Акимат » Ветеринария туралы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Ветеринария туралы 2016 жылдың 1 қаңтарына

1. Диагностикалық   және  ветеринарлық - алдын  алу  іс - шаралардың бекітілген  жылдық  жоспарға  сәйкес  орындалуы.
2. Ветеринарлық      препараттар     (вакцина,   сарсу,   биопрепараттар  және т. б.)  қорын қамтамасыз ету және уақытында жеткізу.
3.  Ветеринарлық мамандардың еңбекақы көлемін өсіру.
4. Ауылдық округтердегі ветеринарлық пункттерді интернет,  телефон желісімен, электр жүйесімен, көмір-отынмен және арнайы құралдармен, көлікпен, материалдар шығынымен, керек инвентарьмен жабдықтау.
5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын бригаданың санын көбейтіп қосымша қаражаттың бөлінуін, көлікпен және заманауи ату құрадарымен (мылтық, қапқан, улармен және т. б.) қамтамасыз ету.
6. Семей қаласының сол жағалау және он жағалауна мал қорымдарын салу мәселесі.
7. Ауылдық  жерлердегі  ветеринарлық  пункттердегі  ветеринарлық мамандарды (тұрғын үй, коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуін және т. б.) әлеуметтік қолдау мәселерін шешу. 
 
Семей қаласы ветеринария бөлімінің атқарылғын жұмыстары
 
Ветеринария  бөлімінің  жұмыстары адамдар денсаулығы үшiн аса қауiптi және ауыл шаруашылығы малдары ауруларының алдын-алу бойынша  «Ветеринария   туралы»   Қазақстан   Республикасының   2002    жылғы            10 шiлдесiндегi  № 339-ІІ Заңына сәйкес жүргiзiледi, бөлімнің  негізгі міндеттері:
жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
жануарлар  мен адамдарға    ортақ аурулардан тұрғындар денсаулығын қорғау;
қала аумағында мал дәрiгерлік-санитарлық қауiпсiздiқті қамтамасыз ету болып табылады;
2015 жылы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес төмендегідей алдын алу іс-шаралары жүргізілді: сібір жарасына қарсы ірі қара малы – 42 200 бас, ұсақ мүйізді малдар – 160 000 бас, жылқы– 18 000 бас, шошқа – 1 500 бас, аусылға ірі қара малы – 87 200 бас, ұсақ мүйізді малдар – 298 200 бас, құтырмаға ірі қара малы – 11 700 бас, ұсақ мүйізді малдар – 54 000 бас, жылқы – 10 000 бас, ет қоректілер – 9 000 бас, қарасанға  – 30 000 бас, пастереллезге ірі қара малы – 11 000 бас, ұсақ мүйізді малдар – 20 000 бас, жылқы – 2 800 бас, шошқа – 1 000 бас қарсы егілуден өтті. 
Аллергиялық  тәсілімен  туберкуллезге  тексерілді:  мүйізді ірі қара –     91 000 бас, жылқыларды САП-қа – 20 000 бас. 
Бруцеллезге диагностикалық тексеру: мүйізді ірі қара – 50 000 бас, ұсақ мүйізді мал – 99 700 бас, жылқы – 200 бас, ет қоректілер – 180 бас, шошқа – 460 бас. Оның ішінде оң нәтиже бергені: мүйіді ірі қара – 317 бас, ұсақ мүйізді малдары – 187 бас. Бруцеллезге барлық оң нәтиже берген малдар уақытында санитарлық союға өткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсан «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қаулысының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылы ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары басталды. Малдың басы және иелерi туралы ақпараттар «Ауыл шаруашылық малдарын теңдестiру» (ИСЖ) бағдарламасына сәйкес бiртұтас компьютерлік жүйеге енгізілуде. 2015 жылы компъютерлық базасына 19 899 бас - ірі қара, 29 100 бас - ұсақ малдары, 3 200 бас – жылқы, 1 150 бас - шошқа енгізілді, аталған жұмыс жалғасуда.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын атқару үшін қалалық бюджеттен 11,05 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні бөлінген соммадан – 8,2 млн. теңге игерілді.  Бөлінген қаражатқа Семей қаласы және ауылдық округтер бойынша  -  3 915 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып жойылды.
2015 жылы «Cемей қаласы ветеринарлық - фитосанитарлық қызметі» КМК-сі қала және ауылдық округтердегі тұрғындардың қора-жайларына 58 келісім – шарт жасалынып, 191,6 мың теңгеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 
 
 
Ветеринария бөлімі
Өңдеу күні: 18-04-2016