Акимат » 2016 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2016 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2016 жылға Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 161 201,2 млн. теңгені құрады (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 127 044,5 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 102,8%. 

Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 20 149,0 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 121,8% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 16 621,1 млн.теңге), нақты көлем индексі – 94,6%. 

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 121 973,9 млн.теңге көлемінде өнім өндірілді (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 93 301,6 млн.теңге), нақты көлем индексі – 103,5%.

 Аграрлы секторда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 28 968,4 млн. теңгені құрады немесе өткен жылғы сәйкес деңгейге 108,6% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 25 755,0 млн.теңге). НКИ – 104,7%.

Ет өндірісі 17,8%-ға (25 003,1 тоннаға қарсы 29 442,6 тонна), сүт өндірісі – 1,0%-ға (34 453,6 тоннаға қарсы 34 805,8 тонна), жұмыртқа саны – 1,6%-ға (2 866,8 мың данаға қарсы 2 931,9 мың дана шығарылды) артты.

Ірі қара мал басы 7,3%-ға (47 580 басқа қарсы 51 055 бас), жылқы – 10,2%-ға (26 605 басқа қарсы 29 306 бас), құс басы 10,3%-ға артты (1 159,5 мың басқа қарсы 1 278,4 мың бас), қой мен ешкі басы – 17,0%-ға (119 400 басқа қарсы 99 105 бас), шошқа басы 10,1%-ға (892 басқа қарсы 802 бас) төмендеді. 

2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1 196 бірлікті құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 105,1% (1 138 бірлік). 

Бөлшек тауарайналымының көлемі 160 421,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 119,2% (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 134 564,0 млн.теңге) құрады, НКИ – 105,2%. 

2016 жылдың қаңтар-желтоқсанда қалаға 47 264,1 млн. теңгеге қарама қарсы  46 861,6 млн.теңге инвестиция тартылды. НКИ – 89,0%.

 Құрылыс жұмыстарының көлемі 22 793,0 млн.теңге, бұл өткен жылдан 3,0%-ға төмен (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 23 502,5 млн.теңге). НКИ – 91,9%-ды құрады.  

82 960,0 ш. м. тұрғын үй енгізілді (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда            80 394 ш.м.). 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті өткен жылдың осындай мерзіміндегі 13 488,1 млн.теңге қарсы                     14 841,2 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,0%.

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайына тіркелген жұмыссыздар саны 580 адамды құрады (2015 жылғы 1 қаңтарға – 580 адам). 

2016  жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аз қамтылған азаматтарсаны 1687 адамды құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 12 адамға аз (2016 жылы  – 1699 адам).

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы  106 230 теңгені құрап, 2015 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 12,2%-ға артты (93 481 теңге). 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 

 

2015 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

 

2014 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

 

2013 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

 

2012 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

 

2011 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

 

 

Өңдеу күні: 16-10-2017