Акимат » Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже

Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже

2016 жылғы 3 наурыздағы
    № 51/281-V шешімімен
 бекітілді
 
 
Семей қаласының Қоғамдық кеңесі 
туралы Ереже
 
 
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
1. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің құқықтық мәртебесі
 
1. Семей қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді. 
2. Семей қаласының Қоғамдық кеңесі – Семей қаласының жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «Семей қаласының қоғамдық кеңесі» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды. 
4. Өз қызметінде Семей қаласының Қоғамдық кеңесі Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
 
2. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мақсаты мен міндеттері
 
Өңірдің азаматтық қоғамының қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Семей қаласының Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.
5. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және облыс деңгейінде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
 
3. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
 
6. Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қоғамдық негздегі қызметі;
2) автономдық;
3) дербестік;
4) жариялылық;
5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.
 
4. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттіктері
 
7. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
8. Осы баптың 7-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
 
5. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің және олардың  мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
 
9. Семей қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) Заңда белгіленген құзыреті шеңберінде қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
10. Өз қызметінде Семей қаласының Қоғамдық кеңесі және оның мүшелері:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдардың, ҚР Президенті, ҚР Үкіметі актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей БАҚ, интернет-ресурстар арқылы халыққа ШҚО Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы есепті БАҚ-та жариялауға және интернет-ресурстарында орналастыруға;
5) жылына бір реттен сиретпей жылдық қорытынды бойынша Семей қаласы әкімінің есебін тыңдауға міндетті.
 
ІІ.СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ
 
1. ШҚО Қоғамдық кеңесінің қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі
 
11. Семей қаласының Қоғамдық кеңесі және оның құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын Семей қаласы мәслихатының хатшысымен басқарылатын жұмыс тобымен қалыптасады.
Семей қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
12. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамы Семей қаласы мәслихатының хатшысымен белгіленеді. 
13. Жұмыс тобының құрамындағы азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санның кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
14. Жұмыс тобының сандық құрамы Семей қаласы мәслихатының хатшысымен белгіленеді.
15. Семей қаласының мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу жөнінде хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) интернет ресурста орналастырады.
16. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде Семей қаласы мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
17. Азаматтық қоғамнан атынан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
18. Семей қаласының мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.  
19. Семей қаласы мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді. 
20. Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі. 
21. Жұмыс тобының құрамы Семей қаласы мәслихатының хатшысымен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
22. Жұмыс тобының құрамы Семей қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.
 
2. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобының өкілеттіктері
 
23. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін  өткізеді;
4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.
 
3. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
 
24. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
25. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
26.  Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
27. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
28. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
29. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Семей қаласы мәслихатының интернет-ресурсында конкурсқа қатысу үшін оның атауын, пошталық мекен-жайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекен-жайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
30. Жұмыс тобы отырыстарда Семей қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
31. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
32. Құрылған Семей қаласының Қоғамдық кеңес құрамы Семей қаласы мәслихаттың сессия шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және  Семей қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
33. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Семей қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
34. Семей қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
 
ІІІ. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ 
ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
 
1. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
 
35. Отырыс Семей қаласының Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
36. Семей қаласының Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Семей қаласының Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
37. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Семей қаласының Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
 
2. Семей қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
 
38. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Семей қаласының Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
39. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Семей қаласының Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Семей қаласының Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Семей қаласының Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
 
3. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
 
40. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Семей қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
Семей қаласының Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
41. Семей қаласының Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Семей қаласының Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
42. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің отырыстары кварталда бір рет және қажет жағдайда өткізіледі. Оның үштен кем емес қатысушыларының ұсынысы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.
43. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
44. Семей қаласының, облыстың қала мен аудандарының Қоғамдық кеңесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
45. Семей қаласының Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.
 
4. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
 
46. Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Семей қаласының Қоғамдық кеңес құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.
47. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) интернет-ресурстарда орналастырылады.
 
5. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
 
48. Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау Семей қаласы әкімінің баяндамасын және Семей қаласының мәслихат хатшысының, Семей қаласының Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
49. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) есепті тыңдау күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
50. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұсқан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
51. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
 
6. Семей қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
 
52. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
53. Семей қаласының Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Семей қаласының Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
54. Семей қаласының Қоғамдық кеңесі шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Семей қаласының Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
 
V. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
55. Осы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.
56. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Семей қаласының Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.
 
 
 
Өңдеу күні: 03-05-2019