Акимат » Байғожинов Кенжебай Ақанұлы

Байғожинов Кенжебай Ақанұлы

1956 жылы 4 сәуірде Ресейдің Кемеров қаласында дүниеге келді. 
1973 жылы қалалық №27 кәсіби-техникалық байланыс училищесін бітірді. Қарағандыда, Оралда, Семейдегі №1 «Қазбайланыс құрылыс» КМБ-да 4 санатты байланыс монтаж жасаушысы болып жұмыс істеді.
1974-1976 жылдар аралығында Совет әскері қатарында борышын өтеді.
1977-1982 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей облыстық педагог институтының филологиялық факультетінде оқыды. Институтты табысты аяқтағаннан кейін, Семей облыстық тұтынушылар одағы аппаратының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің хатшысы, қағаз-ыдыс комбинатының жазу түсіргіш жұмысшысы, Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың студенттік кәсіподақ комитетінің  төрағасы болып жұмыс істеді.
1995-1997 жылдар аралығында Семей облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси бөлімінің кеңесшісі, Семей облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
1997-2016 жылдар аралығында Семей қаласының мәдениет мекемелерінің директоры қызметін атқарды. 
2016 жылдың 06 қазанына бастап Шульбинск кентінің әкімі болып тағайындалды.  
 
Телефон: 8(722)57-2-00-98
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау: дүйсенбі - сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, сәрсенбі – сағат 14.30-дан 16.30-ға дейін.
Өңдеу күні: 20-01-2017