Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2018 жылдың 1 қазанына

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2018 жылдың 1 қазанына

2018 жылдың басынан бері қалада 2231 мәдени-көпшілік шара өткізіліп, оларға 300000 астам адам қамтылды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында қаламызда әр түрлі форматтағы мәдени шаралар кешені  ұйымдастырылды. Сонымен ішінде, «Біз астананың құрдастарымыз» атты патриоттық акция, «Астана- Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздіктің тірегі» атты жылжымалы көрме,  «Сәлем, Астана!» музыкалық фестивалі, «Ақ құсы қалықтаған Астана!» тақырыбында фото көрме, «Астана – менің бас қалам» интерактивтік ойын-сауық бағдарламасы, «Астана музейлері мен сәулет ескерткіштері»,  «Астана –ЭКСПО -2017 астанасы» фотокөрмелер, «Астана құрдастары» атты қалалық жас орындаушылар байқауы өткізілді. 
Сонымен қатар, 5 шілде күні қала басшылығының, шығармашылық интеллигенция және жастар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысымен жалғасын тапты. Іс-шара барысында Астана қаласының дамуы мен өркендеуі туралы баяндамалар жасалып, қала әкімі Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға  мерейтойлық медальдар табыс етті.
6 шілде күні қала музейлерінде ашық есік күні өткізіліп, кітапханаларда «Менің арман қалам» атты ертеңгілік, «Астана – жаңа ғасыр қаласы» атты ойын – экскурсия, «Астана – отанымның жүрегі» атты әдеби-сазды кеш, орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ажары сен елімнің, Астана» атты мерекелік іс-шара аясында мерекелік концерт,  фото көрме, балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылды. 
Аталған шаралар Орталық алаңда Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармония өнерпаздарының, Қазақстанның эстарада жұлдызы Әлишер Кәрімовтің және қалалық Мәдениет сарайының белгілі орындаушыларының  Гала- концертімен  жалғасып,  мерекелік отшашумен сомдалды.
Ағымдағы жылғы 17-18 шілдеде Семей қаласында Астана қаласының күндері өткізілді. Ұлы Абайдың жерінде «Ақ тілекпен, Астана!» Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде түрлі жанрда сурет салатын отандық 50 суретшінің 100-ден аса шығармалар көрмесі ұсынылды.
17 шілдеде Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының «Абайдың қара сөздері және әндері» атты концерт қойылды. Абай атындағы театрының сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали 
Жайымовтың жетекшілігімен халық вокалының солистері Секен Сыздық, Нұрлан Бекенов өнер көрсетті. 
18 шілдеде, осы уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» драмасы қойылды. 
Қыркүйек айында Семей қаласының күндері кең көлемде аталып өтті. Қала күнін меркелеу қарсаңында ақындар айтысы, «Шеберлер қаласы» қолөнер шеберлерлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ертіс жағалауында салынған «Уақыт капсуласы» мерекелік шаралардың кульминациясы болып табылды. Оның ашылуы 2050 жылға қарастырылды. Дәстүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар тек қаланың Орталық алаңында ғана емес, сонымен қатар қаланың он және сол жағалауларындағы алаңдарда өткізілді. 
Аталған алаңдарла мерекелік концерттік бағдарламалармен қатар әр түрлі конкурстар, спорттық сайыстар, «Туған қалам Семейім» фото-кормесі, жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі, мерекелік сауда, мобильдік дәмхана ұйымдастырылды  
Сондай-ақ күндізгі уақытта Орталық мәдениет және демалыс саябағында барлық атракциондар халыққа жұмыс жасап, заманауи би өнерінің фестивалі өткізілді. 
Биылғы жылы алғашқы рет қаламыздың орталық Абай, Шәкәрім, Дулатов және Жұмабаев көшелерінде театрландырылған шеру ұйымдастырылып, аталған көшелер бойында театр қойылымдары ұсынылды.
Кешкі уақытта Орталық алаңда «Үздік» номинациясы бойынша әр саланың үздік мамандары марапатталып, қаланың шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен гала-концерт өтті. Сондай-ақ, «Эксклюзив» шоу-балетінің мерекелік бағдарламасы ұсынылып,  жалғасында Қазақстан эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген және Қуандық Рақым өнер көрсетті. Іс-шара мерекелік отшашумен аяқталды.
Мәдени мұра объектілерін қорғау және насихаттау жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Найманбаев көшесі, 116 үй бойынша орналасқан бұрынғы телеграф ғимаратын (тозығы жетуіне байланысты) мемлекеттік қорғаудағы ескерткіштер тізімін шығару жұмыстары жүргізіліп,  Орталық саябақ теңгеріміндегі 14 тарихи-мәдени ескерткіш нысандары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімінің теңгеріміне, қүтіп ұстау және аумағын абаттандыру үшін берілді, 
Сонымен қатар, 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы бойынша арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, осы бағытта ауқымды шаралар жасалуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгінде мәдениет мекемелерінің флешмоб акциясы, «Семейім-Алашымның астанасы» атты ақындар айтысы, «Сіңіліммен сырласу» жобасы, Наурыз мерекесінің ұлттық мәнін ашу, оны дәріптеу мақсатында биылғы жылы тұңғыш рет он күндік «Наурыз-2018» мерекесі апталығы  өткізілді. Апта бойы күнделікті Орталық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындарына мерекелік  концерттермен қатар, халқымыздың салт-дәстүр рәсімдері насихатталып, кітап, ұлттық қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы дәстүрлі «Масленица» мерекесі, 1 Наурыз – Алғыс айту күні, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күндері, «Сабантой» мерекесімен қатар өзге де көпшілік шаралар өткізілді.
Мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары белсене жүргізілуде.
Ағымдағы жылы мәдениет мекемелерінде сахналық костюмдер, музыкалық құралдар және қажетті әдебиеттерге 33600,0 мың теңге бөлініп,  игерілді. Сонын ішінде 15000,0 мың теңгеге қалалық Мәдениет сарайына стационарлық музыкалық құралдар мен сахналық костюмдер алынып,  6025,0 мың теңгеге көрермен залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүгізілді. Сонымен қатар 3600, 0 мың теңгеге этно-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдарына сахналық костюмдер алынып, 24241, 0 мың теңгеге  Достық үйі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.    
Сондай-ақ, Қайнар ауылы Мәдениет үйінің, Цементшілер және Шүлбі кенттеріндегі кітапхана-бөлімшелірінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып, Шүлбі кентінің кітапхана-бөлімшесінде өрт сөндіру жүйесін, мәдениет мекемелерінде пандустар және бейне-бақылау құралдары орнатылды.
Сонымен қатар, кітапханаларды компьютерлендіру және Интернет желісіне қосу бойынша, кітап қорларын цифрлау және электрондық каталогқа көшіру жұмыстары жалғастырылуда.
Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін барлық кітапхана қорларын 100%  сандық жүйеге көшіруді аяқтау қажет. Бүгінгі күні орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 3874 құжаттың, оның ішінде  2018 жылдың 9 айында 669 құжаттың сандық көшірмесі жасалды. Қаржы тапшылығына байланысты, кәсіби кітап сканерін (кітап қорын сандық жүйеге көшіруді артыру үшін) алу мәселесі шешімін таппай отыр.  
Электронды каталогпен белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда электронды каталог 258594 библиографиялық жазбаны құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 87993, оның ішінде 2018 жылдың басынан - 17770 библиографиялық жазба, мемлекеттік тілде – 10884 жазба енгізілді. Электронды каталогтың веб-нұсқасы кітапхана жүйесінің сайтына орналастырылған.
Жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
 
 
 
 

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2013 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2012 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2011 жыл
 
 
Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2010 жыл
Өңдеу күні: 11-10-2018