Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы дін туралы 2016 жылдың 1 қаңтарына

Бүгінгі күнде қалада 19-исламдық (51,4 %), 4 – православиелік (11,4 %), 2 – католиктік (5,7 %), 10 – протестанттық  (28,5%) және  1–дәстүрлі емес (2,8%) тіркелген діни бірлестік бар. Барлығында тіркелгендік туралы құжаттары бар. 
Барлық діни бірлестіктермен қарым-қатынас орнатылған. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері діни мекемелерінде болады. 
2012 жылғы 25 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеу жүргізілді. Аталған жұмыс қаланың діни бірлестіктерін 30%-ға қысқартты.   (50-ден 35-ке дейін).
 
Қайта тіркеу қорытындысы туралы ақпарат 
 

Діни бірлестіктер

2012 жылдың

25 қазанына дейін

2012 жылдың

25 қазанынан кейін

1

Ислам

19

18

2

Православиелік

4

4

3

Католиктік

1

2

4

Протестанттық

25

10

5

Дәстүрлі емес

1

1

        Барлығы:

50

35

 
 
Семей қаласында бойынша діни бірлестіктердің тізімі 
 
 

Діни бірлестіктер

Қалада

Қала аумағында

Барлығы

1

Ислам

10

9

19

2

Православиелік

2

2

4

3

Католиктік

2

-

2

4

Протестанттық

8

2

10

5

Дәстүрлі емес

1

-

1

Барлығы:

23

13

36

 
 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысына сәйкес қалада анықталды: 
9 діни әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды таратуға арналған стационарлық ғимарат:
1)  «Арғымақ» сауда үйі;
2) «Жаңа Көктем» сауда үйі;
3) «Талғау» (№14 бутигі) сауда үйі;
4) «Талғау» ( «Muslima» бутигі ) сауда үйі;
5) «Тамаша» сауда үйі;
6) «Дом книги «Шакарим» сауда үйі»;
7) «Книгиня» дүкені; 
8) «Шақыру» дүкені;
9) «Посохин» ЖШС.
 
6 діни мекемелерден тыс жерде діни құлшылықты жасауға арналған ғимарат: 
1) «Станция Семей»-намазхана;
2) «Талғау»СҮ - намазхана; 
3) Шугаев көшесі №27/4 – намазхана;
4) Павлов көшесі №85а,  мешіт ғимараты; 
5) «Жансая»СҮ - намазхана;
6) Народная көшесі – Святителя Николая атындағы часовня. 
 
2015 жылдың 12 айының қортындысы бойынша 180 іс-шара өткізіліп 30 423 адам қамтыған. Оның ішінде: 105 халықпен кездесу, 9 ауылдық округтерде кездесу, 8 семинар, 18 лекция, 6 дөңгелек үстел, 3 конференция, 6 түзету мекемелерінде кездесу, 8 жеке кесдесулер және 17 басқа да  ұйымдастырушылық іс-шаралар.
 
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған материалдар өңірлік «Қазақстан - Семей», «ТВК-6» телеарналарында, «Семей таңы», «Вести Семей», «Ертіс өңірі», «Спектр», «Шығыс шұғыласы», «Ислам нұры» газеттерінде кеңінен орналастырылады.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес «ТВК-6» арнасында әр аптаның жұма күндері «Жұмадағы жүздесу» атты телебағдарлама көрсетіледі. «Қазақстан - Семей» арнасында көрсетілетін жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге арналған «Ойталқы» бағдарламасында да дін мәселесіне қатысты сұрақтар көтеріледі. 
Сонымен қатар ақпараттық материалдар қала әкімінің ресми веб-сайтында және республикалық ақпараттық сайттарда жарияланып отырады (akimsemey.gov.kz, altaynews.kz, inform.kz, interfax.kz, kt.kz, baq.kz, bnews.kz, i-news.kz). 
Жалпы қалалық БАҚ-да  229 материал жарияланды (баспа құралдарында – 112, 63 – видеосюжет және телебағдарлама, 54 – интернет-саттарындағы хабарлама). Оның ішінде 131 ақпараттық негізде болса, 98 насихаттық негізде.
 
Ішкі саясат бөлімі
 
 
 

 
Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылға
 
Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылға
 
Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылға
 
Семей қаласындағы дін туралы 2011 жылға
 
Семей қаласындағы дін туралы 2010 жылға
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 19-04-2016