Акимат » Семей қаласында тілдердің дамуы 2016 жыл

Семей қаласында тілдердің дамуы 2016 жыл

Қаладағы тілдерді дамытуға байланысты іс-шаралар Қазақстан Республикасының   «Тіл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы бекіткен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», облыс әкімдігінің 27.02.2014 жылғы №41 қаулысына, қала әкімдігінің 11.04.2014 жылғы № 472 «Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың  2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014–2016 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға арналған іс–шараларды ұйымдастыруға 2016 жылы – 1,6 млн. теңге бөлінді. 
Мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша – 35 іс – шара өткізілді. Оның 3-і республикалық, 8-і облыстық шара. 
Мәселен,  үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  «Тілдарын» конкурсы, өзге ұлт жастары арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» сайысы,  өңірлік БАҚ арасында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары»  атты байқау, өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуден «Тіл-халық жанын танудың  кілті» олимпиадасы, «Қазақстанның-болашағы қазақ тілінде» тіл фестивалі,  «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір!» атты тілдер шеруі, «Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында ақындар айтысы, орыс тілді балабақша тәрбиеленушілері арасында «Біз қазақша сөйлейміз!» сайысы, «Мақсұтым- тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты дәстүрлі Абай оқулары, О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары, «Ұлттық тегіміз- ұлттық нышанымыз», «Сауатты жарнамы-сауатты тіл» айлықтары, теміржол саласы қызметкерлері арасында «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» байқауы өткізілді.
Қаламызда 2013 жылдан бастап қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытатын «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс жасайды. Штат саны -7 бірлік. Қаржыландыру жергілікті бюджеттен  2016 жылы 8 млн. теңге. 
2014 – 2015  оқу жылдары мемлекеттік тілді оқыған тыңдарман саны –               363 адам болса,  2015 – 2016 оқу жылы – 392 адамды құрады. 
Достық үйі жанындағы 18 этно-мәдени орталықтың төртеуінде (кәріс, неміс, еврей, татар)  ұлттық тілдерін  оқыту мақсатында жексенбілік мектептер ұйымдастырылған. 
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылда «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сынақ  өткізіледі. Сынақты     2014 – 2015 оқу жылы 49 адам тапсырып, 23-і сертификатқа ие болса, 2015 – 2016 оқу  жылы  55 адам мемлекеттік тілді жетік білетіндігін растайтын сертификатқа ие болды. 
Сондай - ақ, Семей қаласының 2016 – 2020 жылдарға арналған аумақты даму бағдарламасының мақсатты индикаторлары жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі: 2016 жылы – 79 %.Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 5, 5%.2016 жылы қосылған жаңа индикатор-үш тілді меңгерген тұрғындардың  үлесі – 5, 3 %.
Қала әкімінің аппараты мен дербес бөлімдердегі құжат айналымының мониторингіне сәйкес, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлес - салмағы 2014 жылы – 99, 8 % болса, 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 99,9 % құрайды. 
Семей қаласының тәуелсіз  талдау  орталығының («Коновалов и компания- Социологический центр») тұрғындар арасындағы әлеуметтік сауалнама қорытындысына сәйкес,  тіл мәселесі проблемалық  ондықтар қатарынан түскен. Өзге ұлт өкілерінің 2 % қазақ тілін өз ана тілі деп санайды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы бекіткен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» екінші кезеңінде белгіленген көрсеткіштерін  Семей қаласы әкімдігі  толығымен орындады.
2017 жылы мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндер аясында мәдени-көпшiлiк iс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін қамтамасыз ету, тың жобаларды жүзеге асыру, мәдениет мекемелерінің материялдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады.
2017 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  Орталық  мәдениет және демалыс саябағының және Приречное ауылдық клубын қайта жандандыру мәселелеріне қатысты жұмыстар жоспарлануда.
 
 
Мәдениет және тілдерді бөлімі
 
 

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2015 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласында тілдердің дамуы 2011 жыл

Өңдеу күні: 19-04-2017