Акимат » Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2016 жылдың 1 шілдесіне

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2016 жылдың 1 шілдесіне

2016 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 3949 бірлікті құрады, ол 2015 жылдың (3763 бірлік) тиісті кезеңіне 4,9 % ұлғайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1891 бірлік, ол 2015 жылдың (1813 бірлік) тиісті кезеңіне 4,3% ұлғайды, белсенділері 1186 кәсіпорын немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 92,7% құрады.
Тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 27,3 мың бірлікті құрады.
2016 жылдың қаңтар – маусым айларында қала кәсіпорындарында барлығы 1064 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде шағын бизнес саласында 1049 (ол барлық құрылған жұмыс орындарыныан 98,6 %).
Шағын бизнестің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау арқылы шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жетімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Семей қаласы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жүзеге асуынан бастап жалпы сомасы 17,4 млрд. теңгеге 174 субсидиялау және кепілдік беру келісім шарттарына қол қойылды, оның ішінде 2016 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 952,0 млн. теңгені құрайтын 25 келісім шартқа қол қойылды.
Жобалар (25) экономиканың әр түрлі салаларында іске асырылды: өңдеуші өнеркәсібінде - 10, тұру және тамақтандыру жөніндегі қызметте - 2, көлік және қоймалау саласында - 7, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде - 1, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 1, білім саласында – 4. 
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне (бұдан әрі -АҮК) жалпы сомасы 1143,1 млн. теңгені құрайтын 25 жоба қарастыру үшін жолданды.
Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін, оларды тарту және іске асыру мәселесі бойынша кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарына жобаларының іске асырылу барысы туралы үнемі жарияланып тұрады. 2016 жылдың басынан бастап 7 мақала жарық көрді, 22 ақпараттық материалдар сайтқа орналастырылды, қалалық және республикалық телеарналардан 9 сюжет көрсетілді, 33 кеңес, кездесулер өткізілді. 
Сонымен қатар, 2016 жылдың басынан бастап кәсіпкерлер палатасы, «Даму» КҚҚ» АҚ өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік Бағдарламаларды түсіндіру бойынша ауылдық округтерге (Ертіс а/о, а. Мұқұр, п. Шульбинск) шығып 2 семинар-кеңестер өткізілді.
Бизнестің жүргізілуін жандандыру мақсатында, 2013 жылдың шілде айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылып, онда 12,0 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2016 жылдың басынан бастап 2,0 мыңнан аса.
 
Кәсіпкерлік бөлімі
 
 
 

 

 

Өңдеу күні: 14-07-2016