Акимат » Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы ереже

Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы ереже

 

Қала әкімдігінің

2006 жылғы «10» наурыздағы

№ 251

қаулысымен бекітілді

 

 

Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1.  Жалпы ережелер

1. Семей қаласында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелеріне тиісті құқықтарды беру жөніндегі материалдарды қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі мәтін бойынша - Комиссия) жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған, қала әкімдігі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жұзеге асырады.

3.    Комиссия өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комиссия мәжілісінің хаттамасымен ресімделген қорытынды береді.

4.  Комиссия қала әкімдігінің қаулысымен құрылады. Қала әкімі Комиссияның жеке құрамын мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне усынады.

5. Комиссия төраға, төраганың орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары қатарынан, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары органдарының өкілдері бар құрамда құралады. Қала әкімдігінін карауы бойынша комиссия құрамына баска адамдар кіргізілуі мүмкін.

6.   Комиссия өз қыгзметінде жергілікті атқарушы орган- әкімдік алдында жауапты.

7.   Комиссияның қызметі заңдылық және өз іс-әрекеті мен кабылданатын-шешімдері үшін жауапкершілік принциптеріне негізделеді.

2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары және өкілеттігі

8.    Қомиссияның негізгі міндеті жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру жөніндегі материалдарды қарау болып табылады.

9.  Комиссия мынадай функцияларды атқарады:

1) өтініш берушіде басқа жер учаскесінің болуын немесе болмауын анықтайды (бау-бақша, саяжай құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер учаскелері бойынша);

2)  сұралған жер учаскесін пайдалану құқығын анықтайды;

3) жер учаскесін пайдалану мақсатын, оның болжамды мөлшерін анықтайды;

4) сұралған жер учаскесінде орналасқан мүлікке құқығын белгілейтін құжаттардың бар-жоғын анықтайды;

5) қала әкімдігінің қарауына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындайды;

6) жер учаскесін беру мумкіндігі туралы қорытынды, сондай-ақ жер учаскесін беруден бас тарту туралы қорытынды береді.

10.   Комиссия:

1)  өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті материалдарды сұрауға және алуға;

2)                қаралатын учаске материалдарына келісу қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдар мен мекемелердің мамандары мен кызметкерлерін тартуға;

3)жер қатынастарына қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымдардың қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге уәкілетті.

 

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

11.Комиссия төрағасы Комиссия жұмысын басқарады және өзіне жүктелген міндеттер мен борыштың орындалуына толық жауапкершілікте болады, Комиссияның мәжілісін жүргізеді, хаттамаларына қол қояды.

12. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмысына қатысады, өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікте болады, Комиссия мәжілісіне материалдар дайындауды жүзеге асырады, іс қағаздарын жүргізеді, Комиссия хаттамаларын жасайды және оларға қол қояды. Комиссия жер учаскелерін беру жөніндегі қорытынды шыгарганда, хатшыда дауыс беру құқығы болмайды.

13.  Комиссия мүшелері комиссияның жұмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікте болады.

14.Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, келіп үскен өтініштерге сәйкес.

15.Комиссия өзінің корытындыларын ашык дауыс беру жолымен мәжіліске қатысып отырган мүшелерінің жалпы санының нәтижелері бойынша көпшілік дауыс шығарады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

16 .    Комиссия қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол кояды. Хаттамада мыналар:

1) Комиссияның атауы және жеке құрамы;

2) Комиссия мәжілісінің күні мен орны, қаралган материалдар катысты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

3) өтініште баяндалған сұраныс;

4) Комиссия қорытындысы қандай жағдаят негізінде қабылданғаны;

5) Комиссия қабылдаған қорытынды көрсетіледі.

17.  Мәжіліс хаттамасынан жасалған, Комиссияның бас тартқан корытындысы бар үзінді көшірме, мәжіліс өткен куннен бастап жеті күндік мерзімде өтініш берушіге беріледі.

18. Қаралған материалдар бойынша Комиссия кабылдаған корытындыға қатысты адам, бұл жөнінде заңнамамен белгіленген мерзімде шағымдануы мүмкін.

Комиссия қорытындысы жөнінде шағымдану мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

19. Комиссия мәжілісі егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқан жағдайда заңды болып саналады

20. Комиссия қызметін бақылауды жергілікті атқарушы орган өзі мәжілістерінде Комиссия ұсынған материалдарды қарау жолымен жүзеге асырады.

4. Комиссия материалдарын қарау тәргібі

21. Комиссия жеке және заңды түлғалардың жерге меншік құқығын және жер пайдалану қүқығын беру мәселесі жөніндегі қолдаухаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

22. Комиссия мәжілісін дайындау:

Комиссияның карауына келіп түскен материалдарды уақытылы және дұрыс қарау мақсатында, оларды алдын ала Комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары зерделейді.

23. Комиссияның қарауына түскен өтініштері алдын ала зерделеу барысында мыналар анықталады:

1) осы материалдарды қарау оның құзыретіне жататындығы;

2) Комиссия мәжілісіне шақыртуға немесе қатыстыруға тиісті адамдар.

24. Материалдарды алдын ала зерделеу нәтижесі бойынша

Комиссия:

материалдарды қарауға тағайындай алады және өтініш берушіге немесе оның заңды өкілдеріне, мәжіліске қатысуы міндетті деп танылған басқа адамдарға мәжілістің күні мен орны туралы хабар бере алады;

материалдарды қосымша өңдеуге жібере алады.

5. Комиссия қызметін тоқтату тәртібі

25. Комиссия қызметін тоқтату негіздері:

1) Комиссия жүктелген міндеттердің орындалмауы;

2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе өзге консультативтік кеңесші органның кұрылуы;

3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орындалуын колайсыз ететін өзге жағдаяттар болып табылады.

Өңдеу күні: 10-10-2017