлкен мұз айдындары құйылды.  Күнделікті Старый Крепость, Қызыл Кордон аудандарындағы шаңғы базалары қала тұрғындары үшін жұмыс істеді.
- «Наурыз мейрамы» құрметіне қаланың әртүрлі алаңдарында 300 –ден астам адам қатысқан гір тасын көтеру спортынан, таэквондодан, дойбыдан және үстел теннисінен жарыстар өткізілді;
- Семей қаласы тұрғындарынан тұңғыш рет президенттік сынамаларды ауқымды түрде қабылдау шаралары өтіп, оған 32190 адам қатысты.
- 2015 жылдың 20-27 ақпанында Дастенов көшесі 34 «А» мекен – жайындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде «А» тобындағы ерлер командалары арасындағы жоғары Лигадағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХІІІ Чемпионатының ІІІ – ші туры өтті. 
- 22-29 наурыз аралығында жасөспірімдер арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп, оған Қазақстанның облыстары мен қалаларынан 21 команда қатысты. 
28 маусымда қала әкімінің бастамасымен алғаш рет веложүгіру ұйымдастырылып, оған үлкен белсенділік танытып, қаланың 500-ден астам тұрғыны қатысты.
2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Салауатты өмір салтына – ия деп айт» атты республикалық денсаулық фестивалі өтті. Осы іс-шара қаланың 13 алаңында өтіп, оған 60000 адам қатысты.
- 9-12 қазан аралығында Дастенов көшесі 34 «А» мекен-жайындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде грек – рим күресінен Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Б. Тұрлыхановтың Мемориалы – халықаралық турнирі өтті.
-22-24 қазан аралығында самбо күресінен Қабанбай батырдың Мемориалы және Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді.
- 16-21 қараша аралығында Дастенов көшесі 34 «А»  мекен-жайындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде жасөспірімдер арасында бокстан республикалық аймақтық чемпионаты өтті. 
2015 жылдың 8-11 желтоқсанында Семей қаласында қол күресінен және гір тасын көтеру спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
Қыркүйек айында алғаш рет қалада гандболдан жарыс өтіп, оған 8 студенттік командалар қатысты.
Сонымен бірге қалада футбол сүйер қауымның Лигасы, баскетбол Лигасы құрылып, онда 35 команда қамтылып, 1700 –ге жуық адам қатысуда.
2014 жылы 350 –ден астам спортшылар әртүрлі республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанды және жүлделерге ие болды.
2015 жылы:
Ахмадиев Ердос шаңғы жарысынан 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының ту ұстаушысы, 2015 жылдың 13-17 қаңтарында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 30 шақырымдық (скиатлон) жарыста алтын медальға ие болды;
Галина Вишневская биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш дүркін Қазақстан Республикасының Чемпионы, Раубичиде (Минск) өткен юниорлар арасындағы Әлем Чемпионатының күміс және қола жүлдегері;
Ықыбаев Дастан-халықаралық дәрежедегі спорт шебері Оңтүстік Кореяның Инчихон қаласында өткен дзюдо күресінен ХVII Азия ойындарының күміс жүлдегері, дзюдо бойынша «Гран – При Тбилиси 2015» (Грузия) күміс жүлдегері;
Бектасқызы Зере самбо күресінен халықаралық дәрежеді спорт шебері, самбодан 2015 жылғы Әлем Кубогының екі дүркін қола жүлдегері, Минск қаласында өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, дзюдо, самбо бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионы, «Харлампиев 2015 Мемориалы», Самбо бойынша Әлем кубогының кезеңі Халықаралық турнирінің қола жүлдегері (26-30 наурыз Москва қаласы).
Маулетова Альмира гір спортынан 2015 жылдың 10-11 наурызында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері;
Тыныбаев Архат, Барлықов Дулат, Шылғауов Өндірхан 2015 жылдың 10-14 наурызында Шымкент қаласында өткен жастар, ардагерлер арасында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатының жүлдегерлері;
2015 жылдың 5-7 наурызында Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған пневматикалық винтовкадан ату бойынша қыздар арасындағы республикалық турнир өтіп, Семей қаласының спортшылары ШҚО құрамында І орынға ие болды;
Аманбаева Жұлдыз, Кажимов Нұржан 2015 жылдың 7-10 мамыр аралығында Қарағанды қаласында өткен таэквандодан Қазақстан Республикасының жеңімпаздары. 
2015 жылдың 1-9 тамызында Индияның Пуна қаласында кикбоксингтен Азия Чемпионаты өтіп, әртүрлі салмақ дәрежелері арасында Құдайбергенов Бауыржан, Тұрысбеков Саят, Нұрғалиев Қанағат алтын медальға ие болды.
19-25 тамыз аралығында Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, Семей қаласының 10 өкілі қатысты. Олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды. +105 кг. салмақ дәрежесінде бірінші орынға Евгений Колесников, екінші орынды Екатерина Быкова, күміс жүлдені көптеген рекордтарды орындаушы Елизавета Белоусова жеңіп алды.
7-14 қыркүйекте Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты өтті. Ольга Королева, Құлжан Түсүпбекова, Даяна Түсіпжанова Қазақстан Республикасы құрама командасының сапында рапиристер арасында күміс медальға ие болды.
Малайзияның Куала –Лумпур қаласында 27 қыркүйек – 03 қазан аралығында қол күресінен Әлем Чемпионаты өтті. Бұл Бүкіл әлемдік қол күресі федерациясының ұйымдастыруымен өтетін 37 –ші чемпионат. Семей қаласының спортшылары 75 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде Шылғауов Ондірхан және жастар арасында 55 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде Тыныбаев Архан күміс жүлдеге ие болды.
Семей қаласында 2015 жылдың 8-11 желтоқсанында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының Кубогында Кравцов Дмитрий жеңімпаз атанды.
2015 жылдың 3-5 желтоқсанында Тараз қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының федерациясының Кубогы өтіп (командалық), Семей медицина университетінің құрама командасы І орынға ие болды.
Қазіргі уақытта Семей қаласында саңыраулар және соқырлардың бірлестігі, қоғамына біріккен мүмкіндігі шектеулі 10 мыңнан астам адам тұрады. 1000 – нан астам бала интернат мекемелерінде тәрбиеленеді, олардың 400 –ден астамы ақыл – ойы бұзылған және тірек – қимыл жүйелері зақымданған әлеуметтік қызмет көрсету бойынша орталықтың және 600 бала арнайы мектеп – интернаттардың тәрбиеленушілері. 
  Мысалға алсақ Қазақ саңыраулар қоғамының аймақтық филиалында 308 адам тіркеліп тұр. Олардың арасында шағын – футболмен 30 адам, үстел теннисімен 10 адам, қол күресімен 10 адам, жеңіл атлетикамен 30 адам, дойбы және шахматпен 10 адам, тоғызқұмалақпен есту қабілеттері төмен мүгедек 15 адам үнемі шұғылданады.
Мүгедектерге дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қаланың спорт ғимараттары тегін беріледі. Барлық интернат мекемелерінде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, үстел теннисі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардан тұратын қала командалары үнемі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға үнемі қатысады.
Қабыжанов Болат 2015 жылдың 12-18 ақпанында Алматы қаласында өткен көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы;
№ 3 көздері нашар көретін балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілері Самарханов Дамир, Көккөзов Айдос, Рахимжанова Эльвира сәуір айында Шымкент қаласында өткен көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында жеңімпаз атанды.
Шәкәрімов Ержан 2015 жылдың 24-30 сәуірінде Шымкент қаласында өткен ТМҚА зақымданған спортшылары арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы;
Тайменов Данияр 2015 жылдың 26-30 қазанында Тараз қаласында өткен қол күресінен мүмкінідіктері шектеулі тұлғалар арасындағы Әлем Кубогының жеңімпазы атанып, 2015 жылдың 21-24 қарашасында Польша Республикасының Румия қаласында өтетін есту қабілеттері төмен спортшылар арасындағы қол күресінен Әлем чемпионатына қатысып, алтын медальға ие болды; 
Қала әкімінің бастамасы бойынша 28 маусым күні қалада алғаш рет веложүгіру өтті және оған 500-ден астам қала тұрғындары қатысты. 
Қалада спорттық туризм анағұрлым танымал болуда, оған 3820 адам үш санат бойынша қосылған: ересектер, жасөспірімдер және кіші мектеп оқушылары. Кадрлық құрылымда: 10 жаттықтырушы, оның екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.
Семей қаласында тұрғындардың қысқы демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастыру – техникалық жоспар құрылып бекітіліп, соған сәйкес 2016 жылдың 05 қарашасында қалада бұқаралық коньки тебу үшін 4 мұз айдыны «Цементник» стадионында, «Локомотив» стадионында, орталық демалыс паркінде, «Строитель» профилакториінде шаңғы, шана, конькиді жалға берумен бірге құйылды. Онда күніне 3 мыңнан астам адам демалады. Конькилерді жалға беру құны сағатына 200 теңгеден – 500 теңгеге дейін. Ұжыммен бірге келсе, тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған, балалар үйлерімен мүгедектерге келу тегін.
Тұрғындардың сауықтырылуы және демалуы үшін күнделікті 5 шағңы базасы жұмыс істейді. Олар «Тиса» шаңғы базасы, олипиадалық спорт түрлері бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің шағы базасы, Шәкәрім университетінің және Семей медицина университетінің шаңғы базалары, «Строитель» шаңғы базасы. Онда қала тұрғындары үшін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін шаңғы, шаналарды жалға беру ұйымдастырылған және монша, тамақтану орны, жылы киім ауыстыру орны бар.
Озерка ауылдық округінде «Боровлянка», Мұрат ауылында және Старый Крепость ауданындағы «Строитель» профилакториінде 3 демалу базасы жұмыс істейді. «Боровлянка» және «Строительде» шаңғы және шаналарды жалға беруден басқа, барлық жабдығымен жанұялық және корпоративтік демалыс үшін қонуы қарастырылған бөлмелер беріледі.
Жалпы білім беру орта мектептерінде және интернаттарда 10 қарашаға дейін 20х40 кв. м. болатын 35 хоккей қораптарын құю жоспарлануда. (№2,3,4,6,8,12,13,15,16,18,22,32,33,34,35,36,39,41,44, № 4 интернат, «Локомотив» стадионы). Ауылдық және кенттік округтерінде 6 хоккей қораптарын және 11 сырғанақ құю жоспарланған.
Барлығы қысқы уақытта қалада 100 мың адамды қамтитын шамамен 70-ке жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың ішінде: бұқаралық жүгіруден «Шаңғы шақырады», еңбек ұжымдары, оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы шаңғыдан жарыс. Коньки тебуден «Жаңа жыл жүлдесі», шайбалы хоккейден, допты хоккейден оқушылар, ересектер және ардагерлер арасындағы жарыстар.
Ақпан айының 1-нен бастап спорттың қысқы түрлері бойынша меншік түріне қарамастан ұйымдар, мекемелер арасындағы еңбек ұжымдарынан Президенттік сынақ қабылдау басталады. Жалпы 20 мыңға жуық адмды қамту жоспарлануда. 
Сонымен бірге аймақта дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар.
1. Қалада спорт мектептерінің жетіспеушілігі, бүгінгі күні қалада барлығы 4 спорт мектебі бар, салыстырсақ Өскемен қаласында 12 спорт мектебі; 
2. Футбол манежінің құрылысы үшін жобалық сметалық құжаттама даярлауға қаражаттың бөліну мәселесі ашық болып отыр (техникалық экономикалық негіздеменің мерзімі 2015 жылы аяқталады).
3. Құрылыс басқармасына 2015 жылы хоккей модулінің құрылысы үшін бюджеттік тапсырыс жіберілді, бірақ қаражат бөлу мәселесі шешілген жоқ. Осы ғимараттың салынуы қалада тек хоккейдің емес, сонымен бірге мәнерлеп сырғанау және шорт - тректің дамуына септігін тигізеді. 
4. Көптеген оқу орындарында спорттық құралдардың жетіспеушілігі байқалады, мысалы қысқы спорт түрлері бойынша жалпы білім беру орта мектептерінде, колледждерде шаңғылар болмағандықтан міндетті оқу бағдарламасына кіретін қысқы спорт түрлері бойынша сабақтар өткізілмейді. Көптеген колледждерде спорт залдар жоқ болғандықтан сабақтан тыс уақыттарда оқушылар мен студенттердің аз қамтылуы және дене тәрбиесінің дайындығы төмен болады. Жоғарғы оқу орындары және колледждердің 40 мың студенттерінің 11 % -ы спортпен үнемі шұғылданғандықтан кәмелет жасқа толмағандар және жастар арасында құқықбұзушылықтың өсуіне әкеліп соғады. 
5. Қазіргі уақытта Семей қаласында 10 мыңнан астам мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар тұрады. Олардың арасында дене шынықтыру және спортпен айналысқысы келушілердің санының өсуі байқалады. Осыған байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін спорт клубының ашылуының қажет екені байқалады.
6. Қалалық ипподром күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді, ол жерде ұлттық спорт түрлерін өткізуге мүмкіндік береді.
2016 жылы дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша міндеттер:
- Дастенов көшесі, 34 «А» мекен-жайында орналасқан «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында дарынды балаларға арналған 200 орындық жатын корпусы құрылысының аяқталуы;
- Азаматтарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тартудың санын арттыруды 2015 жылы 29,6 % - ға, 2016 жылы 30 % - ға дейін жеткізу;
- Спорттық секциялардың санын 12 %-ға арттыру (2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 4,2 %).
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі
 

 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жыл
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 13-04-2016