Акимат » "№3 перзентхана" КМҚК

"№3 перзентхана" КМҚК

 

Жалпы ақпарат

КМҚК Перзентхана №3 негізі 1964 жылы қаланды.

Стационарда жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге  мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бағытталған өзінің ережелері мен дәстүрлері бар. Негізі қаланғаннан бастап перзентхана Семей мемлекеттік медициналық университеттің негізі болып табылады.

14 шілде 2008 ж мемлекеттік лицензияға  ВК 001026 DF серия № 0005323 сай келесі медициналық қызмет түрлерін көрсетуге құқығы бар.

Акушерия және гинекология, терапия, офтальмология, анестезиология, реанимация,  жалпы физиотерапия мамандығы бойынша ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Балаларға келесі мамандықтар бойынша стационарлық медициналық көмек көрсетіледі:

-неонатология,анестезиология және реанимация,невропатология,иммунды алдын алу жұмыстары;

Лабораторлық диагностика - жалпы клиникалық зерттеу, биохимиялық зерттеу, иммунологиялық зерттеу, серологиялық зерттеу, цитологиялық зерттеу.

Ультрадыбыстық диагностика - жүктілік кезінде, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде, сонымен қатар жаңа туған  нәресте  кезеңінде. Ультрадыбыстық доплерографиялық зерттеу жүргізіледі.

Эксперттік - медициналық қызмет - жұмысқа жарамдылық экспертизасы, медициналық статистика, санитарлық ағарту, тұрғындарды гигиеналық үйрету.

Стационар құрылымы:

Қазіргі уақытта перзентхана 60 койкаға арналған.

1. Кеңес беру - диагностикалық блок

2. Қабылдау бөлімі

3. Босану бөлімі

4. Босанғаннан кейінгі бөлім ана мен бала бірге болатын жеке босанғаннан кейінгі  палатасы

5. Жүктілерге, босанатын әйелге, босанған әйелдерге арналған қарқынды емдеу палатасы

6. Нәрестелерге арналған реанимация және қарқынды емдеу палатасы

7. Жүктілер патологиясы бөлімі

8. Жүкті әйелдің сұранысы бойынша амбулаторлы бақылау (ақылы негізде)

ҚР ДСМ  7 мамыр  2010 ж № 325 бұйрығына сай біздің стационар ана мен баланы қорғау мекемелерінде перинаталды көмек көрсету 2 дәреже деңгейіне жатады.

Келесі қызметтер көрсетеміз:

Жүктілер патологиясы бөлімінде 34 аптада және жоғары мерзімде уақытынан бұрын босану қауіпі бар жүкті әйелдерді бақылау.

Преэклампсия жеңіл дәрежесі кезінде бақылау, емдеу, босандыру. Көп су, кесір тілігінен кейінгі, миомэктомия және т/б асқынбаған  жатыр тыртығы кезінде бақылау, емдеу, босандыру.

34 апта және одан жоғары мерзімде көп ұрықтық жүктілік кезінде бақылау, босандыру.

Экстрагениталды патология, ремиссия кезеңіндегі жүктілерді емдеу, босандыру.

Жүктіліктің 32–36аптасында жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерімен жалған толғақтар

Зәр шығару жүйесі инфекцияларын емдеу.

Ұрықтың жамбаспен келуі кезінде босандыру.

Ауыр дәрежелі анемия кезінде емдеу және босандыру.

Жүктіліктің 34-37 аптасында уақытынан бұрын босану.

Перзентханада қазіргі заманға сай диагностикалық және емдеу құрылғылар жабдықталуы, дәрілік препараттар есебінен   материалды -техникалық базасы әлде қайда нығайды. Толыққанды жөндеу жұмыстары және ғимарат реконструкциясы жүргізілді.

Перзентхана   қазіргі заманға сай эффективті перинаталды технологияны меңгерген жоғары мамандандырылған медициналық қызметкерлермен қамтылған.

Дәрігерлер санаттылығы - 75%. Орта медицина қызметкерлері санаттылығы 74%. Қазақстан Республикасы Кодексі  "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", сыртқы комплексті бағалау және  2010 жылдың 8 қазанында № 1 аккредитациялық комиссия шешімі нәтижелері негізінде  КМҚК "№3 Перзентхана " аккредитациядан өтті деп танылды.

КМҚК«№3  Перзентхана» қызметінің негізгі мақсаты болып табылады:

1. Жүкті әйелдерге, босанатын  және босанған  әйелдерге, уақытында туған, сонымен қатар уақытынан бұрын туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

2. Дәлелдеу медицинасына негізделген медициналық қызмет сапасын дамыту мақсатындағы  клиникалық протоколдарды және эффективті шығыны аз технологияларды енгізу.

Стационар мақсаттары:

1. Ана өлімін болдырмау, перинаталды аурушаңдықты және өлімді төмендету.

2. Тұрғындардың қанағаттанушылығын және медициналық қызмет сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.

 

 

 

Бас дәрігер: Берікұлы Думан - дәрігер акушер-гинеколог

Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:  Царенко Инесса Владимировна, жоғары санатты  дәрігер акушер-гинеколог

Дәрігер –эксперт:  жоғары санатты  дәрігер акушер-гинеколог Оспанова Дамира Кожахметовна, жұмыс істеу стажы 40 жылдан артық.

 

            Байланыс телефондары:                                                          

 

Бас дәрігер:  54 – 64 - 63

Бас дәрігердің емдеу ісі орынбасары:  54 – 68 - 58

Қабылдау бөлімі: 54 – 65 - 00

Өңдеу күні: 12-05-2011