Акимат » Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына

Туристік саланың дамуы барысы туралы ақпарат 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына

Семей қаласында 22 туристтік фирма жұмыс атқарады, оның тек 4 туроператорлық қызметпен айналысуға, турпакеттер құруға және іске асыруға, шетелдік туристерді қабылдауға құқылы лицензиясы бар.
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында қала әкімінің қатысуымен «Семей қаласында туризмді дамыту»  тақырыбы  бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс  қорытындысы бойынша  жұмыс тобы құрылды, жұмыс тобына  2019 жылға арналған Семей өңірінде ішкі туризмді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторинг жүргізу тапсырылды.
Құрылған жұмыс тобы 2019 жылға арналған өңірдің туристік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол Семей өңіріне шетелдік туристердің өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Жолаушылар тасымалы ұйымдарымен кездесулер өткізілді, оларға техникалық тасымалдауды  тәртіпке келтіру, қызмет көрсетуші персоналға әдеп және  киім нысанын сақтауға, көліктің санитарлық жағдайына ерекше назар аудару ұсынылды. 3 тілде ақпарат беру әдістері айтылды, баннерлер, стендтер, экрандар, авто/теміржол вокзалдарында және әуежайда ақпараттық құрылымдар түрінде қала брендін орналастыру бойынша ұсыныстар  ескерілді.
Сондай –ақ, қалада демалыс күнгі турлар бойынша жоспар-жоба әзірленді, оған жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының 1000-нан астам адамы қатысты. Келген туристердің нақты санын қазіргі уақытта бақылау мүмкін емес, барлық деректер туристтік операторлардың мәліметтеріне негізделген. Турфирманың қызметтерін пайдаланбай, туристік орындарға «жабайы түрде» келген туристердің саны туралы ақпарат алу мәселесі шешілуде. Осы кезеңде туристердің келу нарығын талдау және мәліметтер жинау үшін қонақ үйлермен, демалыс базаларымен, көші-қон қызметімен тығыз жұмыс істеу қажет. 
Дене шынықтыру және спорт бөлімімен сакралды, емдеу-сауықтыру, іскерлік, спорттық,  мәдени ойын-сауық, экологиялық және ғылыми-техникалық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Туризмді дамытуға қатысу бойынша қала тұрғындарын бейімдеу және ынталандыру  жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының шетелдік туристерді қарсы алуға дайындығын анықтау мақсатында  әлеуметтік сұрау жүргізу жоспарлануда. Әлеуметтік видео-роликтер мен таратылатын баспа өнімдері, қала қонақтарын қарсы алу және қабылдау әдебі бойынша жаднама әзірленуде, олар жергілікті БАҚ пен қаланың ақпараттық платформаларында ұсынылатын болады. 
Бүгінгі күні қала бренді болуы тиіс слоган және қала логотипі  әзірленді. Бұл құралдар интернет және әлеуметтік желілерде (Instagram, telegram, facebook, vkontakte, twitter, odnoklassniki, regionkz және т.б.) ақпараттық платформаларында  маркетингтік жылжыту  әдіс үшін қажет. 
Туристтерге  жайлы болуы үшін қала картасы және 3 тілде жолсілтеме әзірленуде. 
Семей қаласының делегациясы 26 ақпанда Өскемен қаласында өткен Бірінші Қытай туристік көрмесіне қатысты. Кездесу жемісті өтті, Семей қаласы мен ҚХР туроператорлары арасында Шығыс Қазақстан облысына  туристтерді  тарту бойынша жұмыс жолға қойылды. 
Сонымен қоса ағымдағы жылдың 17 сәуірінде  Алматы қаласында өтетін  «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесіне бару жоспарланып отыр. Аталған көрмеде  Семей қаласының делегациясы Шығыс Қазақстан облысы  стендінде қалалық маршруттарды таныстырады. 
Сондай-ақ, іс – шаралар жоспарына 25 -27 қыркүйек аралығында  Астана қаласында өтетін «Astana-Leisure» туристік көрмесіне бару кіреді. 
2019 жылға арналған жоспарына сәйкес «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің ашылу салтанатына  Қазақстанның әр қалаларынан, жақын және алыс шетелдерден спортшылар мен туристерді тарту жоспарлануда. Аталған ғимарат алдағы уақытта қалалық және халықаралық жарыстарға қатысатын туристік ағым болады. Астана қаласының 20 жылдығына орай, Семей қаласында байқау өткізу бойынша жоспар әзірленуде. 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуы күніне орай  іс-шара ұйымдастырылады. 27-29 қыркүйекте Халықаралық туризм күні мен қала күнін өткізу бойынша жоспар әзірленуде. Жыл сайын өтетін байкерлер фестивалі мен мотокросс чемпионаты бар. 
Туризм экономиканың қызмет көрсету саласы (қонақ үйлер, демалыс базалары, санаторийлер), көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, білім беру, мәдениет сияқты негізгі салаларға  үлкен әсер етеді. 
2019 жылға арналған жоспар:
- Барлық санаттағы тұрғындар үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау және ары қарай салауатты өмір салтын насихаттау;
- 2019 жылы дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша жұмыстар;
- «Абай – Арена» мәдени – спорттық кешенінің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру;
- Қарағайлы мөлтек ауданында 500 орынға арналған Мұз айдынының құрылысын салу;
- Қаланың сол жағалауында жеке- меншік әріптестік аясында хоккей модулінің құрылысын салу;
- тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. 
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі

 
 
Өңдеу күні: 11-09-2019