Акимат » Семей қаласында тілдердің дамуы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында тілдердің дамуы 2015 жылдың 1 қаңтарына

Қаламыздағы мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында 2015 жыл бойынша барлығы 40 іс-шара:  3 фестиваль, 14 конкурс,  2 семинар, 3 олимпиада,  3 айлық,  5  акция, жастар арасында дебаттық турнир және  қалалық 3  ақындар айтысы, 3 дөңгелек үстел отырыс, мемлекеттік қызметшілер арасында 2 диктант жазу акциясы  және  2  КАЗТЕСТ сынағы өткізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық, облыстық, қалалық конкурстар мен байқауларда үнемі жүлделі орындарға ие болуда.  
Үйлесімді тілдік саясатты іске асыру мақсатында «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» 2015 жылы тіл оқыту курсының тыңдаушылар саны – 278 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 90 адам, қала тұрғындары – 188 адам. Жексенбілік мектептердегі 4 топта   ана тілдерін (неміс, кәріс, татар, еврей тілдері) оқыту ұйымдастырылып, барлығы 59 оқушы оқытылды. 
Мемлекеттік қыметкерлердің 89,1 % мемлекеттік тілді өз қызметінде қолдануда.  Бұл құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағын көтеруге мүмкіндік берді және де қала әкімі аппараты мен дербес бөлімдердің шығыс құжаттарының 99,9 % мемлекеттік тілде орындалады. Сонымен қатар үш айлық ағылшын тілін оқыту курсында мемлекеттік қызметкерлер мен  қала тұрғындары оқытылады. 
Қала көлеміндегі көрнекі ақпараттарды рәсімдеуде кемшіліктерді тексеру, әдістемелік көмек көрсету  мақсатында қаламыздың жастар ұйымдарымен бірлесіп рейд жұмыстары жүргізіледі, 2015 жылы 154 нысан тексеріліп, анықталған 32 кемшілік түзетілді. 
Мемлекеттік тілді меңгерген қала тұрғындарының үлесі  78 %;
Ағылшын тілін меңгерген қала тұрғындарының үлесі - 3,4%;
Этнос өкілдерінің ана тілдерін меңгеру деңгейі – 24%.
Мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғастырылуда.   
 
Мәдениет және тілдерді бөлімі
 
 

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 14-04-2016