Акимат » Семей қаласындағы ветеринария туралы 2016 жылға

Семей қаласындағы ветеринария туралы 2016 жылға

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, адамдар денсаулығын жануарлар  мен адамдарға    ортақ аса қаіпті аурулардан қорғау, сонымен қатар қала және ауылдық округтер аумағында эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 2016 жылға қалалық бюджеттен 78,5 млн. тенге және энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша облыстық бюджеттен 16,7 млн. тенге қаражат бөлінген. 

2016 жылдың басынан  келесі ветеринариялық-алдын алу  іс-шаралар жүргізілді:

р/н

Ветеринариялық іс-шараның атауы

МІҚ

МҰМ

Жылқы

Шошқа

Ит, мысық

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар

1

Сібір жарасына қарсы егу

53,6

178,0

23,0

1,0

 

2

Аусылға қарсы егу

113,8

190,0

 

 

 

3

Асылға қарсы қайта егу

67,8

418,4

 

 

 

4

Құтырмаға қарсы егу

25,0

50,0

8,0

 

12,4

5

Қарасанға (Эмкар) қарсы егу

37,0

 

 

 

 

6

Пастереллезге қарсы егу

12,0

20,0

3,0

10,0

 

Диагностикалық зерттеу

1

Бруцеллезге серологиялық тексеру

65,7

167,3

0,19

0,6

0,15

2

Туберкуллезге аллергиялық тексеру (алғашқы)

100,0

 

 

 

 

Бруцеллез ауруына диагностикалық тексеру кезінде оң нәтиже көрсеткен: мүйізді ірі қара – 306 бас, ұсақ мүйізді малдар – 282 бас, «Ақшың» ЖШС мал сою пунктінде уақытында сойылып, «Семей ет комбинаты» ЖШС – не келісілген екі жақты мемарандум негізінде тапсырылды.

2016 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою үшін жергілікті бюджеттен – 12,6 млн. теңге бөлінді.  Бөлінген қаражатқа – 6 132 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып жойылды.

Қала және ауылдық округтер бойынша 2 мал сою пункті, («Ақшың» ЖШС және ет өңдеу өндірісі «Семей ет комбинаты» ЖШС), 14 мал сою алаңы және ауылдық округтерде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай18 типтік мал қорымдары  бар.

11 ауылдық округте ветеринариялық пункттер ашылып барлық керек жарақ құрылғылармен, атрибуттармен, кеңсе жиһаздарымен, компьютерлермен және интернет желісімен жабдықталған.

Семей қаласы және ауылдық округтар өңірінде 24 сібір жарасының көмінділерінде 34 сібір жарасының ошактары көмілген. 2016 жылы сібір жарасы  көмінділерінің шекарасының координаттарын, координаттардың қайталанған нүктелерін спутник арқылы анықтауға, сібір жарасы көмінділерінің қоршауына,  жер-кадастрлық қыметіне және жерге орналастыру жұмыстарына қалалық бюджеттен барлығы – 15 700 мың теңге қаражат бөлінген. «Шығысгеодезия» – 2400 мың теңге, «ЖерҒӨО» РМК – 3262,5 мың теңге, қоршауға – 6399 мың теңге, барлығы – 12061,5 мың теңге қаражат  игерілді. Бүгінгі күні барлық 24 сібір жарасы көмінділерінің қоршауы бекітілген Санитарлық ережеге сай және «Сібір жарасы. Қазуға тиым салынған» деп жазылған тақтайшалар орналастырыған.  Бұдан басқа көміндінің маңайы қала әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің қаулыларымен Санитарлық ережеге сәйкес 1000 метр санитарлық-қорғау аймағы орналастырылды.

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына сәйкес қаланың ветеринария бөлімі келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарына ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» - 55 қортынды берілді;

- «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» - 50 есептік нөмір;

-  №1, № 2 және № 3 үлгідегі барлығы – 8 420 дана «Ветеринариялық анықтама» берілді.

- «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіріп,   ветеринариялық құжаттарын беру» - 121 715 қызмет.

2016 жылы бөлім мамандары, қала тұрғындарынан түскен  шағымдары бойынша,  бақылаудағы 37 нысандарға тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесіне байланысты 14 нысан ветеринариялық заңдылықты сақтамағандықтары анықталып, 657,4 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы қала және ауылдық округтер бойынша эпизоотиялық ахуал қалыпты және қаланың ветеринария қызметінің үнемі бақылауында.

Ветеринария бөлімі

 
 

 
Семей қаласындағы ветеринария туралы 2015 жылға 
Өңдеу күні: 15-04-2017