Акимат » Семей қ. №17 БМСК орталығы

Семей қ. №17 БМСК орталығы

 

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) денсаулықты сақтаудың ұлттық жүйесінің және жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің ажырамас бөлігі, орталық байланыстырушысы болып табылады.

Бүгінгі күні №17 БМСК орталығы халқының саны 14 938 адамды құрайды. Қызмет көрсету радиусы 24 км.

Біздің Орталықта кез келген уақытта медициналық көмек беруге даяр жоғары дәрежелі мамандар жұмыс істейді.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аумағында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті: 4 жанұялық дәрігер, 1 акушер-гинеколог, 1 балалар дәрігері, олардың ішінде 3 жоғары категорялы, 16 медбике қызмет көрсетеді.

Жұмыстың принципі: профессионалдылық, әр адамға және бүкіл жанұяға индивидуалды көмек, қол жетерлік. БМСК орталығының негізгі бағыттары: ана және баланы қорғау, диспасеризация, әлеуметтік-мәнді және инфекциялық аурулардың профилактикасы, иммундық профилактика, салауатты өмір салтын насихаттау.

Өңдеу күні: 12-05-2011