Акимат » Көркейту және ТКШ 2016 жыл

Көркейту және ТКШ 2016 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы
 
Қаланы жылумен жабдықтауды 16 қазандық және 1-жылу-энергетикалық орталығы 72 орталық жылу пункттері арқылы жүзеге асырады. Жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде, 285 шақырымды құрайды. Қазандық агрегаттарының белгіленген қуаты сағатына 1006,5 Гкал-ны, мүмкіндік қуаты – сағатына 957,09 Гкал-ны, қосылған қуаты– сағатына 618,15 Гкал-ны құрайды.
Қала әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 26-ө өкімімен 2016-2017 жылдарғы қыс кезеңіне дайындық және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының барлық жылу маусымы ішінде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша қалалық штаб құрылды.
«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз қаражаты есебінен сомасы 234,537 млн теңгеге қазандық жабдықтарын және желілерді ағымдық жөндеу жұмыстарын орындады. 4 шақырым жылу желілерін ауыстыру орындалды. Қазандық агрегаттарын және қосалқы жабдықтарды ағымдық жөндеу жүргізілді. Қазандықтардың жалпы дайындығы – 100%.
Жылу көздерін және жылу желілерін 2016-2017 жылдарғы қыс кезеңінедайындау бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде орындалды, бұл жылу маусымын 2016 жылғы 5 қазанда бастауға мүмкіндік берді. Бюджет аясындағы барлық нысандар жылуға қосылды.
Жылу маусымын тұтастай отынмен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 540 млнтеңге бөлінді. 2016 жылғы  19 қыркүйектен бастап отынды тұрақты жеткізу жүзеге асырылып отыр.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша. «Теплокоммунэнерго» МКК нысандары бойынша 2015-2016 жылдары  жүзеге асыру мерзімімен жасалған келісім-шарттар сомасы 3 045,070 мон. теңгені құрайды.
Жеті жоба бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды:
- 14 ықшамауданы ОЖП және жылу желілерін реконструкциялау;
- «МЭН» қазандығын реконструкциялау;
- «Дорожник» қазандығын жәнке жылу желілерін реконструкциялау;
- 501 кварталы ОЖП және жылу желісін реконструкциялау;
- 506 кварталы ОЖП және жылу желісін реконструкциялау;
- 410 кварталы ОЖП жылу желісін реконструкциялау;
- Красина көшесі, 87 тұрғын үйіне жылу желісінің құрылысы.
«35-квартал» (2-ші және 3-ші кезегі) және «Зооветинститут» қазандықтарын реконструкциялау объектілері бойынша «Данияр және СЕК» ЖШС мердігер ұйымымен келісім-шарт жасалған. Үш жобаны жүзеге асырудың жалпы құны – 800,20 млн. теңгені құрайды. Мердігердің өз міндеттерін орындамауына және мемлекеттік сатып алудан болған үнемге байланысты, несиелік келісім-шарт талаптарына сәйкес 428,5 млн. теңге көлеміндегі сома пайдаланылмаған қаражат есебінде қайтарылған.  
Жылумен жабдықтау мәселесімен қатар қаланы сумен жабдықтау және су қайтару желілері де назардан тыс қалған емес. «Семей Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде 455,32 шақырым су құбыры желілері, 261,48  шақырым кәріздік желілер, 56 су тарту ұңғымасы, 21 кәріздік станция мен тазарту имараттары бар.
«Нұрды Жол» бағдарламасы бойынша. «Семей Водоканал» МКК-ның нысандары бойынша жасалынған келісім-шарт сомасы – 441 296 406 теңгені құрайды, орындалу мерзімі 2016-2017 жылдарға белгіленген. 
«Қарағайлы тұрғын ауданына суқұбыры желісінің құрылысы» нысаны бойынша: Жобаның жалпы құны – 264 168 993 теңгені құрайды. 5,152 км суқұбыры желісінің құрылысы қажет. 4,339 км құбыр жүргізіліп, 27 суаққы құдықтары орнатылған. Сорғы станциясы тұрғызылып, жабдықтар жөнделген.
««Қарағайлы тұрғын ауданына кәріз желісінің құрылысы» нысаны бойынша: Жобаның жалпы құны – 62 306 939 теңге. Кәріздік желісі құрылысы бойынша жұмыстар орындалды. Жұмыстар «Бант» ЖШС мердігерлік ұйымымен орындалған. 
«Контрольный кентіне суқұбыры желісінің құрылысы» нысаны бойынша. Жобаның жалпы құны – 114 820 473 теңге. 6,307 км суқұбырын салу қажет. 
2016 жылғы 21 қазанда Өскемен қаласының «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС суқұбыры желісі құрылысына келісім-шарт жасалған. Жұмыстар жалғасуда. 
Қаланы электрмен жабдықтауды «ШҚ АЭК» акционерлік қоғамының Абай өңірлік электр тарату желілері қамтамасыз етеді. Электр тарату желілері 522 тарнсформаторлық шағын станцияға, 6-10 кВ-тық 140 шақырым әуе желілеріне, 0,4 кВ-тық 480 шақырым әуе желілеріне, 6-10 кВ-тық 350 шақырым кабель желілеріне және 0,4 кВ-тық 130 шақырым кабель желілеріне қызмет көрсетеді.
Тұрғын үй қоры
Көппәтерлі 1417 тұрғын үйдің 1064 үйі орталықтандырылған жылу қуатына қосылған.
Келелі үйлерді жылу кезеңіне дайындау мақсатында, жиналыстар өткізу кестесі жасалды және қала әкімінің орынбасары Н. Н. Ушаковпен бекітілді.
2016 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап Бөлімнің мамандары, басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, келелі үйлердің тұрғындарымен үйді жылу кезеңіне уақытында дайындау (инженерлік коммуникацияларды, төбе жабынын және т. б. жөндеу қажеттігі), сонымен бірге тұтынған жылу үшін қарызды өтеу қажеттігі туралы түсіндіру бойынша жиналыстар өткізді. 17 жиналыс өткізілді. 
Қаланы көркейту бойынша жұмыстардың мына түрлері орындалды: Қала тұрғындары үшін жайлы орындар құру үшін, 2016 жылы Орталық алаңдағы жарық-әуенді субұрқақа пайдалануға берілді. Жоба бойынша орындалған жұмыстардың жалпы құны 205,9 млн теңгені құрайды. 
«Қаланың орталық бөлігін көркейту» - қаланың орталық бөлігін көркейтужөніндегі жұмыстардың жалпы құны 268,8 млн теңгені құрады. 2016 жылға арналып бөлінген сома – 180,6 млн теңге. Бүгінгі күні 147,1 млн. теңге қаржы игерілген. Осы жұмыстардың жабдықтаушысы «ЖАСА» әлеуметтік-өндірістік кәсіпорны» ЖШС болып табылады. 
Осы жоба бойынша мына жұмыстар орындалды: 2980 шаршы метр жерге төсемтастар, поребрик-1015 м, 820 метрге жиектастар төселді, 60 дана ағаштар құлатылып, Абай, Интернациональная көшесінде 60 дана шырша отырғызылды,
Work out алаңшаларын жайластыру – осы жобаның жалпы құны – 23,1 млн. теңге. ТКШ бөлімімен алаңшаларды орнату жұмыстары басталды. 
Саябақтарды, скверлерді және алаңдарды күтіп ұстау- 32 бірлік парктер, саябақтар және алаңдар ұстау жұмыстарымен қамтылған. Осы жұмыстарды «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын атқарады. Кәсіпорын күн сайын көгалдарды шабу, жасыл аумақты жинастыру, қоқысты тазалау, жаяужолдарды сыпыру, жасыло аумақтарды суару, гүлзарлар егу, жасыл қорғандарды қырқу, жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындайды.
Ядролық полигонның жабылғанына 25 жыл толуына байланысты, ТҮКШ бөлімі Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті» монументін ағымдық жөндеу жұмыстарын орындады.31000 шаршы метр алаңда төсемтасты ауыстыру, аспалы шамдардың қалпақтарын (парк аумағының жарығын) ауыстыру, екі стелла жөндеу, көгалдар егу жөніндегі жұмыстар орындалды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. 
Қаланың көше жарығын ұстау және жөндеу – қалада қашықтығы 400 шақырым болатын көше жарығының электр таратушы кабелдік және әуе желілері және 7311 жарық көздері бар. Көше жарығының шамдарын ұстау жөніндегі жұмыстарды «Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» ЖШС орындайды. Осы кәсіпорын жарық шамдарын орнату, кабель тарту, топырақты өңдеу, кабель үшін төсем жайластыру, жанып кеткен сымдарды ауыстыру, кабель желілерінің бүлінген телімдерін ауыстыру, жарық шамдары жұмысының жай-күйін тексеру, жарық шамдарға техникалық қызмет көрсету, жарық шамдарын ауыстыру, жанып кеткен шамдарды ауыстыру, сымдарды қайта тарту, тіреуіш бағандарды ауыстыру, тіреуіш бағандарды түзеу, цокольдарды бояу, тамақтану пункттерін жөндеу, тіреуіш бағандардың металл бетін бояу, іргесін бояу, муфталарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Көше жарығын ағымды жөндеу – «Семей қаласының көпсалалы пайдалану кәсіпорны» ЖШС Сәтпаве көшесі (Загородная көшесінен Контрольный кентіне дейін)  бойынша көше жарығын ағымды жөндеу жұмыстары орындалуда. Бүгінгі күнге барлық көше жарығының темір беитонды бағандары орнатылды. Шамдар, СИП сымдары кәсіпорынның қоймасында бар. Жұмыстың аяқталуы келісім-шартта көрсетілген мерзімге сәйкес орындалады. 
Көгалдарды күтіп ұстау жұмыстары –көгалдарды шабу, көгалдарды өсімдік топырағын қоспастан егу, көгалдарды суару-жуу машинасымен және суару құбырымен суару жөніндегі жұмыстар жалпы алаңы 38 мың шаршы метр жерде орындалды. Бөлінген ақшалай қаржы толығымен игерілді. 
Семей қаласында гүлзарлар жайластыру  – жалпы алаңы 24,0 мың шаршы метр жерге гүлзарлар егу жөніндегі жұмыстар орындалды. Қызғалдақ, петуния, қашқаргүл, георгина, изен, тагетис, раушан тұқымдарының гүлдері егілді. Гүлдерді шөптеу және суару жөніндегі жұмыстар күнделікті жүргізіліп отырды. Бөлінген ақшалай қаржы толығымен игерілді.
Белсенді демалу алаңдары – бөлім теңгерімінде 24 белсенді демалу алаңдары бар. ТКШ бөлімімен белсенді демалу алаңдарын ағымды жөндеу бойынша жұмыстары орындалды. Осы алаңдарда негізін сырлау, тренажерлардың бұрандаларын, резеңкелерін, ішінара бөлшектерін аусытыру жұмыстары жүргізілді. 
Ұйымдастырылмаған қоқысты шығару – 2016 жылы ұйымдастырылмаған қоқыс оырндарын шығару үшін 9 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге 3704 м3 қоқыс шығарылды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. 
Павлодар тасжолы, Қарағайлы ықшамауданы, Бөгенбай батыр көшесі, татарлар зираты жанындағы Киров көшесі, Титов көшесі, Алматы тасжолы,  понтонды көпір, Комсомол кенті, Аягузская көшесі, Восход кенті, Шығыс кентіндегі Жомартбаев көшесі, Шығыс кенті Декоративная көшесі, Шығыс кентіндегі Ертіс өзені жағалауы, Еврейлер зираты, Ильяшев көшесі, 80,  Речников,  Титов, Лебаева, Иртышская, Зайсанская, Достық, Усть-Каменогорская, Сәтпаев көшелері, Полковничий аралындағы (тұрғын үйлер маңы), Павлодар тасжолының 3-ші км зират, Краснопильщик көшесі, «Нептун» дүкені ауданы, Кирпичный кенті. 
Көркейту және көгалдандыру іс-шаралары осы мақсат үшін қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылады. 
Жұмыстар жасалған келісім-шарттарға сәйкес, өткізілген конкурстар негізінде орындалады. Жұқмыс өндірісінде кестеден қалу байқалған жоқ. 
Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және бөлу жөніндегі секторы
Аталған кезеңде мынадай жұмыстар жүргізілді:
Көрсетілген  кезең ішінде  заңды және жеке тұлғалардан  орындауға 529 құжат келіп түсті. Барлық өтініштерге белгіленген мерзімде жауаптар жіберілді.
Қала әкімдігімен тұрғын үй беруге қатысты, қызметтік есебінен шығару және т.с.с  қала әкімнің 144 қаулысы дайындалып, рәсімделді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтержалдауға (жалға алу) 171 келісім-шарт жасалды, жалға алу келісім шарттарына 257 қосымша келісімдер жасалды
Қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының 47 отырысы, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді беру бойынша комиссиясының 12 отырысы өткізілді. 
Тұрғын үй комисссиясының отырысына мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үйді меншікке алу бойыша азаматтардың 102 ісі тексеріліп, 92 тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісім шарт дайындалды.  
Есептік жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үйді алуға азаматтарды есепке алу   - 1669, коммуналдық  тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тұрақты қолдану немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді, мемлекеттік кәсіпорын нмемсе мемлекеттік мекеме қорынан тұрғын үйге мұқтаж азматтарда тұрғын үй бар (жоғы) туралы анықтамалар берілді - 268.  
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік тұрғын үйді алуға азаматтарды есепке алудан бас тартылды – 230. 
 
 
 
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі
 
 

 

Көркейту және ТКШ 2015 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2014 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2013 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2012 жыл

 

Көркейту және ТКШ 2011 жыл

Өңдеу күні: 15-04-2017