Акимат » Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 2019 жылдың 1 қаңтарына

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары 2019 жылдың 1 қаңтарына

Көлік
 
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға 8 тасымалдаушы қатысады, олар – «Семавтопарк» ЖШС, «Азия Combi» ЖШС,  «Автомигди» ЖШС, «Таксомотор паркі» ЖШС, «Семдотехника-2» ЖШС, «Семей Көлігі TRAST» ЖШС-гі, «Семей» автобус паркі» ЖШС-гі және «Мүсәпіров» ЖК. 
Тасымалдаушылармен   жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың келісімшарты 2013 жылы жасалды, мерзімі 2019 жылға дейін.
Семей қаласында күнделікті жолаушылар тасымалын ұйымдастыру  саласында 35-і автобустық маршрут,  15-і шағын автобустық маршрута,  барлығы - 406 көлік  қызмет көрсетеді.
2017 жылдың 5 тамызынан бастап қалалық қоғамдық көлікте жүрудің жол ақысы 80 теңге болып белгіленді, жеңілдікпен жүруші жолаушылар тарифтің 50 пайызын төлейді. 2013-2016 жылдары тариф қала бойынша 60 теңге болды.
Қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығын пайдаланатындар: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, І топтағы зағип жандар жетектеушісімен бірге, ІІ топтағы зағип жандар, 7 жасқа дейінгі балалар. Тарифтің 50 пайызын, яғни 40 теңге төлеп жүру құқығы берілгендер: 7 мен 15 жасқа дейінгі оқушылар және жасы 70 – тен асқан зейнеткерлер.
Зияткерлі көлік жүйесінің кейбір элементтері Семей қаласында жұмыс істеп тұр, ол - GPS, яғни деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беретін құрылғы негізінде жолаушылар тасымалдау жүйесіне мониторинг жүргізу(2016 жылдан  бастап). Мониторинг «KazInterSoft» ЖШС-нің   жолаушылар көлігін  диспечерлеуді қамтамасыз ететін  «Bus Report» бағдарламасы арқылы іске асырылады.  Бағдарлама маршрутта   жүрген әрбір автобустың қызметін қадағалап, мынадай ауытқушылықтарды тіркейді: интервалды сақтамау және қозғалыс бағытын өзгерту(графиктен озу немесе қалып қою), жылдамдықты асыру, автобустың маршрутқа шықпай қалуы т.б.
Сондай-ақ, қала жұртшылығы мен қала қонақтары ұялы телефондарына тегін «InfoBus» мобильдік қосымшасын жүктеп ала алады. Қосымша жолаушыға аялдамада көлікті тосу уақытын оңтайландырып, аялдамаға көліктің нақты қай кезде келетін есептеуге мүмкіндік береді. Қосымшаны пайдаланушылардың саны- 43 084 адам.  
Жолаушылар көлігін  диспечерлеуді қамтамасыз ететін  «Bus Report»  бағдарламасы «Семей қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару Орталығы» (ЖТБО)ЖШС –де орнатылған және жұмыс істеп тұр. Бағдарламаның негізгі мақсаты  жолаушылар тасымалының сапасы мен оны бақылауды жақсарту. «Семей қаласының  ЖТБО» ЖШС-гінің диспетчерлері осы бағдарламаның көмегімен маршруттағы әрбір автобусқа мониторинг жасап, сондай-ақ, күнделікті желіге шығып Қағида талаптары мен келісімшартты  бұзушыларды  анықтап, Акт жасайды.  
2018 жылы желілік диспетчерлік инспекторлар Қағида нормаларының бұзылуы бойынша – 1850 акт жасады(автобус салоны кір, маршруттан себепсіз шығып кету, қозғалыс кестесін бұзу, санитарлық нормаларды сақтамау т.б.). Бағдарламалық мониторинг пен акт негізінде әрбір тасымалдаушы-компанияға орын алған кемшіліктер мен олқылықтарды жою туралы хат-хабарлама жолданады. Тасымалдаушы компаниялардан  қолданған әкімшілік шаралары  туралы  535 жауап хат келді. 
Мұнан басқа, 2018 жылы әр апта сайын уәкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен рейд жүргізілді, оның нәтижесінде 29 акт, 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Актілер шара қолдану үшін, ШҚО көлік инспекциясы мен ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Семей қаласы бойынша басқармасына шара қолдану үшін жіберілді.
Семей қаласында 4 рет «Автобус» оперативтік алдын-алу іс-шаралары жүргізілді, оның барысында автобус жүргізушілері тарапынан ЖЖЕ бұзудың 459 фактісі тіркелді. Транспортық инспекция тарапынан 9 әкімшілік іс қозғалып, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 623 бабының  9 тармағына сай тасымалдаушыларға  60 129 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Екі аялдамада («Орталық» және «Глинки») пилотық режимде ақпараттық таблолар орнатылды. Табло нақты мерзімде осы аялдамадан өтетін маршруттардың келу уақытын көрсетеді.
«Көлік және коммуникация ғылыми - зерттеу институты» ЖШС-гінің, қала халқының және Тасымалдаушы-компаниялардың ұсыныстарын ескере отырып, 2018 жылғы 22 шілдеде қала әкімшілігінің № 1135 қаулысымен Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі бекітілді. Жаңа маршруттық желіде барлығы -40 маршрут болады, онда 318 автобус қызмет көрсетеді:
- үлкен класты автобустар – 55 бірлік- 5 маршрут;
- орта класты автобустар- 109 бірлік-11 маршрут;
- кіші класты автобустар-147 бірлік-22 маршрут;
- аса кіші класты автобустар -7 бірлік-2 маршрут.
Жаңа маршруттық жүйе бойынша қалалық маршруттарға қызмет көрсетуге    конкурс өткенен кейін жұмыс істейтін болады.  
 
Жолдар
         
Қалада жолдардың жалпы ұзындығы 756 шм құрайды, оның ішінде асфальтбетонды жабындымен 291,2 шм, қиыршық тас жабындысымен 22,8 шм, топырақты жабындымен 442 шм.
2017 жылдың 1 қаңтарында қала көшелерінің асфальтбетонды жамылғысының жайы (291,2 шм) келесі қатынаста жіктеледі:
жақсы- 78,2 шм (26,85 %), қанағаттанарлық- 87,9 шм (30,19 %), қанағаттанарлықсыз – 125,1 шм (42,96 %).
2017 жылы қала бойынша қаржыландыру жоспарында жолдарды жөңдеуге- 1 181 , 4 мың.теңге
Оның ішінде ағымдағы жөндеуге – 200,0 млн.теңге
орташа – 916,3 млн.теңге   
Белібаев көшесін (Жалға) жөндеуді жалғастыру- 65,1 млн. теңге
2017 жылы қала жолдардың отраша жөңдеудің жалпы ұзындығы 22,6 шм құрайды.
2017 жылы жол-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қала көшелерінің асфальтбетонды жабындысының жағдайы (291,2 км) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі қатынастар бөлінді.
жақсы - 100,8 км (34,61%), қанағаттанарлық 87,9 км (30,19%), қанағаттанарлықсыз 102,5 км (35,2%),
2018 жылы қала бойынша қаржыландыру жоспарында жолдарды жөндеуге - 2 430,4495 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қарастырылған.
оның ішінде: ағымдағы жылы қала жолдарын жөндеуге 214,0 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат қарастырылған.
қаланың 21 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 1 591, 023 млн. теңге.
Мичурин, Орманды, Белібаев (Дальняя) көшесін күрделі жөндеуді жалғастыруға-625,472 млн. теңге (облыстық бюджеттен Мичурин көшесіне - 421,573 млн. теңге.
Күрделі жөндеудің жалпы ұзындығы 7,340 шм құрады.
2018  жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 38,7 шм құрады.
Жол-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2018 жылы қала көшелерінің асфальтбетонды жабындысының жағдайы (291,2 шм) келесі қатынаста бөлінеді.
жақсы - 139,5 шм (47,90 %), қанағаттанарлық - 87,9 шм (30,19%), қанағаттанарлықсыз - 63,8 шм (21,91 %).
2019 жылы ЩМА төсеу әдісімен орташа жөндеу жұмыстары 24 көшені қамтиды
Сол Жағалау:  Бозтаев көш,  (сол жағалаудың айналма жолынан Селевин көшесіне дейін). Әуезов даңғылы (айналмалы сол жақ жағалау  Селевин к-сі дейін ) съездерді қоса алғанда іргелес жатқан көше). Садовая көше, (Сорокин көшесінен сот ғимаратына дейін). Глинка көш, (сол жағалаудың айналма жолынан Рысқұлов көшесіне дейін). Рысқұлов көш, (Глинка көшесінен Синицын көшесіне дейін).  Синицына көш, (Спартак көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін). Сорокин көш, (Әуезов даңғылынан Садовая көшесіне дейін). Карменов көш, (Глинка көшесінен Физкультурная көшесіне дейін). Строительная көш, (Глинка көшесінен Физкультурная көшесіне дейін). Цементная көш, (Физкультурная көшесінен Глинка көшесіне дейін). Би-Боранбай көш, (Докучаев көшесінен бастап "Миру Мир").
Оң Жағалау: Жаңа көпірден шығуды қоса алғанда, оң жағалаудағы айналма жол айрығы. Абай көш, Жаңа көпірден Аймауытов көшесіне дейін. Параллельная көш, (Мичурина көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейін). Герцен көш. (Қабанбай батыр көшесінен Чайковский көшесіне дейін). Ғ. Тоқай көш. (Найманбаев көшесінен Абай көшесіне дейін). Шымкент-Лесная к-сі (су бұрумен). Қабылбаев көш (Қаржаубайұлы көшесінен Силин көшесіне дейін). Дастенов көш, (Қабылбаев көшесінен Трусов көшесіне дейін ). Тубдиспансерге жол Дулатов көшесі, (Герцен көшесінен Жансая Т/Ж өткеліне дейін). Найманбаев көш (Засядко көшесінен Чехов көшесіне дейін). Қаржаубайұлы көшесі (Жангелдин көшесінен Мичурин көшесіне дейін), жергілікті маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" автожолы 736,5-741 км".
Ағымдағы жылдың бағаларында орташа жөндеуді орындау құны 3 565 559,8 мың теңге мөлшерінде анықталады, бұл 452 439 м2 немесе 42,9 км жолды құрайды
Мичурин көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау - 48 513,4 мың теңге.
Жолдарды ағымдағы жөндеу-150 000,0 мың теңге (45 454 м2).         
Қосымша қаланың жалпы білім беру мекемелерінің жанында жолдарды орташа жөндеумен қамту жоспарлануда: бұл № 39 ЖОББМ Сторительная көшесі (Физкультурная көшесінен Глинка көшесіне дейін), № 20 ЖОМ Байтұрсынов көш, (Селевин көшесінен Сорокин көшесіне дейін), Мирный тұйық көшесі (Сәтбаев көшесінен Тұрғанбаев көшесіне дейін), №3 интернет Паровозная көш (Қаржаубайұлы көшесінен Жанатайұлы көшесіне дейін)
Жалпы білім беретін мекемелер маңындағы көшелерді жөндеу ұзындығы 2,2 км құрайды.
2019 жылы қала көшелерінің жөнделетін учаскелерінің жалпы ұзындығы 45,1 км құрайды.
Жол-жөндеу жұмыстарын орындауды ескере отырып, 2019 жылы қала көшелерінің асфальт-бетон жабындысының жағдайы (291,2 км) келесі қатынаста бөлінеді.
Жақсы-184,6 шм (63,39%), қанағаттанарлық – 87,9 (30,19%), қанағаттанарлықсыз – 18,7 км (6,42%).
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 18-04-2019