Акимат » 2015 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2015 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 125 136,2 млн. теңгені құрады (2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 133 432,0 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 88,3%.
Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 17 289,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 118,7% (2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 14 568,6 млн.теңге), нақты көлем индексі – 97,7%. 
2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 91 086,8 млн.теңге көлемінде өнім өндірілді (2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 103 614,3 млн.теңге), нақты көлем индексі – 84,3%. 
Аграрлы секторда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 19 247,2 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы сәйкес деңгейге 91,6% (2014 жылғы қаңтар-желтоқсан – 21 023,7 млн.теңге). НКИ – 97,5%.
Сүт өндірісі – 1,0%-ға артты (34 099,6 тоннаға қарсы 34 453,6 тонна), ет өндірісі 3%-ға (25 780,6 тоннаға қарсы 25 003,1 тонна), жұмыртқа саны – 80,0%-ға төмендеді (14 445,1 мың данаға қарсы 2 886,8 мың дана шығарылды). 
Ірі қара мал басы 7,3%-ға (44 292 басқа қарсы 47 506 бас), жылқы – 5,8%-ға (24 401 басқа қарсы 25 819 бас), құс басы 18,8%-ға артты (977,2 мың басқа қарсы 1 160 мың бас), қой мен ешкі басы – 20,1%-ға (138 838 басқа қарсы 110 890 бас), шошқа басы 29,5%-ға төмендеді (929 басқа қарсы 655 бас). 
2016 жылдың 1 қаңтары жағдайына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1 338 бірлікті құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 90,3% (1 260 бірлік). 
Бөлшек тауарайналымының көлемі 138 455,3 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 99,6% (2014 жылғы қаңтар-желтоқсан – 139 049,0 млн.теңге) құрады, НКИ – 94,4%. 
2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында қалаға 44 208,5 млн.теңге инвестиция тартылды (НКИ – 88,1%), соның ішінде жеке меншік инвестиция – 34 958,8 млн. теңге (НКИ – 106,0%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 22 481,0 млн.теңге, бұл өткен жылдан 25,3%-ға төмен (2014 жылғы қаңтар-желтоқсан – 30 090,2 млн.теңге). НКИ – 73,4%-ды құрады. 
80 394 ш. м. тұрғын үй енгізілді (2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 107 503 ш.м.). 
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті өткен жылдың осындай мерзіміндегі 12 552,1 млн.теңге қарсы 13 488,1 млн. теңгені құрады немесе 936,0 млн.теңгеге жоғары (өсу қарқыны 107,5%).
2016 жылғы 1 қаңтар жағдайына тіркелген жұмыссыздар саны 580 адамды құрады. 
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 92 611 теңгені құрап, 2014 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 3,2%-ға артты (89 735 теңге). 
 
 
Өңдеу күні: 01-06-2016