Акимат » Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде қалалық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде қалалық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат

2015 жылғы 30 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы Жолдауымен сөз сөйледі. 
Семей өңірінде қала әкімінің орынбасары бекіткен, құрамына қоғамдық, кәсіподақ, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары кіретін, 700 адам қамтылған 65 ақпараттық-насихаттау тобы құрылған, 61400 адам қамтылған 810 кездесу өткізілді, бұл тұрғындардың 25 % құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспары және медиа-жоспар дайындалды.
Ақпараттық-насихаттау топтарының ауылдық округтерге және дербес бөлімдер басшыларының қаланың ұйымдары мен мекемелеріне ағымдағы жылдың бірінші және екінші тоқсандардағы іссапар кестесі әзірленді. 
15 қаңтарда 350-ден астам адам қатысқан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы мен Семей қаласының алдына қойылған міндеттерді түсіндіру жөнінде қалалық актив өтті. 
Қаланың ЖОО мен колледждерінде 11.5 мыңнан астам студент жастар қамтылған 75 кездесу өткізілді. Қала мектептерінде  9,5 мың мұғалімдер мен оқушыларды қамтыған 66 кездесу өткізілді.
Қаланың 54 емдеу мекемесінде 5044 медициналық қызметкерлер қатысқан ұжымдық жиналыстар өткізілді. Қаланың білім беру мекемелеріндегі 67 кездесуге  5465 педагог қатысты. 
Бөлім басшылары бекітілген кестеге сәйкес Ертіс, Знаменка, Озерки, Приречный, Ақбұлақ, Таңат ауылдық округтерде және Шүлбі кентінде іссапармен болып қайтты. Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қорғаныс істері басқармасында, ЗТМО Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Семей қалалық бөлімшесінде, жұмыспен қамту орталығында, қалалық телекоммуникациялар дирекциясында,  ШҚО қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында, қалалық қазынашылық басқармасында, «Семей АЭС» АҚ және өзге де ұжымдарда  Президент Жолдауын түсіндіру бойынша сөз сөйледі.
Қаланың өнеркәсіп орындарында, атап айтқанда «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Силикат» ЖШС, Семей асбестоцемент зауыты» ЖШС еңбек ұжымдарына бірқатар жиналыстар өткізіліп, оған жалпы 940 адам қатысты. Қала бизнесмендерінің  қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Қаланың бюджеттік ұйымдарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша стендтер орнатылды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары 2000-нан астам адамды қамтыған 18 кездесу өткізді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен Президент Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді.
Газеттерде «За строкой Послания», «Семейчане  о Послании», «Елбасы Жолдауы - халық қолдауы», «Ел мен жер», «Қала тынысы», «Әлеумет» атты айдарлар ашылған. «Казақстан - Семей» және «ТВК - 6» жергілікті телеарналарында Президент Жолдауы түсіндіріліп, 245 материал жарияланды. 
Семей қаласы әкімінің ресми сайтында меншік нысанына қарамастан, қаланың бірқатар еңбек ұжымдарында өткен Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесулер туралы фотосуреттері бар бірнеше жарияланымдар орналастырылды.
 
 
 
Ішкі саясат бөлімі
Өңдеу күні: 13-03-2017