Акимат » 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингте Семей қаласы 7 орынды иеленіп, орта серпін дамуы бар аймаққа жатқызылды.
2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің ішінен 4 көрсеткіш бойынша  нәтижелер жақсарды:
- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 155% (83,5%), негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестициялардың нақты көлем индексі – 124,2% (88,9%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 128,7% (109,2%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 115,7% (113,9%);
- жағымды динамикаға қарамастан 7 көрсеткіш бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 103,2% (104,8%), бөлшек-сауда тауар айналымының нақты көлем индексі – 100,5% (109,9%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 107,2% (122,1%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,4% (101,3%), 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 98% (94,1%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 101,7% (108,1%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 89% (75%);
- 2 көрсеткіш бойынша жағымсыз динамика байқалады: ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 98,7% (102,6%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі – 89,9% (100,4%). 
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жұмысын жалғастыруда.
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2016 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2016 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

Өңдеу күні: 18-10-2018