Акимат » Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту бөлімінің 2019 жылдың I тоқсанында 
атқарған жұмыстары туралы
ХАБАРЛАМА
 
«Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017-2021 жылдарға  арналған Бағдарламасының аясында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Басқармасы бекіткен жоспар бойынша  870 жұмыссыз және жұмыс іздеуші адамдар кәсіптік мамандықтарға оқытылатындығын хабарлайды.  Ағымдағы жылдың I тоқсанында бөлім мамандары 1156 адамды 30-дан астам мамандық түрлеріне оқуға жазды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқулар сәуір айынан басталады деп күтілуде. 2019 жылдың 1 сәуіріне оқу орындарының Тізіміне екі оқу орны: Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты мен «ШығысАжарТорг» ЖШС-не қарасты «Кондитер» оқу орталығы кірген болатын. Қазіргі уақытта бухгалтер,  1С біліктілігімен ЭЕМ операторы, кондитер мамандықтары бойынша топтар іріктеу жұмыстары жүргізілуде.
ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалдарды үйлестіру Басқармасының хабарлауы бойынша жұмысқа орналастырудың 60 және одан жоғары пайызымен   11 колледждің құжаттары жақын уақытта қысқа мерзімді кәсіптік оқулар өтетін оқу орындарының Тізіміне кіру үшін өңірлік кәсіпкерлер Палатасында қаралатын болады. 
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында бөлім бастығы Бураханова А. К. «Қазақстан-Семей» телеканалында «Жұмыссыздықпен күрес» тақырыбында өткізілген хабарға қатысты. Ақпан айында «Қазақстан-Семей» телеканалы сондай-ақ, Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грант алған Г. Б. Байбосынова туралы сюжет түсіріп, көрсетті. 
Бөлім маманы Абдильдина А. М. 5 ақпан күні Семей қаласындағы № 8 балалар үйі тәрбиеленушілерімен «Шығыс Қазақстан облысындағы, Семей қаласындағы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және Нәтижелі жұмыспен қамту Бағдарламасының жүзеге асырылуымен таныстыру» тақырыбында ткізілген кәсіби бағдар жұмысына қатысты.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ
 
 

Кәсіптік оқыту 2018 жыл 

Кәсіптік оқыту 2017 жыл

Кәсіптік оқыту 2016 жыл

 

Өңдеу күні: 02-05-2019