Акимат » Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы Жолдауымен сөз сөйледі. 
Семей өңірінде қала әкімінің орынбасары бекіткен, құрамына қоғамдық, кәсіподақтық, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары кіретін, 601 адам қамтылған 67 ақпараттық-насихаттау тобы құрылған, 61 мың 160 адам қамтылған 669 кездесу өткізілді, бұл тұрғындардың 18 % құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың     2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспары және медиа-жоспар дайындалды. Ақпараттық-насихаттау топтарының ауылдық округтерге және дербес бөлімдер басшыларының қаланың ұйымдары мен мекемелеріне ағымдағы жылдың бірінші, екінші, үшінші және төртінші тоқсандардағы іссапар кестесі әзірленді. 
Ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерінің дәріс берушілеріне арналған әдістемелік материалдар әзірленіп таратылды.  
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына арналған 33 баннер жасалып, қала көшелерінде орнатылды.
Қаланың ЖОО мен колледждерінде 5,6 мыңнан астам студент жастар қамтылған 64 кездесу өткізілді.
Қаланың 50 емдеу мекемесінде 4 200 медициналық қызметкерлер қатысқан ұжымдық жиналыстар өткізілді. Қаланыңбілім беру мекемелеріндегі 59кездесуге  5 550 педагог қатысты. 
Бөлім басшылары бекітілген кестеге сәйкес Ертіс, Знаменка, Достық және Жиенәлі ауылдық округтерінде іссапармен болып қайтты. Қалалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қорғаныс істері басқармасында, аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, жұмыспен қамту орталығында, «Теплокоммунэнерго» МКК, № 5111 мен 36803 әскери бөлімдерінде, ішкі істер басқармасында және басқа де ұжымдарда  Президент Жолдауын түсіндіру бойынша сөз сөйледі.
Қаланың өнеркәсіп орындарында, атап айтқанда «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Семей асбестоцемент бұйымдары зауыты» ЖШС еңбек ұжымдарында бірқатар жиналыстар өткізіліп, оған жалпы 770 адам қатысты. Қала бизнесмендерінің  қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріменк  ездесуөтті.
Республикалық ақпараттық-насихаттау тобыныңө кілдері «Қаражыра» ЖШС, «Семаз» ЖШС, Достық үйінде, қаржы колледжі мен басқа да ұжымдарда бір мыңнан астам адамды қамтыған бірқатар кездесулерді өткізді. 
Қаланың бюджеттік ұйымдарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша стендтер орнатылды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары 2600-ден астам адамды қамтыған 18 кездесу өткізді. 
Бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен Президент Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді.
Газеттерде «За строкой Послания», «Семейчане  о Послании», «Елбасы Жолдауы – халық қолдауы», «Ел мен жер», «Қала тынысы», «Әлеумет» атты айдарлар ашылған. «Семей» және «ТВК - 6» жергілікті телеарналарында Президент Жолдауы түсіндіру жұмыстары турақты түрде жарияланып отырады.
 
 
 
 
Өңдеу күні: 11-01-2018