Акимат » Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 523 Жарлығымен     
бекітілген        

 

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру
жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады.
      Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:
     1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау;
          2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу;
      3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.

      4. Комиссияның:
      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;
      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.

 

 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия құрамына:
      1) Комиссияның төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) Комиссияның хатшысы;
      4) Комиссияның мүшелері кіреді.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.

      8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:
      1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;
      2) конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден келіп түскен материалдарды қабылдау және алдын ала қарау;
      3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
      4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
      5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.

      9. Комиссия конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.

      11. Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
      Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      12. Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Өңдеу күні: 13-05-2011